6М050600 экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан



бет1/5
Дата19.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#10653
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Экономика және менеджмент кафедрасы


6М050600 экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан

қабылдау бағдарламасы

Орал - 2015ж


  1. Кәсіпорын экономикасы

  2. Менеджмент

  3. Маркетинг

  4. Кәсіпкерлік



Кәсіпорын экономикасы

1. Тақырып: Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы.

Мазмұны: Ұзақ мерзімдік келешектегі ҚР экономикасының дамуының негізгі бағыттары. ҚР экономикасының қазіргі салалық құрылымы және оның негізгі бағыттары, олардың жіктелінуі. Нарықтық қатынастар құру жағдайындағы Қазақстан Республикасының құрылымдық мемлекеттік саясаты: ұзақ мерзімдік мақсаттар және жүзеге асыру стратегияларының басым бағыттары. Қазақстн Республикасының сыртқы экономикалық келіссөздері: ашық экономика және еркін саудалар құру. Өнеркәсіп және оның әлуметтік-экономикалық қоғам дамуындағы рөлі. Өнеркәсіптің салалық құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлары. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.Өнеркәсіпті орналастыру принциптері, өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы өндірісті орналастыру ерекшеліктері. Өндірісті орналастыруды экономикалық негіздеу әдісі. Өнеркәсіп объектілерін орналастырудың экономикалық тиімділігін бағалау критерилері және көрсеткіштері.

2.Тақырып: Экономиканы мемлекеттік реттеу.

Мазмұны: Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері. Экономикаға мемлекеттің араласуының шектеуліктер.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық ырғағы: салықтар, бағалар, еңбек ақы, экспорт пен импортты лицензиялау, кедендік ереже, қаржылық және несиелік қатынастар, амортизациялық саясат. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің формалары және әдістері жүйесіндегі Қазақстан Республикасының Салық Кодексі. Дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері. Бәсекелік қалыптастырудың экономикалық негіздері. Бәсекелік мінез – құлық түрлері және фирманың бәсекелік стратегиясы.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және бәсекелік. Жеке инвестицияларды кәсіпкерлік ынталандыру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік стратегиясы.

ҚР тұрғындарын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Өнеркәсіпті жоспарлы реттеу. Дамыған елдердегі жоспарлау тәжірбиесі (индикативтік, статегиялық жоспарлау, бағдарламалар, жоспарлар формасы ретіндегі болжамдар). Жоспарлаудың салалық ерекшеліктері.

3. Тақырып: Шаруашылық жүргізу обьектісі ретіндегі кәсіпорын.

Мазмұны: Кәсіпорын – нарықтық қатынастарды негізгі тасымалдаушы ретіндегі өзбетінше шаруашылық субьектісі. Кәсіпорынның басты міндеттері. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес барлық кәсіпорын түрлерінің қызмет етуінің негізгі принциптері. Кәсіпорын қызметін лицензиялау. Кәсіпкерлік құқы және кәсіпорын міндеттері. Меншік формалары бойынша кәсіпорын түрлері. Негізгі және қосымша белгілері, ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпорындардың жіктелінуі. Кәсіпорындар құрылымы. Банкроттау түсінігі және белгілері. Банкроттауды таңдау стратегиясы және оны болдырмау. Кәсіпорынды банкроттауды жариялау тәртібі. Қиыншылық және банкроттық кезеңдегі кәсіпорынды басқару және реконстукциялау. Кәсіпорынды сауықтыру, қайта құру және жою.

4.Тақырып: Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

Мазмұны: Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштер жүйесі. Өндіріс қызметтердің тиімділік көрсеткіштері. Өтімділік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері. Базалық салыстыруды таңдау. Күрделі қаржы салу есебі және жанама салалардағы тиімділік. Уақыт факторын есептеу әдістері (ақша ағымдарын дисконторлау). Күрделі қаржы салымдарының экономикалық тиімділігін анықтау. Таза ағымдық құндылық және ішкі табыстылық нормалар көрсеткішінің сипаттамасы. Варианттарды салыстыру жағдайындағы сапалық талдау. Өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлар.

5.Тақырып: Негізгі капитал.

Мазмұны: Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы. Кеңейтілген ұдайы өсімдегі негізгі қорлардың ролі. Ұдайы өсім формалары және негізгі қорларды жетілдіру. Негізгі капиталды жаңарту формасы ретіндегі лизинг.

Өндірістік және қаржылық лизинг. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Салық есептеудегі негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта бағалау. Нарықтық қатынастар құру жағдайындағы Қазақстан Республикасының амортизациялық саясаты. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары.



6.Тақырып: Шикізат, материалдар және отын – энергетикалық ресурстар.

Мазмұны: шикізат, материалдар және отын – энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазба запастарының шикізат базасы және оны дамыту бағыты. ҚР энергетикалық ресурстарды пайдалану. Материалдық ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдары. Шикізат таңдауды экономикалық негіздеу, шикізатты алғашқы өңдеу және байытудың экономикалық тиімділігі.Өндіріс қалдықтарын өңдеу және шикізатты кешенді пайдалану.Материалдық ресурстарды пайдаланудың көрсеткіштері және талдау тәсілдері.

7.Тақырып: Айналым капиталы.

Мазмұны: Кәсіпорынның айналым қоры, олардың құрамы және құрылымы. Айналым қорларын пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

Айналым капиталы: құрамы және құрылымы. Айналым капиталын қаржыландыру көздері. Әртүрлі саладағы айналым құралдары құрылымының ерекшеліктері. Таза айналым капиталы түсінігі.

Айналым құралдарының айналымдылығы. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым құралдарының айналымдылығын жеделдетудің маңызы. Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау.

Өндірістегі айналым қорларының пайдалануды бағалау. Кәсіпорында айналым қорлары элементтерін үнемдеу. Кәсіпорындағы айналым құралдарын жасақтау және пайдалану. Айналым құралдарының айналымдылығын жеделдету факторы ретіндегі шарт жасасу және төлем тәртібін қатайту. Кәсіпорын жұмысының ақырғы нәтижелеріне айналым капиталын басқарудың әсер етуі.



8.Тақырып: Еңбек ресурстары.

Мазмұны: Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Еңбек қуаты және еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, жасақтау көздері. Еңбек қуатын жүзеге асыру формасы ретіндегі жұмыс бастылық. Кәсіпорын кадрларының құрамы және құрылымы.

Кәсіпорындағы кадрлар жұмысы. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы. Кәсіпорын тиімді қызмет ету үшін ұйымдық мінез – құлықтық маңызы және мәні.

Еңбек тиімділігі және оны өлшеу тәсілдері. Еңбек өнімділігін көтерудің факторлары.

9.Тақырып: Еңбек ақы.

Мазмұны: Еңбек ақының мәні және принциптері. Еңбек мотивациясы, жалақы төлемін дифференциялаудың экономикалық негіздері. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және жалақы төлеуді ұйымдастырудағы маңызы. Әлеуметтік партнёрлікті дамыту: басты, салалық және тарифтік келіссөз, ұжымдық шарт.Тарифсіз еңбек ақы жүйесі. Кәсіпорынның таза пайдасы және шығындарына қатынасу жүйесі. Кәсіпорын капиталына қатынасу жүйесі.

езервтері.

10.Тақырып: Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.

Мазмұны: Кәсіпорын қызметінің инвестициялық стратегиясы: мәні және құрылу принциптері. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау тәсілдері. Баламалы инвестициялық ұсыныстарды бағалау көрсеткіштері. Инвестициялық экономикалық тиімділігін анықтаудың әдістері. Қазақстан республикасының ғылыми – техникалық саясаты. Инновациялық (жаңалық енгізу): олардың табиғи және таратудың цикілділігі. Инновациялық және экономикалық мүдделердің өзара әрекеті. Жаңалық енгізуді инвесторлеу. Кәсіпорынның инновациялық мененджменті: мәні және міндеттері. Инновациялық стратегиялар: Қауіп – қатерлі және қауіпсіз. Инновациялық процес және инновациялық құрылым. Жаңалық енгізуді басқару. Венчурлық кәсіпкерлік. Ғылыми – техникалық альянстар. Инновациялық жобалар қоржынын жасақтау, мәні, принциптері және бағалау факторлары. Инновациялық лизинг.

11.Тақырып: Өндіріс және өнімдерді өткізу шығындары.

Мазмұны: Шығын түсінігі, құрамы және түрі. Тұрақты және өзгермелі шығындар. Өнімдердің өзіндік құн құрылымы және оның әртүрлі салалардағы ерекшеліктері. Кәсіпорын шығындарын құрайтын шығындардың жіктелуі. Өндіріс және өнімдер өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу әдістері. Өндіріс шығындардың анықтаудың шетелдік тәжірбиесі. Өндіріс және өнімдер өткізу шығындарын төмендетудің маңызы, көздері және факторлары.

12.Тақырып: Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі.

Мазмұны: Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік шешімдер үшін ақпарат, маркетингтік тәсіл. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру. Өндіріс ұйымдастыруға маркетингтің әсері және кәсіпорынның негізгі функциялары. Бәсекелік стратегиялар жасақтау. Саланы бәсекелік талдау. Кәсіпорын жағдайын талдау. SWOT – талдау. Кәсіпорыннның бәсекеқабілеттілігін салыстырмалы бағалау. Жоспарлаудың әдістемелік негізі. Кәсіпорын жоспарлары құрылымы. Өндіріс ішілік жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорында өнімдер шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру. Өнімдер өндіру бағдарламасын жасақтау ( зиянсыз болу нүктесі). Өндіріс және өнімдерді сату “аталған кәсіпорын жоспары тарауының” көрсеткіштері. Тапсырыстар қоржынын жасақтау. Өндірістік бағдарламалар көрсеткіштерін есептеу тәсілдері. Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау тәсілдері.

13 Тақырып: Өнімдердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Мазмұны: Өнімдердің бәсекеқабілеттілігі: түсінігі, оны көтерудің қажеттілігі. Ғылыми – техникалық прогресс стратегиясы және оның өнімдердің бәсекеқабілеттілігіне әсері. Ғылыми – техникалық күш – қуат және оның тиімділігін экономикалық бағалау.

Өімдер сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және оның деңгейін көтеру көрсеткіштері және жолдары. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия. Өнімдерді стандарттау. Өнімдерді сертификаттау. Бағалар ролі және өнімдердің бәсекеқабілеттілігін көтеру. Өнімдерге, жұмыстарға және қызметкөрсетуге бағалар түрі. Кәсіпорындағы баға жасақтау тетігі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.



14.Тақырып: Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы.

Мазмұны: Экономикалық стратегия түсінігі.Экономикалық стратегияны негізгі құрайтындар: тауар стратегиясы, баға қалыптастыру стратегиясы; Фирмалар және өндірістік ресурстар капиталының өзарақимыл көрсету стратегиясы; құнды қағаздар және ақшалар нарығындағы фирманың мінез – құлық стратегиясы; сыртқы экономикалық қызмет стратегиясы; өндірістік шығындарды төмендету стратегиясы; инвестициялық қызмет стратегиясы; персоналды ынталандыру стратегиясы, банкрот болдырмау стратегиясы. Экономикалық стратегияның локалдық мақсаты.Экономикалық стратегияны жасақтау кезеңдері.

15.Тақырып: Таза пайда және өндіріс рентабелділігі.

Мазмұны: Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жинақты көрсеткіштері ретіндегі таза пайда.

Кәсіпорын кірісін жасақтау және бөлістіру тәртібі. Кәсіпорын төлеуге тиіс салықтарға жалпы сиппаттама. Кәсіпорын кіріспе салық салу және оны бөлістіру. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі.Кәсіпорында таза пайданы көбейту резервтері. Кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші ретіндегі өндіріс рентабелділігі. Рентабелділік деңгейін көтерудің жолдары және кәсіпорынның ішкі резервтерін пайдалану.Кәсіпорында қаржылық қатынастарды туындату формалары. Кәсіпорындағы қаржылық қызметінің негізгі принциптері және ұйымдастыру бағыттары. Қаржылық тетік: құрамдас элементтер, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамыту. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары. Қаржылық жоспарлау. Кәсіпорында қаржылық ресурстарды жасақтау көздері. Қарыз құралдарын алу әдістері. Несиелер, оларды берудің негізгі принциптері. Қазақстан Республикасының Банкілік жүйесі.


Менеджмент

1.Тақырып. Басқару ғылымының пәні, әдісі мен міндеті.

Мазмұны: Берілген курстың мақсаты теориялық және практикалық материалдар, заңды және құқықтық құжаттар негізінде студенттерді басқарудың теориялық және практикалық аспектілері аумағында оқыту, басқару ғылымының мақсаты мен әдістері, пәнімен таныстыру.

Курстың міндеті – басқарудың әдістемесін зерттеу, басқару теориясының халықаралық тәжірибесін оқу, басқарудағы қоғам мен табиғат заңдарымен танысу; басқарудың негізгі заңдылықтарын анықтау.

Менеджмент теориясы мен практикасы курсы суденттердің келесі пәндерден алынған білімдеріне негізделеді: экономикалық теория, менеджмент негіздері, кәсіпорын экономикасы, қаржы, құқық негіздері және т.б.

Менеджмент теориясы мен практикасы пәні басқарушылық циклінің басқа курстары үшін базалық болып табылады: өндірістік менеджмент, стратегиялық жоспарлау, персоналды басқару, қаржылық менеджмент, коммерциялық менеджмент, инновациялық менеджмент, әкімшілдік менеджмент, жобаларды басқару, портфельді менеджмент және т.б.

Сонымен, жоғарыда қойылған міндеттерді шешу болашақ экономистердің, менеджерлердің және кәсіпкерлердің кәсіби дағдыларының түпкілікті қорытындысы бойынша үлесін және басқару аумағындағы негізгі білімдерін жетілдіруді көрсетеді. Дәрістерді оқу курстың теориялық ғылымдары шеңберіндегі практикалық сабақтармен, іскерлік ойындарды өткізумен, сонымен қатар студенттердің жеке сабақтар түріндегі өзіндік жұмыстарымен бірге жүргізіледі.

Қазіргі таңдағы менеджмент әртүрлі деңгейде белсенді түрде қарастырылатын және үдемелі тақырып болып табылады. Ол микро және макроэкономикалық саясаттың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Бүгінгі әлемде тәжірибе және әлемдік қоғамдастық экономиканың әр түрлі салаларындағы басқарудың теориясы мен тәжірибесін және жоғарғы деңгейде көңіл бөлумен зерттеуге бағытталған.

Экономикалық дамыған мемлекеттер ғылыми-техникалық дамуда және жаңалықтар енгізуде жоғары орын алуда .

Қазіргі таңдағы экономикада басқаруда дұрыс шарттарды құру барлық шаруашылық жүйелердің тиімді функциялануының алғы шарты болып табылады. Сондықтан, шетелдік мемллекеттер қатарында, соның ішінде Қазақстандағы басқару тауқыметтері мемлекетке, сонымен қатар жалпы қоғамға негізгі көңіл аударатын жалпы ұлттық идеялар болып табылады.

Пәннің негізгі бөлім мазмұны, барлығынан бұрын, студенттердің әлемдік және мемлекеттік экономикадағы теориялық-әдістемелік және ұйымдастыру тауқыметтері, нарықтық қатынастар шарттарындағы басқарудың теориясы мен тәжірибесі бойынша білімдеріне тоқталады. Негізгісі болып тұлғалардың тиімді серіктестігін қамтамасыз ету, басқарудың барлық механизмдерін ұтымды қолдану және қалыптастыру.

Берілген курсты оқытудың қажеттілігі басқарудың барлық адамзат шығармашылығының объективті тұтынуынан туындайды. Басқарудағы қоғамды бақылау деңгейі оның даму деңгейімен анықталады. Қоғамды, тірі табиғатты, машинаны, процестерді, сонымен қатар үй шаруашылығын және адам өзін-өзі басқаруы керек.

Бұл орайда, берілген курсты оқу бағдарламасына енгізу студенттерге жаңа философия мен басқарушылық ой-пікірлер тәжірибесін қалыптастыруда мүмкіндік береді.

Берілген курс тыңдаушыларда басқарудың негізгі теориялары бойынша комплексті білім қалыптастырады және оларды кәсіпорынның, қоғамның, мемлекеттің, нақты өміріндегі тәжірибеде қолдануына көмектеседі.

2.Тақырып. Басқарудың табиғаты және менеджмент эволюциясы.

Мазмұны: Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар, т.б.) басталған кезеңде пайда болды.

Менеджменттің пайда болу және даму тарихы 7 мыңжылдықты құрайды, сондай-ақ 5 басқару революциясынан тұрады. Ғылыми менеджменттің пайда болуы Ф.Тейлордың атымен байланысты. Ф.У.Тейлордың концепциясының негізгі қағидалары.Практикада қалыптасқан ескі дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасын құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу.Жұмысшыларды ғылыми белгілері бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу, оқыту.Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.Еңбекті бірдей бөлу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.20-жылдарда Тейлордың ізін басушы және “ғылыми басқарудың” белсенділері Генри Гантт Френк және Лилиан Гилбертьи, Эмерсон, Г.Форд, т.б. болды.3. Әкімшілік мектептің негізін салушы А.Файоль болды. Ол әкімшілік қызметті төрт элементке бөліп талдады. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау.А.Файоль әкімшілік басқарудың 14 принципін жасады.Әкімшілік мектептің өкілі Л.Урвин әкімшілік іс-әрекет аймағындағы Файольдың негізгі тұжырымдарын әрі дамытты. Яғни қазіргі кезге дейін өз өзектілігін жоғалтпаған формальды мекемені құру принципін жасау. Әкімшілік мектептің келесі өкілі болып М.Вебер табылады. Ол басты назарды мекемедегі билік құрылымы мен лидерлік проблемасын шешуге аударды.4. Мери Гаркер Фоллет және Элтон Мэйо адамгершілік қарым-қатынас мектебінің негізін салушылардың алғашқылары. Бұл мектептің көрнекті өкілдері болып К.Арджерис, Ф.Ферцберг, Р.Ликарт, Д.Макгрегор және т.б. табылады.Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын топтардың рөлін орындау, басқару практикасындағы топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау болып саналады.Психологиялық мектептің зерттеушілері былайша топшылайды: егер басшылар өз жұмыскерлеріне көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.Жапония мен АҚШ-тың басқару мектебі қазіргі кезде әлемдегі алдыңғы қатардағылардың бірі болып табылады, басқа елдерде өздерінің менеджментті дамытудың әр түрлі эталоны ретінде қарастырылады.Бұл 2 мектептің ұқсастықтары: екеуі де адам факторының белсенділігіне, инновацияға, шығарылған тауарлар мен қызметтер диверсификациясына көп көңіл бөлді, кәсіпорынның дамуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар жасап жүзеге асырады.Сыртқы ұқсастықтарына қарамастан бұл мектептер осы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектеседі.Еуропалық менеджмент әр түрлі мәдениетті ұстанады.Араб менеджменті ұлттық дәстүрді және құранды білуді талап етеді.



3.Тақырып. Басқарудағы қоғам мен табиғат заңдары.

Мазмұны: Ғылыми басқару ең алдымен қоғамдық өндірісте әрекет ететін заңнамалар мен негізгі заңдарды тану мен пайдалана білуді көздейді.Заң пайда болу арасындағы нақты қажеттілікті бір негізде көрсетеді.Заңдылық дұрыстықты, жүйелілікті көрсетеді, берілген пайда болулар тектен тек еместігін растайды. Басқару принципі – басқарушы жағдайдың объективті негізделуі, процесте басқару органдары басшылық ететін басқару қатынастары және олардың заңдылықтары.

4.Тақырып. Жүйелерді және оның құрамын анықтау.

Мазмұны: Жүйе – біршама шартты, абстрактылы ұғым. Сандық, байланыс, білім беру түріндегі жүйелер де болады. Жүйелердің біреуі физикалық, техникалық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке көлік немесе көлік кешені де, яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген нәрсенің өзі жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.Жүйелілік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып табылады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы туралы жазып және қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсеткен болатын. Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде» жүйеге былайша анықтама берген:«Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектілердің немесе кешенді комплекстер кешені болып табылады, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық». Ал, ағылшын тіліндегі бұл сөздікке «Рэндом-фоус» фирмасы жүйеге мынадай анықтама беріп отыр: «... белгілі бір саладағы білімнің немесе ойдың, реттелген және көлемді фактлердің, принциптердің және т.б. жиынтығы».Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жүйелердің алуан түрлі нышаны болады. Дегенмен, алуан түрлі бола тұрса да, бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге бөлуге болады:



  1. техникалық;

  2. биологиялық;

  3. әлеуметтік, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық.

Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты, әрі белгілі бір әдіспен өзара әрекеттеседі. Жүйедегі өзара әрекеттесу элементтердің арасындағы өзара байланыс арқылы көрінеді, ал бұлардың өзі заттық немесе ақпараттық болуы мүмкін.

Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекелеген элементтердің ұйымдасқан бірлестігі, ал оның бірлескен жеке бөлігі – жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылым. Әр деңгейдегі жүйе өзінің белгілерімен және ерекшеліктерімен ажыратылады. Алайда, олардың барлығы құрылымдық заңдылықты және жүйенің жоғары дәрежеде жұмыс істеуін көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген өндірістік бөлімшелер, басқару буындары атқаратын міндеттер жүйедегі жалпы түпкі саясатқа жетуге бағытталған.Ашық және жабық жүйелер.

Жүйенің негізгі екі типі болады: жабық және ашық.

Жабық жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, оның іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне біршама тәуелсіз. Мәселен, кәдімгі сағат-жабық жүйе болып табылады, өйткені оны бұрағанда тетіктері тоқтаусыз әрі дәл жүретін болады. Сағатта жиналған энергия көзі болған кезде, оның жүйесі қоршаған ортаға тәуелсіз.

Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар – бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер.

Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, оның өмір сүруі сыттан келетін энергияға, мәліметтерге және материалдарға тәуелді болып келеді. Сонымен қоса, сыртқы ортаның бейімделгіштігіне байланысты ашық жүйенің қабілеттілігі болады және де ол жүйенің одан әрі дамуына әсер етеді. Басшылар негізінен ашық жүйемен жұмыс істейді, өйткені барлық ұйымдар ашық жүйеге жатады.Ұйым сыртқы ортадан мәліметтер, капитал, адам ресурстары мен материалдар алады. Бұл компоненттер кіруші деп аталады. Түрлендіру процесінде ұйым осы компоненттерді өңдеп, оларды өнімге немесе қызмет көрсету үшін түрлендіреді. Бұл өнімдер мен қызметтер ұйымнан сыртқы ортаға шығатын компоненттер болып табылады. Егер ұйым тиімді жұмыс істесе, онда түрлену процесіне енетін компоненттердің қосымша құны пайда болады. Ал осының нәтижесінде, пайда, нарық үлесінің ұлғаюы, сатылатын заттардың көбеюі (бизнесте), әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру ұйымның өсуі секілді қосымша шығу компоненттерінің пайда болуына әкеледі.



5.Тақырып. Құрылымға қойылатын талаптар және оны анықтаушы факторлар.

Мазмұны: Менеджмент қызметі - өндіріс процесіндегі адамның қарым-қатынасына және оны басқаруға ықпал жасау кезеңіндегі немесе бағыт анықтайтын ерекше іс-әрекет түрлері.

Менеджмент функциясын жіктелу белгілері есебі бойынша қарастыру қажет (басқарудың өзіндік процесінің негізгілері және өндіріс процесінің өзін), соған байланысты жалпы және нақты қызметтерді ажыратады. Жоспарлау – бұл басқару процесінің бір кезеңі. Бұл кезеңде іс-қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да заттар. Сонымен бірге нақты жағдайлардағы ең тиіс әдіс-тәсілдер жасалынады. Стратегиялық жоспарлау – басшы қабылдаған іс-әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, ұйымның болашақта тиімді, ұтымды жұмыс жасау мақсатын қамтамасыз етуге қажетті ресурстарды белгілеу, анықтау, алу, оларды үнемді бөлу. Индикативтік жоспар – бұл мемлекет экономикасының даму және қазіргі жағдайын сипаттайтын индикаторларды, басымдылықтарды, міндеттерді қалыптастыру процесі, сонымен бірге белгіленген нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік және экономикалық процестерге мемлекеттік ықпалды ұйымдастыру. Бизнес-жоспар – бұл фирманың, ұйымның белгілі уақыт аралығында даму бағытын айқындайтын құжат.



Бизнес-план 3 негізгі қызметті орындайды:

    1. Кәсіпкердің белгілі уақыт аралығында нақты іс-қызмет нәтижесін бағалау құралы болып есептелінеді.

    2. Болашақ бизнес консепциясын жасау үшін қолданылады

    3. Қаражаттарды табу құралы.


6.Тақырып.Экономикалық мінез-құлықтың психологиясы.

Мазмұны: Жеке тұлғаның, меншік иесінің, бизнесменнің, акционердің, жалға алынған жұмысшының, делдалдық құырылымның психологиясы және олардыңшаруашылық субъектілерді басқарудағы қатынасы. Басқарудың әлеуметтік- психологиялық әдісі – жеке тұлғаның және ұжымның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін пайдалану, адамдарға еңбекке деген сапа – сазім қатынасын тәрбиелеу жолымен ықпал ету тәсілі.Әлеуметтік-психологиялық әдістер әлеуметтік және психологиялық ықпал құралдарына бөлінеді.

7.Тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері.

Мазмұны: Жеке тұлға – сапасы мен іс-қимылдарды белгілі есейгендікпен сипатталатын салыстырмалы тұрақтылықты адам жиынтығы.

Ұжым – бұл бір іс-қызметпен, бір мақсатпен байланысқан, ұйымдасқан басқару органы бар, жауапкершілігі бар еркін еңбектенетін топ.

Формальды топ – ресми ұйымдасқан топ (5-7 адам) әр жұмыскер қызметті реттеледі (звено, бөлім, басқарудың аппараты). Басшының еркімен құрылады.

Формальды емес топ – өз еркімен құрылған, психофизиологиялық қызығушылық негізінде құрылады.

8.Тақырып. Өндірістік құрылымы және басқару құрылымы, олардың фирма қызметінің нәтижесіне әсер етуі.

Мазмұны:Басқарушы кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына тура келеді. Қандай жұмыста болмасын барлық басқарушылар сыртқы элементтерге мұқият көңіл бөліп, зер салуы тиіс. Негізінен менеджменттің сыртқы орталарының бес түрі белгілі. Олар: сыртқы экономикалық орта, сыртқы технологиялық орта, сыртқы әлеуметтік орта, сыртқы саяси орта және сыртқы этикалық орта.

Сыртқы экономикалық орта элементтеріне: капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша; жұмысшы күші; баға деңгейі; жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы; сатып алушылар жатады.

Сыртқы технологиялық орта. Дүниеде кез келген коммерциялық кәсіпорын өмір сүруі үшін технологияның соңғы жетістіктері жайлы хабардар болуы тиіс, өйткені оның өзі өндіріс процесі ретінде де, жұмыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдалануы мүмкін. Технология өзгерген кезде, басты кадрлармен қамтамасыз ету тәсілі де белгілі бір дәрежеде өзгеріп отырады.

Сыртқы әлеуметтік орта. Әлеуметтік орта топтағы адамдардың көзқарасына, тілек-ықыласына, интеллигенттілігі мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады. Әр адам белгілі бір әлеуметтік құрылыстың компоненті болып саналады. Жүздеген жылдар бойы әлеуметтік дамуда бірқатар әлеуметтік сенімдер қалыптасты. Ал, мұнымен басқарушы санаспай тұра алмайды.

Бұлардың ең бастылары мыналар:



  1. жұмыс істегісі келетін адамдарда алуан түрлі мүмкіндіктер болатындықтан, сол мүмкіндіктерді пайдалану қажет.

  2. бизнеске сену және кәсіпорынның қожасы мен басшысын құрметтеу.

  3. бәсекелестіктің және бәсекелесу қабілетінің қажеттілігіне сену.

  4. адамдардың нәсіліне, діни сенімі мен нанымына қарамастан құрметтеу.

  5. меншік иелігіндегі билеушіні, оның білімін және саяси орнын құрметтеу.

  6. білімге сену және құрметтеу.

  7. логикалық процестерге, ғылым мен техникаға сену.

  8. болып жатқан өзгерістердің маңыздылығына және эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.

Сыртқы саяси орта. Саяси орта әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Саяси орта, саяси және үкімет басшыларының заң шығарушы орталығы болып табылады. Әрбір ұйымдағы басшыны түрлі заңдар, қаулылар, әртүрлі комиссиялар, ресми жарлықтар, сот шешімдері шырмап алады. Барлық ұйымдағы басшылар әдетте шешім қабылдар алдында заң кеңесшілерімен ақылдасады.

Сыртқы этикалық орта. Этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі болып табылады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады. Бірақ заңдарда толық қарастырылмайды және толық қарастырылуы мүмкін емес. Көптеген салаларда этикалық талаптар жетілмегендіктен, заң жүзінде

9. Тақырып: Менеджменттегі жоспарлау.

Мазмұны: Барлық басқару қызметінің ішінде жоспарлау ең елеулі болып саналады, өйткені мұның өзі кез келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негізгі қызметтердің бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт қызметі түрінде (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай – ақ жоспарға сәйкес көздеген мақсатқа жету үшін бақылайды.

Жоспарлау процесінің өзі төрт кезеңнен тұрады:



    • жалпы мақсатты ойластыру;

    • белгіленген біршама уақыт кезеңі (2,5,10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;

    • оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;

Ірі бағдарламаны шешкен кезде кезеңдері мен жоспарлануы біршама ауқымды болады.

Мәселен, жоспарлаудың мынадай кезеңдері ажыратылады:



  1. бар мүмкіндікті бағалау;

  2. басты міндет немесе мақсат;

  3. жоспарлы ұсыныстар;

  4. баламалар, баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;

  5. баламаларды таңдау;

  6. қосалқы жоспарларды тұжырымдау;

  7. жоспарды цифр түрінде көрсету;

жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және дамытуға тырысады. Сондықтан да жоспарлардың сенімділігі бұрынғы нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді.

Мұндай сенімділікті қамтамасыз ету дәл бухгалтерлік есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін емес екендігі айқын.

Кәсіпорын әрқашанда жалпы нарықтың шағын бөлігі болып саналатындықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.

Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономиканың дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда нарық көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау соғұрлым оңай келеді. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.

Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін қажетті ақпараттар толық болмайтындықтан, кейбір деректер жетіспейтіндіктен, жоспарлау сапасы көбінесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.

Осыған орай жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдаланылуы, сонымен қоса жоспар жасағанда өзгеріс енгізілетіндігі ойластырылуы, ал жоспардың өзі жағдайдың өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс. Сондықтан да жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервтің тым көп болуы жоспардың дәлдігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер жоспарды жиі-жиі өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткіштерін нақты айқындау және оның орындалуын үйлестіру мен бақылау басшының иелігінде. Демек, кәсіпорынның жоспарлы жүйесі, кәсіпорынның сан алуан саласының қызметі бір-бірінен айқын шектелген, жекелеген жоспарлардан тұрады.

Қойылған мақсатқа жетуді көздеу үшін жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық маңызды учаскелерін қамтитындығын тағы да атап көрсетеміз. Мұның өзі барлық кәсіпорында қолданылады. Жоспарлаудың екінші сатысы – кәсіпорын учаскелері өндірісінің нақты бағыттары бойынша жоспар жасау. Онда жекелеген міндеттер қойылып, ақша, сондай-ақ сандық көрсеткіштері айқындалады.

Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (актив пен пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі, өйткені мұндайда негізгі бағыт өтімділікті – кәсіпорынның төлем қабілетін сақтау болып саналады. Әдетте, жекелеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер бойынша жасалады да, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша көрсеткіштерін есептейді.



10. Тақырып: Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде.

Мазмұны:Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрлымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

  1. Өкілеттілік – мақсатқа жету кәсіпорынның ресурстарын шектеулі қолдануға құқық береді. Делегирлеу - өкілеттілік басшыны қарамағындағы бағынушылардың еркін іс-әрекетке бөлісу процесі. Істі шешерде өз өкілеттіктерін немесе басқа да өкілеттіктерді беруі. Билік – бұл біреуге немесе бір заттарға иелік ету мүмкіндігі немесе қабілеті, тағдырға шешуші әсер ететін, құқы жайында немесе адамдардың іс-әрекетіне әртүрлі құралдардың түрімен мәжбүр етуі, беделі, құқы, еркі – ықпал жасауы. Басқару құрлымы – басқару органдары мен жеке қызметкерлерінің жиыны, олардың горизонтальді, вертикальді байланыстары және белгілі тәртіптегі бір-біріне бағыныштылығы.Басқару сатысының артында буындардың жиынтығы әрекет етеді, яғни ол басқару иерархиясының анықталған деңгейінде болады. Басқару буыны – бұл жиынтық және жеке қызметтерді орныдайтын жеке құрлымдық бөлім (бөлімше).

Басқару құрылымына келесі 3 фактор әсер етеді:

  • Басқару объектісіне қарым-қатынас арқылы әсер етуі;

  • Объективті (өндірістік)

  • Жеке басқарушылық.

Басқару құрлымын жетілдіру - тиімді, ұтымды ұйымдық құрлымдар құруға, қалыптастыруға бағытталған жұмыста шаралар жиыны.

11. Тақырып: Мотивация басқару функциясы ретінде.

Мазмұны:Әрекет етуге талаптанған адамдардың қажетін анықтау, әсресе маңыздылық ауқымын айқындау үшін мотивацияның маңызды теорияларын зерттеу қажет. А.Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп деп қана қарамай, оларды өзін-өзі жетілдіретін және өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарды иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындайды. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі:

  1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған, тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.

  2. Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне: қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп-қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін.

  3. Әлеуметтік қажеттілік – бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатысты сезім. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашанда толық қанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой -өрісінің дамуына байланысты оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация процесінде адамның қажеттілігі шексіз. А.Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес қосты.

  4. Құрметтеу қажеттілігіне: өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің өзін құрметтеуі, мақұлдауы жатады.

  5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін және жеке басының дамып жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

Мотивацияның іс жүргізу теориясы.

Іс жүргізу теориясы адамдар әр түрлі мақсатқа жету үшін өзінің кұш -жігерін қалай бөлетіндігін және мінез-құлықтың нақты түрін қалай таңдайтындығын көрсетеді. Мотивацияның іс жүргізу теориясы былайша бөлінеді: үміттену теориясы, әділеттік теориясы және Портер-Лаулер моделі.



Үміттену теориясы. Теория мынадай қағидаға негізделеді:

Белсенді қажеттіліктің болуы адамдардың мақсатқа жетуінің бірден – бір себебі-мотивация болып саналмайды.



Әділеттілік теориясы. Әділеттілік теориясы бойынша, адамдар жұмсаған күш-жігеріне тиісті көтермелеуді субъективті бағалап, осы тектес жұмысты басқа адамдар қалай қабылдайтындығын салыстырады.

Портер-Лаулер моделі. Портер-Лаулер моделі кеңінен қолдау тауып отыр. Мұнда, мотивация жмыскерлердің қажетсінуінің, үміттенуінің және әділетті көтермелеуінің басты қызметі болатындығына негізделеді.

12. Тақырып: Фирма ішіндегі бақылауды ұйымдастыру.

Мазмұны:Бақылау процесі үш кезеңнен өтеді: стандарттар мен критерийлер жасау, оларды нақты нәтижелермен салыстыру, енгізілетін қажетті түзетулерді қабылдау, олардың әрқайсысында алуан түрлі шаралар жиынтығы жүзеге асырылады.

Стандартты белгілеу. Бақылауға пайдаланылатын барлық стандарттар ұйымның мақсаты мен стратегиясына орай таңдап алынуы тиіс. Бақылау үшін стандарт ретінде пайдалануға болатын мақсаттардың маңызды екі ерекшелігін атап көрсетуге болады. Олар уақыт аясының болуымен, сол уаықт аралығында жұмыстың орындалуымен сипатталады, сол арқылы жұмыстың орындалу дәрежесін бағалауға болады.

Нәтижелік көрсеткіштері түскен пайда, сату көлемі, материалдар құны болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер сандық өлшеммен беріледі. Алайда, ұйымда сандық өлшемге келмейтін мақсаттар мен міндеттер бар. Мұндай жағдайда арнайы тексеру, сұрау салу арқылы жұмыскерлердің рухани деңгейі мен хал-ахуалы туралы мәлімет алуға болады.

Қол жеткен нәтижені белгіленген стандарттармен салыстыру процесінің екінші кезеңі, сол арқылы менеджер қол жеткен нәтижелердің сәйкес келуін, әрі стандартқа сай келуін немесе одан ауытқуын айқындайды. Бақылаудың осы кезеңінде тиісті баға беріліп, оның өзі тиіст шешім қабылдауға негіз қалайды. Мұндағы мақсат ауытқу ауқымын, өлшемін, нәтижелерін, мәліметтердің берілуін анықтау және оны бағалау.

Жоғары буын басшылары мүмкін болатын ауытқуды, сол арқылы алынған нәтиженің белгіленген нәтижеден ауытқуы қауіп-қатер туғызбауы тиіс. Шағын бизнесмендер де осылай істеуі мүмкін, алайда, оларда ауытқу ауқымы шамалы болады.

Егер нақты нәтижені стандартпен салыстырғанда көздеген мақсатқа жеткені айқындалса, онда ештеңе қолданбауды ұсынады.

Ауытқу байқалған жағдайда, сол ауытқудың себебі анықталса, онда ұйымды жоспарланған іске қайтару шараларын қолданып, ауытқуды жояды.

Түзету енгізуді бір ішкі ауыспалы факторлардың мәнін жақсарту, басқару қызметін немесе технологиялық процестерді жетілдіру арқылы жүзеге асырады.

Стандарттар жоспарларға негізделеді, ал мұның өзі болашақ болжамы ғана болып саналады. Сондықтан стандарттар нақтылы болмаса, онда жоспар да, стандарт та қайта қаралады.

Бақылаудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін ерекшелік принципі бойынша бақылау тәсілін қолданады, мұндайда стандарттан едәуір ауытқу байқалғанда ғана, бақылау жүйесі іске кіріседі.

Нәтижелерді өлшеу – бақылаудың қиын да, қымбатқа түсетін элементі.

Ұйымның мақсатына жетуді көздейтін күллі бақылау, кәсіпорынның қызметіне сәйкес келетін өлшем бірліктердің, жылдамдық, жиілік және дәлдік өлшемдерінің қолайлы бірліктерін таңдап алуды қамтамасыз етеді.

Аудиторлық тексерудің және материалдық қорларды түгендеудің кезеңділігі белгіленеді. Бақылау өлшемі үшін компьютерлерді пайдалану мұндай тексеруді жедел, арзан, әрі дәл жүргізуге мүмкіндік береді.

Бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуде мәліметтерді берудің және таратудың зор рөлі бар. Бақылау жүйесі тиімді әрекет ету үшін міндетті түрде тиісті жұмыскерлерге белгіленген стандарттарды, қол жеткізген нәтижелерді хабарлап отыруы керек.

Бұл мәліметтер дәл болуы, уақытында келіп түсуі және де қажетті шешімдер мен әрекеттер жасау үшін басшыларға дер кезінде беріліп отыруы тиіс. Стандарттар қызметкерлерге барынша түсінікті болсын.

Алынған нәтижелер туралы мәліметтерді салыстырып бағалаудың қорытынды кезеңінде менеджер алынған мәліметтерді бағалайды және алдағы іс-әрекеттер жайлы шешім қабылдайды.


13.Тақырып: Анықсыздық және тәуекелділік жағдайында кәсіпорынның қызмет етуі.

Мазмұны:Тәуекелділік маңыздылығы.

Шаруашылық тәуекелінің заты, объектісі және субъектісі.Тәуекелділік элементтері және оның пайда болу формалары.Тәуекелді қызметтердің пайда болуының мақсатты нәтижелері.Екі банктік операция – векселб есебі мен несие берудің тиімділігін қарастырамыз. Вексель дегеніміз – бұл тек белгіленген уақыт мерзімінде қандай да бір ақша бөлігін төлеу ғана емес, вексель есебі – бұл, банктік функциялардың бірі болып табылады. Ол жеңілдік бойынша номиналынан вексельдік төлем дегенді білдіреді. Ірі банктер көбіне кредит берудің шарттарын бағалаудың жеке әдістерін қарастырады. Соның ішінде жеке қарыз алушыларға тұтыну несиелерін беруді қарастырады. Бұл әдістерде факторлар саны ондықпен өлшенеді. Осындай әдістердің бірі ретінде Сбербанкте қалыптасқан жағдайды алуға болады. Бәрінен бұрын несиелеудің тәуекелін бағалау кешенді көрсеткіштің – тәуекел категориясының қолданылуымен жүзеге асырылады. Сонымен бірге тәуекел категориясына сәйкес нұсқаны анықтаудың және несиелеудің үш негізгі мақсаттары қарастырылады. Оларға жататындар:Инвестициялық несиелеу, жобалық қаржыландыру және қарыз алушы жобаның іске асырылуында қозғаушы күш болып табылады.Әрбір тәуекелді бағалау категориясы үш топ көрсеткіштерімен жүргізіледі. Әр топ өзінше маңызға ие.«Қарыз алушы сапасы» деп аталатын бірінші топқа несиелік мүмкіндік, қаржылық жағдай, несие тарихы, айналымдар, менеджмент және т.б. маңызды жеке мінездемелер кіреді. Екінші топ, бұл «Жоба сапасы». Оған: технологиялық, өндірістік, маркетингтік, экологиялық, саяси, валюта-қаржылық, аймақтық және табиғи тәуекелдер кіреді.«Операция сапасы» деп аталатын үшінші топ өз ішінде Қарыз алушыларды Банктік бақылауды, жобаларды қайта өңдеуді жүзеге асырады. Нәтижесінде тәуекелді жоба бойынша бағалауда, Банк келесідей маңызды пункттар бойынша шешім қабылдайды:қарыз алушыға несие беру немесе бермеу жөнінде;



14.Тақырып: Менеджменттегі мотивация қызметі

Мазмұны: Мотивация моделі. Әрекет етуге талаптанған адамдардың қажетін анықтау, әсіресе маңыздылық ауқымын айқындау үшін мотивацияның маңызды теорияларын зерттеу қажет. А.Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп деп қана қарамай, оларды өзін-өзі жетілдіретін және өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарды иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындайды. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі:Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған, тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне: қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп-қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін.Әлеуметтік қажеттілік – бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатысты сезім. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті ққажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашанда толық қанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой -өрісінің дамуына байланысты оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация процесінде адамның қажеттілігі шексіз. А.Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес қосты. Құрметтеу қажеттілігіне: өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің өзін құрметтеуі, мақұлдауы жатады.Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін және жеке басының дамып жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі. Мотивацияның іс жүргізу теориясы.Іс жүргізу теориясы адамдар әр түрлі мақсатқа жету үшін өзінің күш -жігерін қалай бөлетіндігін және мінез-құлықтың нақты түрін қалай таңдайтындығын көрсетеді. Мотивацияның іс жүргізу теориясы былайша бөлінеді: үміттену теориясы, әділеттік теориясы және Портер-Лаулер моделі.Үміттену теориясы. Теория мынадай қағидаға негізделеді: Белсенді қажеттіліктің болуы адамдардың мақсатқа жетуінің бірден – бір себебі-мотивация болып саналмайды.Әділеттілік теориясы. Әділеттілік теориясы бойынша, адамдар жұмсаған күш-жігеріне тиісті көтермелеуді субъективті бағалап, осы тектес жұмысты басқа адамдар қалай қабылдайтындығын салыстырады. Портер-Лаулер моделі. Портер-Лаулер моделі кеңінен қолдау тауып отыр. Мұнда, мотивация жмыскерлердің қажетсінуінің, үміттенуінің және әділетті көтермелеуінің басты қызметі болатындығына негізделеді.

15.Тақырып: Менеджмент жүйесіндегі бақылау

Мазмұны:Клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға кедергі жасайтын ұйымдастырушылық күрделіліктен және тиімсіз ішкі процесстерден құтылу үшін бақылау қажет. Бақылау – ұйымның мақсаттарына жетуін қамтамасыздандыру процессы.Бақылау процесі үш кезеңнен өтеді: стандарттар мен критерийлер жасау, оларды нақты нәтижелермен салыстыру, енгізілетін қажетті түзетулерді қабылдау. Олардың әрқайсысында алуан түрлі шаралар жиынтығы жүзеге асырылады.Стандартты белгілеу. Бақылауға пайдаланылатын барлық стандарттар ұйымның мақсаты мен стратегиясына орай таңдап алынуы тиіс. Бақылау үшін стандарт ретінде пайдалануға болатын мақсаттардың маңызды екі ерекшелігін атап көрсетуге болады. Олар уақыт аясының болуымен, сол уақыт аралығында жұмыстың орындалуымен сипатталады, сол арқылы жұмыстың орындалу дәрежесін бағалауға болады. Нәтижелік көрсеткіштері түскен пайда, сату көлемі, материалдар құны болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер сандық өлшеммен беріледі. Алайда, ұйымда сандық өлшемге келмейтін мақсаттар мен міндеттер бар. Мұндай жағдайда арнайы тексеру, сұрау салу арқылы жұмыскерлердің рухани деңгейі мен хал-ахуалы туралы мәлімет алуға болады.Қол жеткен нәтижені белгіленген стандарттармен салыстыру процесінің екінші кезеңі, сол арқылы менеджер қол жеткен нәтижелердің сәйкес келуін, әрі стандартқа сай келуін немесе одан ауытқуын айқындайды. Бақылаудың осы кезеңінде тиісті баға беріліп, оның өзі тиісті шешім қабылдауға негіз қалайды. Мұндағы мақсат - ауытқу ауқымын, өлшемін, нәтижелерін, мәліметтердің берілуін анықтау және оны бағалау.Жоғары буын басшылары мүмкін болатын ауытқуды, сол арқылы алынған нәтиженің белгіленген нәтижеден ауытқуы қауіп-қатер туғызбауы тиіс. Шағын бизнесмендер де осылай істеуі мүмкін, алайда, оларда ауытқу ауқымы шамалы болады.Егер нақты нәтижені стандартпен салыстырғанда көздеген мақсатққа жеткені айқындалса, онда ештеңе қолданбауды ұсынады. Ауытқу байқалған жағдайда, сол ауытқудың себебі анықталса, онда ұйымды ғжоспарланған іске қайтару шараларын қолданып, ауытқуды жояды.Түзету енгізуді бір ішкі ауыспалы факторлардың мәнін жақсарту, басқару қызметін немесе технологиялық процестерді жетілдіру арқылы жүзеге асырады.Стандарттар жоспарларға негізделеді, ал мұның өзі болашақ болжамы ғана болып саналады. Сондықтан стандарттар нақтылы болмаса, онда жоспар да, стандарт та қайта қаралады.Бақылаудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін ерекшелік принципі бойынша бақылау тәсілін қолданады, мұндайда стандарттан едәуір ауытқу байқалғанда ғана, бақылау жүйесі іске кіріседі.Нәтижелерді өлшеу – бақылаудың қиын да, қымбатқа түсетін элементі.Ұйымның мақсатына жетуді көздейтін күллі бақылау, кәсіпорынның қызметіне сәйкес келетін өлшем бірліктердің, жылдамдық, жиілік және дәлдік өлшемдерінің қолайлы бірліктерін таңдап алуды қамтамасыз етеді.Аудиторлық тексерудің және материалдық қорларды түгендеудің кезеңділігі белгіленеді. Бақылау өлшемі үшін компьютерлерді пайдалану мұндай тексеруді жедел, арзан, әрі дәл жүргізуге мүмкіндік береді.Бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуде мәліметтерді берудің және таратудың зор рөлі бар. Бақылау жүйесі тиімді әрекет ету үшін міндетті түрде тиісті жұмыскерлерге белгіленген стандарттарды, қол жеткізген нәтижелерді хабарлап отыруы керек. Бұл мәліметтер дәл болуы, уақытында келіп түсуі және де қажетті шешімдер мен әрекеттер жасау үшін басшыларға дер кезінде беріліп отыруы тиіс. Стандарттар қызметкерлерге барынша түсінікті болсын.Алынған нәтижелер туралы мәліметтерді салыстырып бағалаудың қорытынды кезеңінде менеджер алынған мәліметтерді бағалайды және алдағы іс-әрекеттер жайлы шешім қабылдайды.

16.Тақырып: Келіспеушіліктерді, өзгерістерді, стресстерді басқару

Мазмұны: Келіспеушілік-екі жақтың бір біріне қарсы шығып өз дегенін жасап, ал қарсыласының дегеніне жетуіне кедергі жасауға тырысуы.

Келіспеушіліктің түрлері:

- іштей келіспеушілік;

- адамдар арасындағы келіспеушілік;

- адам мен топ арасындағы келіспеушілік;

- топтар арасындағы келіспеушілік.

Келіспеушіліктің себептері:

- шектеулі қорларды тарату;

- міндеттердің өзара тәуелділігі;

- мақсаттардың айырмашылықтыры;

- мінез құлық пен өмірлік тәжирибедегі айырмашылықтар;

- нашар байланыс.

Келіспеушілікті шешудің әдістері:

- тайқу;


- сылап сйпау;

- көндіру;

- компромисс;

- мәселені шешу.

Стресс қызметкердің жеке өміріне немесе жұмысына байланысты болуы мүмкін. Оның негігі себептері:

- келіспеушіліктер, араздық

- ақпарат алмастыру арналарының нашарлығы

- қызметкер жұмысының шамадан тыс ауыр немесе жеңіл болуы

- мақсаттардың бұлдырлығы

- жұмыс жағдайының нашарлығы

- жауапкершілік жүктелгенде жұмысты орындауға қажет заңды билік берілмеуі

- қызметкерлердің бір біріне негізсіз талаптар қоюы

- мемлекеттік аттестация

- аудит


Стессты төмендету әдістері:

- жұмыс баслымдықтарын орнату

- жұмысқа дайындалып келу

- басшымен тату болу

- жұмысының бастан асып кеткен жағдайда, басшыға «жоқ, жасай алмаймын» деп ескертіңіз

- қойылған біріне бірі қайшы келетін талаптармен келіспеңіз

- стандарттар мен күтілетін нәтижелер анық болмаса, басшыға хабарласыңыз

- күнде дем алып тынығу үшін уақыт табыңыз.


Маркетинг

1.Тақырып: Маркетингтік зерттеудің мәні, мазмұны және ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет