Бұл пәнде университеттердің «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша оқылатын „Алгебра және сандар теориясы“ пәнінің оқу жоспарында қарастырылатын негізгі тақырыптар қамтылған және осы тақырыптардың қолданыстарын зерттеуге бағытталған. Пәннің негізгі мазмұнын бөлінгіштік теориясы, сандар теориясының маңызды функциялары, салыстырулар құрайды. Жай және құрама сандар үшін ЕҮОБ және ЕКОЕ есептеу, сандық және мультипликативті функциялардың қасиеттерін зерттеу әдістері сипатталған.
Пәннің мақсаты
Болашақ мұғалімдерде кәсіби-математикалық білімдерін қалыптастыру.
-Заманауи сандар теориясының іргелі білімін кәсіби қызметте практикалық мәселелерді шешуде қолдануға;
-жеке іс-әрекеттерінде түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды: интернет-ресурстары, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтерді қолдана білуге;
-Математикалық есептерді шешуді әдістемелік негіздеуге қабілетті. Мектеп математика курсының бөлімдерін талдауға, болашақ кәсіби қызметпен байланысты міндеттерді шешуге дайын. Есептерді шешудің негізгі әдістерін меңгеруге, кез келген тілде жазбаша және ауызша байланысқа қабілетті.
Оқытудың әдістері
Сабақтар топтық талқылаулардан, аудиторияда және үйде орындалатын тапсырмаларынан тұратын дәрістер мен семинарлар түрінде өтеді. Ақпараттық технологиялар (мультимедиялық презентациялар, дәріс-визуализация), белсенді оқыту технологиясы.