6В01501 Математика ст 2206– Сандар теориясы силлабус



бет1/11
Дата05.10.2023
өлшемі106,19 Kb.
#183814
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сандар теориясы силлабус 2023






6В01501 Математика
СТ 2206– Сандар теориясы
СИЛЛАБУС



НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

Оқытушы

Ибраева С.Н., п.ғ.к., аға оқытушы

МОДУЛДІК АНЫҚТАМА

Жыл / Семестр

2023-2024 / Төртінші

Курс / оқыту тілі

2/ қазақ

Академиялық кредит саны/ECTS

5/135 сағат (45 аудит (15 лекция, 30 практикалық сабақ, ОБӨЖ- 30 с., БӨЖ-60 с.))

Оқыту форматы

офлайн

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Бұл пәнде университеттердің «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша оқылатын „Алгебра және сандар теориясы“ пәнінің оқу жоспарында қарастырылатын негізгі тақырыптар қамтылған және осы тақырыптардың қолданыстарын зерттеуге бағытталған. Пәннің негізгі мазмұнын бөлінгіштік теориясы, сандар теориясының маңызды функциялары, салыстырулар құрайды. Жай және құрама сандар үшін ЕҮОБ және ЕКОЕ есептеу, сандық және мультипликативті функциялардың қасиеттерін зерттеу әдістері сипатталған.

Пәннің мақсаты

Болашақ мұғалімдерде кәсіби-математикалық білімдерін қалыптастыру.

Пререквизиттері

Элементар математика

Постреквизиттері

Алған білімдерін және практикалық іскерліктерін кәсіби қызметте қолдану

БББ оқыту нәтижелері



-Заманауи сандар теориясының іргелі білімін кәсіби қызметте практикалық мәселелерді шешуде қолдануға;
-жеке іс-әрекеттерінде түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды: интернет-ресурстары, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтерді қолдана білуге;
-Математикалық есептерді шешуді әдістемелік негіздеуге қабілетті. Мектеп математика курсының бөлімдерін талдауға, болашақ кәсіби қызметпен байланысты міндеттерді шешуге дайын. Есептерді шешудің негізгі әдістерін меңгеруге, кез келген тілде жазбаша және ауызша байланысқа қабілетті.

Оқытудың әдістері

Сабақтар топтық талқылаулардан, аудиторияда және үйде орындалатын тапсырмаларынан тұратын дәрістер мен семинарлар түрінде өтеді. Ақпараттық технологиялар (мультимедиялық презентациялар, дәріс-визуализация), белсенді оқыту технологиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет