6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020


Антик сөзіне түсінік. Ежелгі Грек мәдениетінің кезеңдері



бет20/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану

Антик сөзіне түсінік. Ежелгі Грек мәдениетінің кезеңдері.
Антик деген сөз көне, ежелгі деген ұғым. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеңберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің даңқты мәдени туындылары-көне заман тарихы туралы ұғымымызда кеңейіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
Б.з.д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін 1) Критмикены мәдениеті деп атайтын болған. Ежелгі Грек мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен – 2) Гомер кезеңі деп аталады. Оның негізі-б.з.д. VІІІғ туған «Илиада» мен «Одессея» дастандары, соқыр жыршы Гомер, грек елінің тәрбиешісі болды. Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер көп емес. Біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектер, әшекейленген құмыралар мен қолдан жасалған мүсіндер. Бұйымдарды әшекелеуде геометриялық стиль қалыптасты. Археологиялық жұмыстарының нәтижесінде үлкен адам бойынан да биік құмыралар табылған. Бұл құмыралар сыртында өлікті жерлеу көрністері, түрлі соғыстар бейнеленген. Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері. 3) «архаикалық» кезеңде туындаған. Бұл кезең б.з.д. ҮІІІ-ҮІ ғасыр аралығын қамтиды. Дәуір басына материалдық мәдениет қаулап дами бастады.
Гректер көршілес жатқан мидиялықтардан теңге-ақша соғуды, финикиялықтардан-алфавиттік жазуды мұра етті. Осы кезде Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилияда, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелейді. Ғалымдардың пікірінше Грекцияда қалалар саны 2000 жетті. Ең ірілері – Афина, Спартак, Аргос болды.
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де номитизм тән болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера – аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындылары: Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита. Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі – жануарлар әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Ол әлемнің 7 кереметінің бірі болып саналады.
Өзіндік сипаты бар архаикалық мәдениет дүниежүзілік мәдениетте айрықша рөл атқарған жаңа кезеңге – 4) Классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашты (б.з.д. V-ІVғ). Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Трагедияның гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты. Құрылысы бір ғасырға созылған 17 мың адам сияқты етіп салынған Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Эсхилге дейін бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі-Аристофан. Оның комедияларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды.
5) Эллинизм (б.з.д. ІVғ аяғы – б.з. Іғ) Грецияда бұл кезең Александр Македонскийдің бүкіл Грекцияны жаулап алуымен тығыз байланыста болды. Бұл кезең Шығыс және Батыс елдері мәдениетінің тоғысу кезеңі болды. Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды. Александрияда-дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды. Әлемнің жеті ғажайыптарының қатарындағы «Александрия шырағы» болды.
6) Римнің мәдениеті. Б.з.д. ІV ғ.пайда болған эллинистік мемлекеттер көп уақыт өмір сүрген жоқ. Өйткені б.з.д. ІІ-І ғ. өзінде-ақ олардың көпшілігін Римнің қалың қолын жаулап алды. Б.з.д. ІІІ ғ.аяғынан бастап Римнің әскер басылары грек қалаларынан өнер шығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Римнің қоғамдық ғимараттары храмдар мен алаңдар Мирон, Фидий, т.б. сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды. Рим сәулет өнерінің дамуынан б.з.д. Іғ. өмір сүрген әрі инженер, әрі сәулетші Витрубийдің «Сәулет өнері туралы 10 кітап» деп аталатын трактатының ықпалы орасан зор болды. Бұл еңбек ғимараттар салудағы басты талаптарға; ғимараттың пайдалылығына, оның әсемдігіне ғылыми тұрғыдан ерекше мән берген. Мүсіндік портрет өнері жақсы дамыды. Дарынды жазушылары Цицерон мен Каррон болды. Цицеронның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Жамандық пен жақсылық» еңбектері болды. Шығыс Рим империясы, Византия империясы деген атпен 1453 жылға дейін өмір сүрді, бұл христиандық бағыттағы грек мәдениетінің заңды жалғасы болды. Ал Батыс Рим империясы германдықтардың соққысынан 476 жылы құлады. Бұл жыл тарихта Ежелгі дүниенің соңғы, ал орта ғасыр деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің бастамасы болды.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:



  1. Көне Қытай және көне Үнді мәдениетінің ерекшеліктеріне талдау жасаңыз

  2. Ежелгі Египет мәдениетінің ерекшелігі

  3. Қытай халқының мәдени туындылары. Қытай мәдениетіндегі адамгершілік мәселелері

  4. Үнді халқының мәдени туындылары. Веда дегеніміз не? Көне Үнді әдебиеті

  5. Антика ұғымы қай заманда пайда болды? Кезеңдерін атаңыз.

  6. Конфуцзының «Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама» деген нақыл сөзіне талдау жасаңыз

  7. Антика мәдениетінің ерекшелігі

Тест
Көне Египет мәдениетінің басты ерекшелігі:
А) ажалға қарсы тұрушылық
Б) табиғатпен тығыз байланыстылығы
В) ведалардың болуы
Г) әдебиеттің дамуы
Египеттте пирамидалар кімдерге арнап салынды?
А) шаруалар мен орта тап өкілдеріне
Б) байларға
В) вельмождарға
Г) перғауындар мен атақты адамдарға
Ең көне пирамида және оның сәулетшісі:
А) Хеопс пирамидасы, сәулетші Фидий
Б) Джосер пирамидасы, сәулетші Имхотеп
В) Хуфу пирамидасы, сәулетшісі Аменхотеп
Г) Тутанхамон пирамидасы, сәулетшісі Медея
Көне Египеттіктердің жеткен жетістіктері, дұрыс емес жауапты белгілеңіз:
А) математика, геометрия саласының дамуы
Б) астрономия дамыды, 365 күннен тұратын күнтізбе жасалды
В) ең алға рет қағазды ойлап тапты
Г) медицина дамыды, мумиялау, бальзамдау әдісі қолданылды
Көне Египеттіктердің жазуы қалай аталды және қашан пайда болды?
А) петроглиф, б.з.д.ІІІғ.
Б) иероглифика, б.з.д. IVғ.
В) санскрит, б.з.д. Іғ.
Г) иврит, б.з.д. ІІғ.
Көне Египеттегі ең алғашқы пирамидалар қашан салынды?
А) б.з.д. ІІІ-ІІ мыңж.
Б) б.з.д. ІІ-І мыңж.
В) б.з.д. І мыңж.
Г) б.з. І мыңж.
«Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты» атты әдеби туынды қай мәдениетке жатады?
А) Көне Қытай
Б) Көне Египет
В) Көне Үнді
Г) Антика
Көне Қытайлық ойшыл, философ Конфуций «Жетілген адамның» идеалын жасады. Жетілген адамның бойында негізінен екі қасиет болуы қажет, олар:
А) адамгершілік пен парыз сезімі
Б) борыш және парасаттылық
В) адамгершілік және ізгілік
Г) адалдық және шыншылдық
Көне Қытайлықтардың жеткен жетістіктері:
А) Б.з. дейінгі Vғасырда қытайлықтар тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін білді. Олар тарихта бірінші рет теріс сандар ұғымын енгізді, б.з. дейінгі ІІІ ғасырда магнитті аспап, компостың алғашқы түрін, су диірменін ойлап тапты, астрономия дамыды.
Б) Олар жылды 12 айға, айды 4 аптаға бөлді. Б.з. дейінгі Vғ. 800 шыраққа жұлдыздар гороскопы жасалды, олар аспан күмбезін 28 шоқжұлдызға бөлді.
В) Б.з. дейінгі 28 жылы қытайлықтар адамзат тарихында бірінші рет күндегі дақтарды суреттеп берді, астроном Чжан Хэн әлемдегі алғашқы айналатын жұлдыз глобусын жасады.
Г) барлығы дұрыс
Б.з. ІІІғ. Қытайдағы иероглифтер саны:
А) 17 мыңнан асты
Б) 18 мың
В) 22мың
Г) 15 мың
Көне Үнді қоғамындағы касталарға жатпайтыны:
А) шудралар
Б) кшатрийлер
В) вельмождар
Г) вайшийлер
Көне Үндінің әдеби ескерткіштері:
А) Махабхаратта мен Рамаяна
Б) Өзгерістер мен Әндер кітабы
В) Өмірден түңілген адамның өз өмірімен сұхбаты
Г) Саяхатшының күнделігі
Ежелгі Үнді өркениетінің «архетиптеріне» не жатады?
А) Буддалық дін, егіншілік, табиғатты қастерлеу
Б) Зороастризм
В) Тәңіршілдік
Г) Ведалық әдебиет, буддизм, Харап өркениеті
«Антика» сөзінің мағынасы:
А) көне, ежелгі
Б) жерді өңдеу
В) көне, бұрынғы
Г) ежелгі, дәстүрлі
Гомердің «Иллиада», «Одиссей» шығармалары қай ғасырға жатады?
А) б.з.д. 8ғ.
Б) б.з.д. 6ғ.
В) б.з.д. 3ғ.
Г) б.з.д. 7ғ.
Антика мәдениетінің кезеңіне жатпайтынын көрсетіңіз:
А) эллинизм
Б) Гомер
В) крит микены
Г) македония
Ежелгі Гректердің басты құдайы:
А) Афродита
Б) Зевс
В) Пасейдон
Г) Артемида
Ежелгі Грек мәдениетінде материалдық мәдениеттің қарыштап дамыған кезеңі:
А) Рим мәдениеті
Б) Крит микены
В) Архаикалық
Г) Классикалық
Грек мәдениетіндегі эллинизм кезеңі кімнің атымен байланысты?
А) Александр Македоский
Б) Гомер
В) Эсхил
Г) Аристотель

2

№ 4
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет