4. Курстың академиялық саясаты Академиялық тәртіп ережелері: • Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Академиялық құндылықтар:пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу процесінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
5. Ақпараттық ресурстар: (Интернет-ресурстарды қоса алғанда)* Оқу әдебиеттері: (әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша соңғы 5 жылда, жаратылыстану пәндері бойынша - соңғы 10 жылда жарық көрген)*
Ғабитов Т.Х. Кульсариева А.Т. «Мәдениеттану». – Алматы: Қазақ университеті, 2016
Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы: Қазақ университеті, 2016
Мәдени антропология: оқу құралы / Ә. М. Масалимова, А. Құлсариева – толық. 2-бас. . - Алматы : Қазақ университеті, 2013.