Субтест I
І субтесттің мақсаты: Маңызды заттар мен құбылыстарды мәнді емес заттардан ажыратуды, сонымен қатар білім қорын зерттеу.
І субтест бойынша түсініктеме: Жақшадағы сөздердің ішінен сөйлем мағыналы болуы үшін ең маңызды керек сөзді тауып қоюы керек. Оқушыға нақтылау сұрақтарын қою керек.
Тапсырма:
Сөйлемді дұрыс аяқтау үшін жақшаға алынған сөздердің бірін таңдаңыз:
1. Етікке (бау, белбеу, табан, түйме, зырылдауық) керек.
2. Жылы аймақтарда (аю, бұғы, қасқыр, түйе, итбалық) тіршілік етеді.
3. Бір жылда (24, 3, 12, 4, 7) ай бар.
4. Қыс айлары (қыркүйек, қазан, ақпан, қараша, наурыз).
5. Ең үлкен құс (қарға, түйеқұс, сұңқар, торғай, қыран).
6. Раушан – бұл (жеміс, көкөніс, гүл, ағаш).
7. Үкі үнемі (түнде, таңертең, кешке, түсте, күндіз) ұйықтайды.
8. Су әрқашан (мөлдір, суық, сұйық, ақ, дәмді) болады.
9. Ағаштың әрқашан (жапырақтары, гүлдері, жемістері, тамыры, көлеңкесі) болады.
10. Қазақстан қаласы – (Мәскеу, Стамбул, Шығыс Қазақстан, Алматы, Алтай).
Достарыңызбен бөлісу: |