Реті екіден жоғары емес қарапайым бөлшек немесе көбейтінділер түріндегі беріліс функциялармен жазылатын үзбелер типті немесе элементарлы деп аталады.
Ең қарапайым үзбе алгебралық теңдеумен жазылады
Бұл үзбе инерциясыз деп аталып оның беріліс функциясы нақты санға тең болады
Демек, үзбенің беріліс функциясы мынандай болсын
Осындай үзбе реалды интегралдау үзбелердің идеалды түрі. Интегралдау үзбелердің мысалдары ретінде интегралдау режиміндегі операциялық күшейткішті, гидравликалық демпферді, интегралдау жетекті осыған ұқсас тағы басқа құрылғыларын айтуға болады.
Интегралдау үзбенің жиілік сипаттамаларын табу үшін жиілік беріліс функциясын анықтайық
Амплитуда фаза жиілік сипаттамасы келесі теңдеумен жазылады
Фаза жиілік сипаттаманың түрі 20 – суретте көрсетілген. Логарифмді жиілік сипаттамалардың түрі 21 – суретте келтірілген.
Амплитуда жиілік сипттаманың теңдеуі мынандай болып , оның графигі 25 – суретте көрсетілген.
Айтылған үзбенің фаза жиілік сипаттамасының түрі 26 – суретте көрсетілген. Дифференциалдау үзбенің логарифмді жиілік сипаттамалары 27 – суреттегідей болады.
Бақылау сұрақтары 1. Инерциясыз, дифференциалды, интегралды үзбелердің уақыт сипаттамалары қандай болады?
2. Инерциясыз, дифференциалды, интегралды үзбелердің амплитуда фаза жиілік сипаттамалары қандай болады?
3. Инерциясыз, дифференциалды, интегралды үзбелердің амплитуда жиілік сипаттамалары қандай болады?
4. Инерциясыз, дифференциалды, интегралды үзбелердің фаза жиілік сипаттамалары қандай болады?