Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Сабақта тапсырма түрлері мен жабық, ашық тапсырмалардың ерекшеліктерін және информатика сабақтарында оқу мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін тапсырмалар әзірлеу тақырыбын қарастырамыз.
2
Оқу нәтижелерін бағалау үшін аутентті практикалық тапсырмалар әзірлеу маңызды.
Сіз өз пәніңізді оқыту тәжірибеңізде оқу мақсаттарына жету үшін қандай тапсырмаларды қолданасыз?
3
Сабақта қолданылатын тапсырмалар жабық немесе ашық түрдегі тапсырма болуы мүмкін. Тапсырманың түрін ұтымды пайдалану нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және маңызды болып табылады