7-сынып (бақылау диктанты) Біздің қала



Дата12.10.2022
өлшемі14,63 Kb.
#152736
Байланысты:
срез 7-8-кл


7-сынып (бақылау диктанты)


Біздің қала

Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы қаласы - ең әдемі қалаларының бірі. Таудан төмен қарай созылған тіп-тік, әдемі көшелері неше түрлі ағаштармен көмкерілген. Көшелердің екі жағынан сылдыраған мөлдір бұлақтар ағып жатады. Достық атындағы сарай, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үйлер өздерінің керемет көркемдігімен көздің жауын алады. Қаланың оңтүстігін басынан өмір бойы қар кетпейтін ақ бас Алатау қоршаған. Тау беттерін қысы-жазы өзгермей, ылғи жап-жасыл болып тұратын шыршалар мен қарағайлар, ақ қайыңдар жапқан. Етегінде атақты «Медеу» мұз айдыны, көптеген демалыс, сауықтыру орындары бар. Олар алуан түрлі гүлдерге, бау-бақшаларға бөленген. Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті жерлер,бақтар өте көп. Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алматы қаласының табиғаты - сирек кездесетін тамаша табиғат!


(108 сөз)


Тапсырма:

  1. Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып жаз.

  2. «Оңтүстік, демалыс» сөздеріне фонетикалық талдау жаса.


8-сынып (Бақылау диктанты)


Балаға ат қою

Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады.Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады.Мысалы, ерте заманда балаларға көз тиюден немесе жын-шайтаннан сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай,Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.


Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттарға байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдерді таңдап қойған.
Көптеген есімдер халықтың әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары шетіней берген отбасылар жаңа туған сәбилерге Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.

(116 сөз)


Тапсырма:

  1. Мәтіннен дыбыс үндестігіне мысалдар тауып жаз.

  2. «Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қарияға немересінің атын қойғызады» сөйлеміне морфологиялық талдау жаса.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет