7-сынып Мазмұны Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3



бет2/8
Дата16.05.2020
өлшемі162.26 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8
Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары ның деңгейі

Тапсырмалар сипаттамасы

Сұрақтар түрі

Түсіну және жауап беру

Білу және түсіну

  • әдебиеттің даму кезеңдерін, шығармалардың мазмұнын біледі;

  • әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі;

  • өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді, дәйексөздерді жатқа біледі;

  • ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін түсінеді;

  • әдебиеттің адам өміріндегі мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді;

  • түрі мен жанрын, шығарманың тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді.

Көп таңдауы бар сұрақтар

Анализ және интерпрета ция

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары

  • хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындайды;

  • жазбаша әңгіме құрастырады, диалог дайындайды;

  • кейіпкерге мінездеме береді, пікір дайындайды, мәтін құрастырады, көркем шығармаларды бағалайды;

  • пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысады;

  • білім, білік және дағдыларды қолданады;

  • терминдер мен ұғымдарды, шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады.

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Бағалау және салыстыру

Жоғары деңгей дағдылары

  • өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдайды;

  • түрлі жанрдағы шығармаларды, тақырыпты, идеяны, композицияны, сюжет ерекшеліктерін салыстырады;

  • шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін стильдік ерекшеліктерді талдайды;

  • әлем әдебиеті туындыларымен салыстырады;

  • фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстырады;

  • жоспар құруда, мәтін құрастыруда білім, білік, дағдыларын жинақтайды;

  • құндылықтарды басқа да халықтардың құндылықтарымен байланыстырады;

  • композициялық, стильдік тұтастығын, тілдік ресімделуін бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

  • Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

    Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

    Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

    Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

    Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

    Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

    Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

    Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.




    1. Модерация және балл қою

    Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

    1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©engime.org 2020
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет