7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет5/7
Дата31.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#55221
1   2   3   4   5   6   7

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы.

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларды XIV-XV ғасырлардағы Қазақстаннның материалдық және рухани

мәдениетімен,діни наным-сенімдерімен таныстыру;

  • Орта ғасырларда Қазақстанның жер аумағында өмір сүрген халықтардың мәдениетімен

таныстыра отырып,оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру;

  • Мәдениетпен байланысты оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,өнерге, сұлулыққа деген құштарлығын арттыру

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Қазақстанды мекендеген ежелгі тайпалардың туыстық белгілері болды ма?

ә) Қазақстанға келген монғол тайпаларының түркіленіп кетуіне не себеп болды?

б)Этоносаяси қауымдастық деген не?

в)Этносаяси тұрақсыздықтың себептерін атаңдар?

г) Жәнібек пен Керейдің Жетісуға қарай қоныс аударуы мәжбүрлік болды ма әлде жер таңдады ма?

ғ) Біздің мемлекетіміз бен көршілер түрік тілдес елдердің арасында әлі де ұқсастық сақталған ба?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Материалдық мәдениеті.

Қазақ киіз үйі-бұрыннан келе жатқан материалдық мәдениеттің дәстүрлі жалғасы.ХІІІ ғасыр соңындағы жазба деректерге қарағанда, киіз үйлердің арба үстінде тігілген ,жылжымалы түрлері болған.

Қазақ халқының киім-кешектері негізінен мал өнімдерінен-жүн мен теріден жасалған.

Материалдық мәдениеттің негізгі бір көрсеткіші тағам түрлері.Қазақ халқы сүттен алуан түрлі тағам жасай білген.

ХІІІғ. Еуропа саяхатшылары.............

В.Рубрук ......................

Құрал –саймандар: ер-тұрман,жүген, құрық,арқан,желі,көген

Қару-жарақ:садақ,найза,қылыш,шоқпар.

2. Рухани мәдениет-белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі. Рухани мәдениетке халықтың әдет-ғұрпы,салт-санасы,ауыз әдебиеті,аңыз,қиял-ғажайып әңгімелері,діни наным-сенімдері жатады.

ХІІІ-ХҮғ-дағы ауызша поэзия өкілдері:Кетбұға,Қотан,Сыпыра жырау, Асан Қайғы.

ХІҮ-ХҮғ.жазба әдебиеті қыпшақ тілінде жазылған. «Кодекс куманикус», «Оғызнама»

3. Музыка өнері.

4. Діни наным сенімдер.
ІҮ. Сабақтың бекіту:


  • Мәдениет деген не?

  • Оның қандай түрлері бар?

  • Материалды игіліктерді өндіру тікелей мал өсірумен байланысты болғандығын дәлелдейді?

  • Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар?,олардың қандай тәрбиелік мәні бар?

  • Қазақстанда ислам діні неге баяу таралды.



  • «Шамандық» дегенді қалай түсінесің?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§32.



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақстанның XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің ескерткіштері туралы, оларды салуға қолданған материалдар туарлы түсінік беру;

  • Қазақстан аумағындағы сәулет өнерінің ескерткіштерін салыстыра отырып, оқушылардың танымдылық қабілетін дамыту,

  • Оқушылардың өз елінің тарихын ескерткіштер мен ұлттық құндылықтарын құрметтеуге,Отанын сүюге, ұлтжандылық құндылықтарын құрметтеу және тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын тудыру;

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Мәдениет деген не?

  • Оның қандай түрлері бар?

  • Материалды игіліктерді өндіру тікелей мал өсірумен байланысты болғандығын дәлелдейді?

  • Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар?,олардың қандай тәрбиелік мәні бар?

  • Қазақстанда ислам діні неге баяу таралды?

  • «Шамандық» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  • Сәулет өнері Х-ХIIғ Қарахан мемлекет-ң кезінде өркендей бастаган еді.

  • Тараз- Айша-бибі, Бабаджа-қатын кесенелері

  • Арыстан баб кесенесі көне Отырар қаласының батыс жағында,ҮІІ-ҮІІІғғ.

  • Қожа Ахмет Йасауидің кесенесін ХІҮ-ХҮғғ. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.

  • 1397ж. 35 бөлме, 1399ж- үлкен тайқазан. Кітапхана.

  • Көккесене-Ақ Орданың орталығы болған Сығанақ қаласының маңында,

  • Алаша хан кесенесі-ХІҮ-ХҮғғ. Ұлытау ауданыңдағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған.

  • Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі-ХҮғ. екінші жарт. салынған.

  • Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектіңқызы,1485ж.қаза болған.

  • ХІҮ-ХҮғғ. Отырар моншасы,Түркістан,Тараз

  • Қолданбалы өнер-сәулеттік құрылыс жүйелерінің ажырамас бір бөлігі.

  1. Кесенелердің қазақ жерінде салыну себебі неде?

  2. Кесенелердің күмбезі болуы нені аңғартады?

  3. Ғимараттардағы ою-өрнектер бояуының ғасырлар бойы сақталуының сыры неде деп ойлайсыңдар?

  4. Түркістан қаласының мұсылман қауымы үшін «екінші Мекке» атануы неге байланысты? т.б.

Өзіндік жұмыс. Оқушыларға оқулықты, картаны пайдалана отырып, ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы сәулет ғимараттары, олардың салынған кезеңі мен орналасқан жері, құрылысы мен ғимараттардың халықтардың тұрмыс-тіршілігіндегі рөлі жайлы кестені толтырту.

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  • Сәулет өнері деген не?

  • ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы кейбір сәулет ғимараттарының осы уақытқа дейін сақталуына не себеп болған?

  • Сол кездегі кесенелердің салынуына қатысты қандай аңыз-деректерді білесіңдер?

  • Қолданбалы өнер деген не?

  • Еліміздегі мәдени мұраларды қорғау бойынша сендер қандай іс-шара өткіздіңдер?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:33-параграфты оқу. Көне ескерткіштерді табуда археология ғылымының рөліне мысалдар келтіру.



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: ІІ бөлім мен ІІІ тоқсанды қайталау.

Сабақтың мақсаты:


  • Өткен сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін орнықтыру;

  • Оқушылардың тест сұрақтарымен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды үзбей білім алуға, талмай ізденуге , дұрыс тәлім-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: жинақтап-қайталау.

Көрнекілік:

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Екінші бөлім қай ғасырлар аралығын қамтиды?

  • Қарахан хандығында халықтан салық жинау құқы қалай аталды?

  • Ж.Баласағұн, М. Қашқари, А.Йасауи қай мемлекетте өмір сүрген?

  • Қарақытайлар қай тілде сөйледі?

  • Наймандар мен Керейлер қай дінге сенген?

  • «Қыпшақ» ел аты алғаш рет қай жерде кездескен?

  • Дешті-Қыпшақ аймағына қай аймақ кірмеген?

  • Ұлы Жібек жолы қай кезден бастап мәмілегерлік және сауда қызметін атқара бастады?

  • Қазақстан бойынша Жібек жолы қызметі қашан тоқталды?

  • Ежелгі Отырар қай жерде орналасқан?

  • Монғол-татар шапқыншылығы кезінде Оңтүстік Қазақстанда билік кімнің қолында болды?

  • Шыңғысханның билік құрған жылдарын атаңыз?

  • Қашан Шыңғысхан әскері Жетісуға басып кірді?

  • «Отырар» апаты қашан болды?

  • Қай ұлысқа Қазақстан аймағы кірген жоқ?

  • Монғолдардың заңы қалай аталды?

  • 1237 жылы Бату қай жерлерді бағындыруға аттанды?

  • Алтын Орда қашан құрылды?

  • Алтын Орда қашан ыдырады, Қазақстанда қандай мемлекеттер құрылды?

  • Моғолстан мемлекеті қай жерде құрылды?

  • Салықтың қандай түрлері бар?

  • Ақ Орданың астанасы?

  • Әмір Темір қай мемлекетті басқарды?

  • Орта ғасырдағы Қазақстан халықтарының негізгі шаруашылығы қандай?

  • Алтын Орданың мемлекеттік тілін атаңдар?

  • «Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді?

  • Сопылық деген не?

  • Қожа Ахмет Йасауи қай ғасырда салынған?

  • ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы қандай мәдениет мұраларын білесіңдер?

  • Атақты ғұламалардан кімдерді білесіңдер?

  • Рухани мәдениетке не жатады?

  • Материалдық мәдениет дегеніміз не?

  • «Вакф» деген не?

  • Егін шаруашылығы Қазақстанның қай жерлерінде дамыды?

  • Қандай қалалар қоғамның дамуында маңызды рөл атқарды?

  • «92 баулы өзбектер» шежіресінде қазақтар туралы не айтылды?

  • Өлкеде ислам діні қалай тарады?

Сабақты бекіту:

      1. «Иә-Жоқ»

      2. «Топтастыру»

      3. «Кубизм»

      4. «ККК»

      5. «Мұны әркім білуі тиіс»

Бағалау:


Үйге тапсырма: Қайталау

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §34. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы қарсаңындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және этникалық жағдайымен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен тарихи факторларды салыстыра отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру;

  • Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, сызбалар, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Өткен тоқсанға қысқаша шолу жасау.

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Ұлттық мемлекеттің құрылу қарсаңындағы Қазақстандағы саяси жағдай.

      2. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай.

      3. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу қарсаңындағы экономикалық жағдай

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары







Сабақты бекіту:



  • Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?

  • Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?

  • Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?

  • Сауда саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?

  • Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §34 параграфты оқу. Ақ Орданың хандырын және билік еткен кезеңдерін жазып келу.



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §35. Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру;

  • Қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс-әрекеттерін негізінде оқушыларды ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті «ККК»,

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?

  • Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?

  • Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?

  • Сауда саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?

  • Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Хандықтың негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.

      2. Алғашқы қазақ хандығының аумағы

      3. Халқының этникалық құрамы

      4. Көрші елдермен қарым-қатынасы.

    • «ККК» әдісі бойынша 4 тақырыпты 4 топқа бөліп беремін.

    • Сабақ соңында өзім сараптама жасаймын.

Сабақты бекіту:

      1. Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?

      2. Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?

      3. Қазақ хандығы қашан құрылды?

      4. Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?

      5. Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §35.



Каталог: uploads -> doc -> 0b8c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b8c -> Мысалы «Жаңылма» ойыны арқылы балаларды ынтымақтастыққа, аңғарымпаздыққа үйретеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет