7-сынып оқушыларының арасында өткізілетін «Құстар күні» сайысының конкурсының сценарийі



Дата06.09.2023
өлшемі17,74 Kb.
#180312
түріКонкурс
Байланысты:
ҚҰСТАР КҮНІ САЙЫС


ҚҰСТАР КҮНІ

7-сынып оқушыларының арасында өткізілетін «Құстар күні» сайысының конкурсының сценарийі;


Өткізілетін күні:26.04.2023


Сынып:7
Организаторлар: биология пәнінің практиканттары
Маселғазина Гүлайым,Болатбек Аружан,Қыдырбаева Ақзер

Г:Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар.Бүгінгі біздің «Құстар күніне» орай 7-сынып оқушыларының арасында ұйымдастырып отырған сайысымызға қош келдіңіздер


Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
Құстар-табиғаттың ажырамас бөлігі. Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады.
Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.

Ар: Құстар тойын құттықтар,


Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз
Иә,құстар табиғат, өмір көркі екені сөзсіз. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.Балалар, сіздер Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі, ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға түрі барекенін білдіңіздер ме?

Г: 1-сәуір десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге балалар, бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтетінін білдіңіздер ме? 1906 жылдың 1сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.Бұл дегеніміз, әлем халқы құстардың жер бетіндегі, адам тіршілігіндег маңызы зор екенін түсінеді деген сөз.Бүгінгі сайыстан кейін сіздер де құстар туралы білімдеріңізді шыңдап, олардың маңызы туралы түсініктеріңіз кеңейе түседі деген сенімдеміз.


Ендеше,бүгінгі сайысымыздың ережелерімен және кезеңдерімен таныс болайық. Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.Олар:

1-кезең «Таныстыру »
2-кезең « Тіл-өнер»
3-кезең «Білімді мыңды жығар»
4-кезең «Гэс ми»
5-кезең «Самға»

1.А: Бірінші таныстыру кезеңінде әр сынып өз тобын таныстырады.Әр топ Құстар күніне байланысты топ атауымен, девиздарымен және топ мүшелерімен таныстырады . Бұл кезеңде оқушылардың креативтілік және шығармашылық қабілетіне байланысты ұпай қойылады.Яғни, қызықты әрі тақырыпқа сай етіп қойылған топ атауы мен ұраны сәйкесінше көп ұпайға ие болады.

2.Г Ал балалар, енді,екінші кезеңімізге кезек берсек.Бұл кезеңнің атауы-Тіл -өнер. Ережесін мұқият құлақ түріп тыңдасаңыздар. Бұл кезеңде әрбір топқа 5 түрлі жұмбақ жасырылады.Яғни, мен сіздерге жұмбақ жасырамын сіздер бірден өз жауаптарыңызды ұсынуларыңыз керек. 1 дұрыс табылған жұмбақ үшін 1 ұпайды қанжығалайсыздар.Ендеше, бастайық.

3.А Ал енді,үшінші кезеңімізге кезек берсек.Бұл кезеңнің атауы-Білімді мыңды жығар. Ереже бойынша қазір әр топқа Құстар тақырыбына байланысты 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап берілген әрбір сұраққа 1 ұпайдан беріледі. Ал олай болса, бірінші топтан бастайық.

4.Г Үшінші кезеңіміз мәресіне жетті, ендігі кезекті- төртінші кезеңге берейік, бұл кезең- Гэс ми деп аталынады. Ойын шарты бойынша қазір кезек бойынша әр топ басшылары ортаға шығып, өз тобына қарама қарсы тұрады. Топ басшыларының қолдарына – ішінде 5 сөз жазылған карталар беріледі. Топ жетекшілерінің міндеті, жазылған сөздерді өз тобына іс-қимыл арқылы түсіндіру, ешқандай сөз қолдануға болмайды. Әр дұрыс табылған сөздер үшін 2 балл беріледі. Ойын шарты түсініті болса бастайық.


5.А Құрметті бүгінгі сайысымыздың қатысушылары. Бүгінгі сабағымыздың 4-кезеңіне кезек беругі рұқсат етіңіздер.Бұл кезеңнің атауы- Самға.Ереже бойынша бұл кезеңге тек топ басшылары сынға түседі. Олардың міндеті 1 минут ішінде мейлінше көп сұраққа жауап беру.Егер сұраққа жауабыңыз жоқ екеніне спенімді болсаңыз КЕЛЕСІ деп сұрақты ауыстыруға болады.Естеріңізге сала кетейін бұл кезеңде тек 1 минут уақыт беріледі.Сондықтан жыламдықтарыңыз сіздердің жоғары балл алуларыңызға кепіл болады.Ереже түсінікті болса соңғы кезеңімізді бастайық.


Ар: Ал, әне міне дегенше бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетуге аз ақ қалды.Ендігі кезекті бүгінгі сайыс барысында жинаған әр топтың ұпайларын есептеуге берсек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет