70. Тозуға төзімділік. Жылуға төзімділік. Дірілге төзімділік



бет1/3
Дата23.12.2021
өлшемі26,21 Kb.
#128079
  1   2   3
Байланысты:
70-73


70.Тозуға төзімділік. Жылуға төзімділік. Дірілге төзімділік

Жылуға төзімділік – деп бөлшектердің белгіленген уақыт аралығында, белгілі бір төменгі және жоғарғы температура бойынша жұмыс атқару қабілеттілігін айтады. Бөлшектің шамадан тыс жылу бөлуі: Бөлшектердің беріктігінің кемуі Май қабаттарының қорғалуының төмендеуі Қозғалмалы қосылыстарда саңылаудың үлкеюі Үйкеліс коэффициентінің төмендеуі Аталған теріс құбылыстарды болдырмас үшін машина бөлшектерін қызуға есептейді. Қосымша жасанды суыту жұмысын енгізеді.

Дірілге төзімділік – деп бөлшектің немесе жүйенің зиянды тербеліссіз қажетті айналым жиілігінде жұмыс атқару қабілеттілігін айтады. Тозу – деп бөлшек беттерінің тегіс болмағанынан немесе жұмыс атқару барысында пайда болатын шаң-тозаңның себебінен туындайтын үйкелістің әсерінен машина бөлшектері пішіндерінің кішірею мен өзгеруге қарсыласу қабілеттілігін айтады.

Тозудың келесідей түрлері қарастырылған:

А) Механикалық тозу (беттердің кедір-бұдырлығынан немесе қатты бөгде бөлшектердің сызып кетуінен пайда болады);

Ә) Молекуляр-механикалық тозу – бөлшектердің бір-бірімен қабысып немесе ұстасып қалуы;

Б) Коррозия –механикалық тозу бөлшектердің механикалық тот басуы. Бөлшектердің тозуға төзімділігін арттыру үшін олардың беттерін химия-термиялық өңдеуден өткізеді және үйкелісетін беттерді майлайды, үйкеліске қарсы материалдар қолданылады.

6. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті  жоғарылатудың  келесі  жолдары  қабылдануы  мүмкін:

қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;

  • өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;


  • өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен монтаждауды  бақылау  жүйесінің  өзгеруі;


  • өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;


  • нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;


  • өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі;


  • жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;


  • импорт құрылымы  мен  импортталатын  өнім  түрлерінің  өзгеруі



71.Машиналардың сенімділігі. Машина бөлшектерін стандарттау

1. Машиналардың сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде машиналардың сенімді, берік болуына өте мән беріліп жүр. Себебі машиналар, агрегаттар, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді. Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан қазір машина бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда.

Машина мен олардың жұмыс істеу шартын анықтау үшін, алдымен МЕСТ 27002-83-те берілген ұғымдармен танысқан жөн. Көрсетілген стандартта берілген ұғымдарды 4 топқа бөліп қарастырған тиімді. Олар біріншіден есепке алушы зат, объект, екіншіден сол объектінің жағдайлары, үшіншіден олардың қасиеттері мен ерекшеліктері және соларды анықтайтын көрсеткіштер.

2. 1 топ. Объект зат.



Бұйымдар, заттар – оларға түрлі машиналар немесе олардың бөлшектері, приборлар, жабдықтар және т.б. заттар жатады.

Бұйымдар элементі – машина бөлшектері, бөлшектер және басқа зат бөлшектері.

Ремонттауға келетін бұйымдар істен шыққан жағдайда, қайтадан жұмыс істеу қалпына келтіруге болады. Бұған көптеген машиналаравтомобильдер, станоктар, крандар және т.б. жатады.

Ремонттауға келмейтін бұйымдар - машиналар жұмыс істеп тұрған кезде оларды жөндеп қалпына келтіруге болмайды. Мысалы, электролампа, домалау подшипниктері, сондай-ақ тісті берілістер, біліктер және т.б. Тісті берілістер, біліктер, подшипниктер ремонттауға келеді, бірақ ол үшін машинаны тоқтатып, айтылған бөлшектерді зауытқа не юшеберханаға жеткізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет