3- Деңгей
84.Академик П. А. Ребиндер тамақ өнімдерінің құрылымын қалай жіктеді?
П.А. Ребиндер және Н.В. Михайлов реологиялық денелерді сұйық түзгіш және қатты заттар түзгіш түрлерге бөлді. Қисық сызық сипаттамасына байланысты ηЭФ(τ) (1.3 - сурет) болады және релаксация аралығына байланысты болады (релаксацяи аралығы – тиелген денеде қысым төмендегендегі е = 2,7 рет уақыты). Сұйық түзгіш денелер қатарына ньютон сұйықтары және де құрылымдық жүйелер жатады (θ0 СТ = 0), сондықтан да мұндай жүйелер аз әсерлесу арқасында жүреді.
Қатты заттар түзгіш денелер қатарына серпімді – тұтқырлы және басқа да денелер жатады, аталған денелер статикалық және динамикалық жылжу қысымына ие болады.
Қысым немесе жылжу жылдамдығы тұтқырлықтың әсеріне байланысты, бұл дисперсті дененің құрылымдық – механикалық сипаттамасына әсер етеді, сондықтан да тиімді тұтқырлық процестің тепе-теңдігін сипаттайтын негізгі қорытынды құрылымын анықтайды. Жалпы қисық сызықты ағыстар S-тәрізді сипатқа ие және де абцисса сызығын кесіп өтеді, соның арқасында денеге қысым әсер етеді де дененің серпімді және тұтқырлы дене деформациясының серпімділік және тұтқырлық қасиеттеріне әсер етеді.
Құрылымдық жүйелердің маңызды жылжымалы қасиеттері болып, серпімді ηсп және де салыстыралы тұтқырлығы ηсал(τ) және релаксация уақыты τР(τ); бастапқы тұтқырлығы (η0); жылжу кезіндегі дененің құрылымдық қасиеттерінің өзгеруі (ηm); серпімді жылжу моделі (G); жылжу деформациясы дене түріне байланысты (τСТ) болады және жылжудың салыстырмалы динамикалық қысымы (θ0); серпімді – тұтқырлы құрылым кезіндегі құрылымның беріктілігі (τб) және де серпімді бұзылулары (τr). Аталған сипаттамалар 1.3 – суретте көрсетілген. Сонымен жоғарыда сипатталған қисық сызықтар келесідей аймақтармен жанасады: 0A – серпімді деформация аймағы; АВ – салыстырмалы және серпімді тұтқырлықтағы аймағы; ВС – құрылымдық бұзылулар болатын аймақтар; СD – лавинді құрылым бұзушылық аймақ (серпімді тұтқырлығы төмен); Е және одан да жоғары – тұрақты тұтқырлық кезіндегі ньютондық ағыстар , нәтижесінде заттың құырылымы өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |