«Қазақ құқығы» курсын оқытудың мақсаты



бет1/8
Дата06.02.2022
өлшемі101 Kb.
#79792
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қаз құқық 1
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні

Түсінік хат
«Қазақ құқығы» қолданбалы курсы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша мектептің 10- сыныбында оқытылады. Бағдарлама «Құқықтану негіздері» пәні бойынша теориялық -практикалық және түрлі материалдардан тұрады.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр.
Курс бағдарламасы қазіргі замандық азаматтық білім негізде-рінің мәнін ашатын материалдарды негізге ала отырып құрастырыл-ған. Бағдарлы мектепте жүргізілетін қоғамдық білімдердің мазмұ-нына сай жасалған.
Курс азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастар, сайлау құқығы нормалары сияқты өзекті мәселелері сипатталады. Сонымен қатар Түрік қағанаты дәуірінен бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарын терең түсінуге басты көңіл бөлінеді.
Оқушылар мынаны ескерген жөн: курс азаматтық қоғамның барлық мүшелері меңгеруге тиісті материалдарды қамтиды . Сондық-тан мұғалім оқушыларға құқық туралы кеңірек білім беруді көздейді.
«Қазақ құқығы» курсы бойынша оқушылар құқық туралы білім ала отырып, саяси сауаттылығын арттырып, қоғамда өз құқығын қор-ғауға және өзгенің құқығына қол сұқпауға қалыптасады. Конститу-циялық құқықты сақтайды,әрі дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет