7М01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бб магистранты Баймаханова Жансая Қайырланқызының



бет2/4
Дата27.12.2022
өлшемі25,34 Kb.
#164590
1   2   3   4
Байланысты:
жылдык еесеп жансая

Мақсаты: Ұлттық құндылықтар арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, әдістемелік нұсқаулық жасау.
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастыру процесі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастыру ғылыми тұрғыдан негізделіп, этнопедагогика тағылымдары жүйеленіп, қазіргі жоғары оқу орнында педагогикалық үдеріске енгізілсе, онда ұлттық құндылықтарды бағалай білетін , кез-келген ортада өзін ұстай алатын, сыйластық, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді бойына сіңірген, өзінің жоғары мәдениеттілігінің үлгісін көрсете алатын тұлғаларды қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.
Міндеттері:

  • Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;

  • Этнопедагогика тағылымдарының болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау;

  • Оқу үдерісінде ұлттық құндылықтар негіздері арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастырудың үлгісін ұсыну;

  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық шарттарды анықтап, әдістемелердің тиімділігін практика жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Ұлттық құндылықтар арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастыру – білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі, сондықтан оны ЖОО-да оқу үдерісінде мақсатты жүзеге асыру керек.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, мәдениеттану салаларының ғылыми еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың озық тәжірибелері, оқу-әдістемелік құралдар, ҚР-ның этномәдени білім беру тұжырымдамасы,ҚР-ның ресми құжаттары, автордың зерттеушілік,педагогикалык тәжірибесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет