«7М03204-Журналистика» ббб бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін Наурызханова Еркеназ Мырзағалиқызының «Орхон жазба ескерткішінің публицистикалық құндылықтары мен өміршеңдік маңызы»
«7М03204-Журналистика» БББ бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін Наурызханова Еркеназ Мырзағалиқызының «Орхон жазба ескерткішінің публицистикалық құндылықтары мен өміршеңдік маңызы» тақырыбындағы магистрлік диссертациясының негіздемесі
Магистрлік диссертация тақырыбының өзектілігі:Публицистиканың бастауы ретінде, адамзат қоғамында қарым-қатынас құралы тілдің пайда болуын - публицистиканың алғашқы құбылыстарының бірі ретінде қарастырады. Көзбен көріп, қолмен ұстай алатын, ата-бабаларымыздың пайдаланған, ақпарат алмасқан құралдарының бірі-тасқа қашалып жазылған жазулар, суреттер болған. Осы тасқа қашалған суреттер, жазулар арқылы бір-бірімен ақпарат алмасып отырған. Осы тұста, Орхон жазба ескерткіштерін публицистика ретінде қарастыруымызға болатындығын дәлелдеп, зерттей аламыз.
Магистрлік диссертациямда Орхон жазба ескерткіштерін көркем әдеби шығарма ретінде емес, публицистика ретінде зерттейтін боламын.
Магистрлік диссертацияның мақсаты:Орхон жазба ескерткіштерінің түпнұсқаларын алып, аударып, оның публицистика екендігін дәлелдеу.
Магистрлік диссертацияның міндеттері:
Магистрлік диссертацияның ғылыми әдістемелік негізі:Диссертациялық жұмыс Орхон жазба ескерткішінің публицистикалық құндылықтары мен өміршеңдігі туралы болғандықтан, практикаға қарағанда, теориялық негіздеме бойынша көбірек жұмыс істелінетін болады. Теориялық бағытта: Т.Амандосовтың «Публицистикалық теория», Т.Ыдырысов «Шеберлік бастауы», Б.Жақып «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» кітаптарын қолданамыз. Одан бөлек Орхон жазба ескерткішін публицистика тұрғысынан зерттеген , ғылыми зерттеулерді қарастырамыз.