8- дәріс тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектепте механика бөлімін оқыту әдістемесі. Мақсаты


ІІІ МЕХАНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕР МЕН ТОЛҚЫНДАРДЫ



бет8/11
Дата21.05.2024
өлшемі161,94 Kb.
#202688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№ 8-Дәріс

ІІІ МЕХАНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕР МЕН ТОЛҚЫНДАРДЫ
ОҚЫП-ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕМЕСІ
7. Еркін механикалық тербелістер
Тербелістер тақырыбын оқып-үйрену негізгі мектептің 9 сыныбынан басталады. Онда алғаш рет тербелмелі қозғалыс ұғымы енгізілді, яғни белгілі бір уақыт аралығында барлық дененің қозғалысы қайталанады. Оған денелердің тепе-теңдік жағдайынан шығарған кездегі қозғалыстарын демонстрациялап түсіндіру керек (9-сурет).

9-сурет

Мұнда жіпке ілінген дененің резеңкеге ілінген жүктің тік, қысқышқа қысылған темір сызғыштың және ішектің, қозғалыстары көрсетіледі. Осы қозғалыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарына талдау жасалынады. Олардың ортақ қасиеттері – қозғалыстың қайталануы.


Қайталануға кеткен уақыт аралығы тербеліс периоды деп аталады.

Еркін тербелістер туралы ұғым енгізіледі. Денені тепе-теңдік қалпынан қоя берсек, онда ол өздігінен тербеле бастайды. Демек, тек энергияның бастапқы берілген қорының есебінен пайда болатын тербелістерді еркін тербелістер деп атайды. Тербелістегі денеге сыртқы күштер әсер етпесе, яғни үйкеліс күші жоқ болса, онда дененің потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға және керісінше түрленуі болады. Мысалы, жіпке ілінген дене үйкеліс күші жоқ болса мәңгі еркін тербеліс жасайды.


Е ркін тербелетін денелер әрқашанда басқа денелермен әсерлесіп және олармен бірігіп тербелмелі жүйелер деп аталатын денелер жүйесін құрайды. Мысалы 10-суреттегі тербелмелі жүйе жіпке ілінген шар, жіп, штативтен және жерден (10-суретте Жер көрсетілмеген) тұрады.
Бұл жағдайда шар ауырлық және жіптің тартылу күштерінің әсерінен еркін тербелістер жасайды, олардың қорытқы күші тепе-теңдік қалыпқа бағытталған. Еркін тербеліс жасайтын денелер жүйесін тербелмелі жүйелер деп атайды.
Біз қарастырған тербелмелі жүйе маятник деп аталады. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар:

10-сурет
1. Тербеліс амплитудасы.
11-суретте көрсетілген ұзындықтары бірдей екі маятниктің тербелістерін салыстырамыз. Бұдан бірінші маятниктің екінші маятникке қарағанда тепе-теңдік қалынан ауытқу шамасы үлкен екенін көруге болады.

11-сурет
Т ербелмелі дененің тепе-теңдік қалпынан ең үлкен ауытқуы тербеліс амплитудасы деп аталады. Әдетте амплитуданы А әріпімен белгілейді және ұзындық өлшем бірліктері – метрмен (м), сантиметрмен (см) және т.б. өлшейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет