8 –апта №15 дәрістің тақырыбы


Жыныстық жетілу.Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі



бет3/3
Дата26.10.2022
өлшемі23,87 Kb.
#154997
түріКонспект
1   2   3
Байланысты:
15,16 дәріс

2. Жыныстық жетілу.Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі . Эмбрионның үшінші аптасындажыныстық жетілу басталады .Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады.4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ . Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны 1 жасқа дейін біркелкі ,1 жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды,оның мөлшері де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады, сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады.Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11,қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады.Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыз балалардың өсу мен дамуы бірдей болады.Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілер мен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.


6 кесте
Ер баланың жыныстық жетілуі

Жасы

Ер баланың денесінде пайда болатын өзгерістер

10-11
12
13

14
15


16-17

Жыныс мүшесі мен аталық безінің үлкеюі.
Көмекейінің өсуі
Жыныс мүшесі мен аталық безінің тез өсе бастауы.Жыныс мүшелерінің түктенуі.
Дауысы өзгереді ,кеуде безі аздап ісіне бастайды.
Ұмасы пигменттеледі.Қолтық асты түктенеді.Сақал-мұрттары шыға бастайды.Жыныс мүшесі айтарлықтай үлкейеді.Алғашқы шәуһет шығаруы басталады
Сақал-мұрттары қолтығының түктері көбейеді.Қасаға аймағында ер азамат іспеттес ромбы пішінді түктер қалыптасады.

7 кесте
Қыз баланың жыныстық жетілуі

Жасы

Қыздардың организміндегі өзгерістер

8
9-11

12


13
14

15
16-17



Жамбас сүйектерінің ені артады ,жамбастың жұмсақ ұлпалары қалыптасады.
Терісінің, әсіресе бет терісіндегі май бездерінің қызметі күшейеді .Сүт бездерінің түйнегі дами бастайды
Жыныс мүшелерінің маңдайында түк пайда бола бастайды.Ішкі және сыртқы жыныс мүшелері үлкейеді.
Қынаптың ішіндегі сілтілік реакция кенет қышқыл реакцияға ауысады.
Алғаш кезде тұрақсыз ,кейіннен тұрақты түрде ай сайын етеккірі келеді. Қолтығында Түкер өседі.
Денесінің төменгі жақ бөлігі әйелдер денесіне ұқсап өзгереді.
Етеккірінің циклы толық қалыптасады,аналық клеткасы аналық безден бөлініп шыға бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет