8 дәріс «Керамикалық материалдары мен бұйымдары»


Кірпіш не керамикалық тастардан құралған ірі панельдер



бет6/10
Дата15.10.2023
өлшемі46,73 Kb.
#185613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 -1 дәріс. Керамикалық материалдары мен бұйымдары

Кірпіш не керамикалық тастардан құралған ірі панельдер

Мұндай панельдер сыртқы қабырға ретінде пайдаланылады.


Олардың биіктігі мен ені үй бөлмесінің биіктігі мен еніне тең (мысалы,
3,2 х 2,7 х 0,28 м). Олар бір, екі жəне үш қабатты болып өндіріледі. Үш
қабатты панельдің қалыңдығы 28 см (ішкі, сыртқы беттерінің өңдеулік
материалдармен тысталғанын қосқанда). Соның ішінде сыртқы екі
қабатының əрқайсысы 6,5 см, яғни кірпіштің қалыңдығына тең.
Ортасының қалыңдығы 10 см жылу өткізбейтін материал (мысалы,
минералдық мақтадан істіленген плита (тақта). Екі қабатты панельдің
бір қабаты – кірпіштен (бұл қабаттың қалыңдығы 12 см, яғни кірпіштің
көлденеңіне тең), ал екіншісі (оның да қалыңдығы 12 см) – жылу
өткізбейтін материалдан тұрады.
Бір қабатты панель – қуысты кірпіш немесе қуысты тастан құралады.
Оның қалыңдығы (өңдеулік, яғни тыстаулық материалдың шамасы (2,5 см
+ 2,5 см, қалдықтарын есептемегенде) бұйымдардың ұзындығына (25см)
тең. Ірі панельдің сыртқы беті əдетте керамикалық кілем тəрізді алуан түсті
өрнектелеген плиткалармен өңделеді (қапталады).
2) Тыстаулық (өңдеулік) керамикалық бұйымдар. Бұлар:
сыртқы(фасад-қасбет) жəне ішкі тыстамалы бұйымдар деп бөлінеді.
Қасбеттік тыстамалы бұйымдар. Олар қабырға панельдерінің,
цокол блоктарының қасбетті жағын, лоджияларды өңдеуге жəне үйдің
қабырғасын панолау (əшекейлеп сурет салу) үшін пайдаланылады.
Фасадты өңдеуге көбінесе глазурьландырылған бұйымдар
қолданылады. Глазурьлеу – бұйымның су өткізбей, ұзақ сақталуын
жақсартады. Мұндай бұйымдар Қазақстанда: Қарағанды мен
Целиноградта өндіріледі. Қасбеттік бұйымдар: беттік кірпіш пен
керамикалық тастар, ірі плиткалар жəне кілемдік керамика болып үш
топқа бөлінеді.
Кірпіштен ірі панельдер алу үшін алдымен оның жəне ондағы
терезе ойығының периметрлеріне пісіру арқылы біріктірілген қаңқалы
арматура қондырылады. Монтаждық ілгектер орнатылып, содан кейін
кірпіштер маркасы 75-тен кем емес, консистенциясы (құйылу
дəрежесі) стандарттық конустың 9-11 сантиметрге батуымен
сипатталынатын цемент негізінде дайындалған құрылысерітінділерімен қаланады. Одан соң панельдің сыртқы жəне ішкібеттері өңделеді. Ең соңында панель 10-14 сағат буландырылады да,құрылыс орындарына жеткізіледі. Мұндай панельдерді монтаждау,қабырғаны кірпіштен қалағаннан гөрі 40% аз уақыт алады. Сондықтанқабырғаны ашық ауада, суықта кірпіштен қалағаннан, ірі панельдердіцехта өндірген тиімді.Қасбеттік тыстамалы кірпіш (250х120х65) жəне керамикалықтастар (250х120х140) қолданылатын балшықтардың түрінебайланысты: оңай балқитын (күйдіргенде түсі қызыл) жəне баяубалқитын (күйдіргенде ақ түсін өзгертпейтін), ал балшықтардың
қоспадағы (керамикалық массадағы) қатынасына қарай: ақ сары жəнеқоңыр түсті болып өндіріледі. Қасбеттік кірпіштердің өзіндік құнынарзандату үшін олар екі қабатты болып жасалады: бірінші (қалың)қабатқа жергілікті қызыл балшықтар, ал екінші (жұқа – қалыңдығы 3-5 ммғана) қабатқа – көбінесе басқа жақтан əкелінетін ақ балшықпайдаланылады.Түрлі-түсті қасбеттік кірпіш өндіру үшін оның бет жағы 80% ақбалшық, 15-20% шыны сынығы жəне 5-7% минералдық бояуларқоспасымен ангобаландырылады. Ангоб шликер сұйық күйінде шикікірпіштің бетіне жағылады да, күйдіру арқылы бекітіледі. Ал қасбеттіңархитектуралық (сəулеттік) мəнерлігін арттыру үшін кірпіштер
глазурьленеді.Ірі плитка өлшемдері (250х140х10мм) кірпіштен немесе бетоннаністелінген дайын қабырғаны өңдеу үшін пайдаланылады. Қазіргі кездеондай плиткалар толық автоматтандырылған үздіксіз (толассыз)
престеу (қалыптау), кептіру, глазурьлеу жəне күйдіру процестерінорындайтын жұмыс жолында өндіріледі.
Кілемдік керамика деп аталатын уақ плитка өлшемдері 20х20х2 мм
жəне 48х48х4 мм етіліп жасалынады. Бұл плиткалар өте берік қағазға
бет (ОН) жоғымен суға ерігіш желіммен кілем тəрізді өрнектеп
жапсырылады да, теріс жағымен – құрылыс (цемент, құм жəне судан
тұратын қоспа) ерітіндісі арқылы сыртқы қабырғаға бекітіледі.
Ерітінді қатайып, плиткаларды қабырғамен байланыстырғаннан соң,
қағазды сумен жібітіп, жуып тастайды. Уақ плиткалар да зауыттарда
глазурьлендіріліп өндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет