8 дәріс «Керамикалық материалдары мен бұйымдары»


Керамикалық бұйымдардың кеуектілігі, су сіңіргіштігі, жылу өткізгіштігі, беріктігі жəне аязға төзімділігі



бет4/10
Дата15.10.2023
өлшемі46,73 Kb.
#185613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 -1 дәріс. Керамикалық материалдары мен бұйымдары

Керамикалық бұйымдардың кеуектілігі, су сіңіргіштігі, жылу
өткізгіштігі, беріктігі жəне аязға төзімділігі

Күйдірген саңылаулы керамикалық бұйымдардың кеуектілігі əдетте 10…40%:ол керамикалық массаға кеуектендіргіш заттарды қоса өседі.


Тығыздығы мен жылу өткізгіштігін азайту үшін кірпішті, керамикалық
тастарды қуыстайды. Керамиканың су сіңіргіштігі – оның кеуектілігін сипаттайды. Кеуекті керамикалық бұйымдардың массалық су сіңіргіштігі – 6-20%, ал тығыз бұйымдардікі – 1-5%.
Жылу өткізгіштігі. Абсолютті тығыз керамикалық бұйымның
жылу өткізгіштігі жоғары – 1,16 Вт/(м.оС). Ауамен толған саңылаулар
мен қуыстар бұйымдардың тығыздығын төмендетіп, жылу
өткізгіштігін едəуір (айтарлықтай) азайтады. Мысалы, қабырғалық
бұйымдардың тығыздығы 1800-ден 700 кг/м3-ға дейін төмендетілсе,оның жылу өткізгіштігі 0,8-ден 0,2 Вт/(м.оС)-қа дейін азаяды. Осыған
сəйкес сыртқы қабырғаның қалыңдығы азайтылады, яғни қоршаулық
конструкциялардың тиімділігі асады. Олардың материал –
шығымдылығы төмендейді.Керамикалық бұйымның беріктігі оның фазалық құрамына,кеуектілігіне жəне шытынауына (жарықшақталуына) байланысты.
Қабырғалық керамикалық бұйымдардың (кірпіш, т.б.) маркасы, олардың
сығуға беріктігі арқылы анықталады. Осыған қарамастан, əрдайым олардың
июге беріктігі де анықталынады, себебі кірпіш қабырғада ию күші əсеріне
де кедергі көрсетеді. Кеуекті бұйымдардың маркалары – 75-300,
тығызбұйымдардың маркалары (жолға төселетін кірпіш, т.б.) 400-1000.
Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділік маркасы, олардың су
сіңіргеннен кейін неше (қанша) тоңазу-жылыту (жібіту) цикліне
қабыршақтанбай, шытынамай, майдаланбай шыдағанын көрсетеді.
Керамикалық бұйымдардың құрылымына байланысты аязға төзімділігі
мынадай маркалармен сипатталынады: Г15, Г25, Г35, Г50, Г75, Г100.
Егер керамикада “қауіпті” саңылаулардағы судың мұзға айналу
əсерінен көлемнің өсуін қабылдай алатын резервті саңылаулар
жеткілікті болса, онда ол аязға төзімді болады. Резервті саңылауларға
200 мкм-ден үлкен, оларда судың қалуына капиллярлық қысымы
жеткіліксіз ашық саңылаулар жатады. “Қауіпті” саңылауларда төменгі
аяздарда (-10оС-та) қататын су сақталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет