4.5. Қабырғалық жəне тыстаулық (өңдеулік) керамикалық
бұйымдар
Қабырғалық керамикалық бұйымдар. Бұлардың маңызы зор,өйткені оларқұрылыста қолданылатын барлық қабырғалық
бұйымдардың тең жартысы (50%-і). Көп тараған түрлеріне мыналар
жатады: кəдімгі күйдірілген кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар(қуысты кірпіш), қуысты керамикалық тастар, т.б.), кірпіштен не
керамикалық тастардан құралған ірі панельдер.Кірпіш (кəдімгі) тығыз (қуыссыз) формасы тік бұрыштыпараллелепипед, өлшемі 250 х 120 х 65мм, оңай балқығыш балшықтардан(қосымша заттарсыз не солармен) істелінеді. Тығыздығы 1600-1900 кг/м3,жылу өткізгіштігі – 0,7-0,8 Вт/(м.оС); беріктігіне сəйкес (R сығу) 7 маркаменсипатталынады: М75, М100, М125, М150, М200, М250, М300. Сусіңіргіштігімен сипатталынатын кеуектілік мөлшері маркасы М150-денжоғары кірпіш үшін 6%-тен кем емес, ал басқа маркалы кірпіш үшін 8%-тенкем болмауы қажет. Кеуектілігі азайса, кірпіштің жылу өткізгіштігі артып,құрылыс ерітіндісімен байланысы əлсірейді. Кірпіштің аязға төзімділігі
15 циклден кем болмауы қажет. Əдетте бұл қасиеттің маркалары – Г25,Г35, Г50. Кірпіш көбінесе панельдер жасауда қабырға, пеш пен мұржақалауға қолданылады.
Тиімді қабырғалық керамикалық бұйымдар.
Кəдімгі керамикалықкірпіштің жылу өткізгіштігі жоғары, осының салдарынан сыртқы қабырғақалың – 2 немесе 2,5 кірпіш, яғни 52 немесе 64 см болып істелінеді. Бірақ,мұндай жуан қабырғаның жоғарыдан түскен күшке кедергісі (беріктігі) өтекөп, пайдаланылмай қалады, салмағы да ауыр (1м2 қабырғаның салмағы –800-1000 кг). Сондықтан оның орнына беріктігі жоғары (артық емес), бірақжылу өткізгішті төмен бұйымдарды пайдаланған жөн. Бұл жағдайдақабырға қалыңдығы жұқарады. Осындай бұйымдарға қуыс кірпіш, қуыскерамикалық тастар жəне диатомит пен трепельден өндірілген кірпіш пентастар жатады.
Қуысты кірпіштер. Қуыс керамикалық тастар.Кəдімгі қуыссыз, тығыз керамикалық кірпіштің өлшемдері – 250 х 120х 65 жəне 250 х 120 х 88 мм, яғни соңғы кірпіш – қалыңырақ, оны –модульді* кірпіш дейді. Қуыс кірпіштердің өлшемдері кəдімгікірпіштердікіндей, бірақ олардың іші қуысталынған. Қуыс тастардыңөлшемі, кірпіштердікінен үлкенірек. Кірпіш пен тас қуыстарыныңформасы дөңгелек не тік бұрышты, өлшемдері де, кірпіштегі сандарыда əртүрлі. Қуыс – бұйымдардың төсеу бетіне тік не жазық бағыттаорналастырылады. Олар бір шеті бітеу, не шеттері ашық болып
жасалады. Кірпіштердің қуыстылығы 42%-ке, ал тастардікі – 50%-ке
дейін.Диатомит пен трепельден жасалған кірпіш пен тастар –
қабырғалық-керамикалық бұйымдардың тиімділігін арттырады.
Өйткені олардың кеуектілігі кəдімгі (қуыссыз) жағдайдың өзінде
жоғары, су сіңіргіштігі 8%-тен кем емес, оған қоса олар да
қуысталынуы мүмкін. Олар тығыздықтарына байланысты 3 класқа
бөлінеді: А, Б жəне В: сəйкесінше 0,7…1 т/м3; 1…1,3 т/м3 жəне 1,3 т/м3-дан
жоғары – аязға төзімділігі бойынша маркалары Г15 кем емес.
Тиімді қабырғалық-керамикалық бұйымдардың қуыс түрлерін
өндіру үшін қалыптағы престің мүштігіне қажетті нұсқалы өзекболатты қапсырма шегемен бекітеді.
* Модуль (өлшем) І) техникада: өте маңызды коэффициентке немесе мөлшерге берілетін ат; 2) архитектурада: үй немесе басқа бір құрылыстың бөлшегі. Осы бөлшек – өлшем ретінде қабылданып, ол арқылы үйдің басқа бөлшектерін немесе үйді толығымен сипаттау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |