8 Күндік оқу туралы рефлексия. Гиббс схемасын қолдана отырып, әдістер туралы түсінігіңіз бен көзқарасыңызды талдаңыз Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу. Сұрақтардың жанына өз ойларыңызды жазыңыз.
Пит Дадлидің нұсқаулығында берілгендей, «Сабақты зерттеу» - сабақтарда іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше формасын сипаттайтын, мұғалімдік тәжірибе шеңберінде білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл. Ал іс-әрекеттегі зерттеу- тәжірибені жетілдіру, терең түсіну мақсатында немесе қабылданған шешім туралы хабарлау үшін сыныптағы жұмысты, тәжірибені жүйелі зерттеу. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында төмендегідей жоспар құрылатындығы мәлім.
1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.
2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.
3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.
4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.
5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.
Сабақты зерттеу тәсілі бірлескен топ мұғалімдерімен бірлесіп әрекет ету ретінде қарастырылса, іс-әрекеттегі зерттеу практик-маман өзінің оқыту тәжірибесіне белгілі бір өзгеріс енгізіп, сол өзгерістің ықпалын зерделеуі ретінде айқындалады. Бұл орайда білім беру үдерісіне қатысатын адамдарды, мысалы ата-аналар және мектеп қауымдастығының басқа да мүшелерін, жоғары оқу орындарының оқытушыларын тартуға болады.