8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!!! Құрметті ардақты аналар, ұстаздар қаракөз қыздар! Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!
"Ассоциация әдісі" Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Мақал-мәтел
Адасқан әріптер
Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, діңімізді де, тілімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. "Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында" деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
Сөзжұмбақ Кетті қысқы ызғар, Еріп жатыр мұздар. Мерекеңіз бүгін, Қызғалдақтай қыздар! Болса да өзге жүрек, Адамға адам – тірек. Сіздерге айтар мынау, Мерекелік тілек: Карау жүрсін қашық, Алшы тұрсын асық. Берекесін берсін, Сіздер еткен кәсіп! Әр таңдарың атқан, Бақыт берсін батпан. Кұрастырсын құдай, Табысынды тапқан
Бүгін Наурыздың сегізі, Сұлулықтың егізі. Әдемі сөз анамның, Анаға айтар лебізі. Мәпелейсің мені анам Қолыңдағы құсыңдай Құлпыра өсіп дем алам Құшағыңда қысылмай
Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық Өмірдің көктемі де гүлі-аналар, Ана деп бас иеді күллі халық Біз ғана емес, Қадір тұтқан балалар. Аналардан туған небір даналар, Ана деген- тіршіліктің тірегі Армысыздар, ұстаз аналар! Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күні сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ қиған қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай.
Он бес пен он сегізде жасыменен.
Құттықтаймыз аналарды,қыздарды, Мерекеден шуақты бір із қалды. Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, Нұрын шашсын мерекге өңірлер