8-сынып Химия пәні мұғалімі: Ибраимова Улбала Ахмадияровна Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кмм №24 орта мектеп



Дата06.03.2023
өлшемі194,56 Kb.
#171272
Байланысты:
9 сабақ. Термохимиялық реакциялар— копия


Тақырыбы: Термохимиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер
8-сынып
Химия пәні мұғалімі: Ибраимова Улбала Ахмадияровна
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің КММ №24 орта мектеп
  • 8.3.1.5 -энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
  • термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару әдістерін меңгереді

Оқу мақсаты
Бағалау критерийлері
Термохимиялық теңдеулер
Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектісінің шамасы көрсетіледі. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады.
С+О2→ СО2+402,24 кДж 
Н2О→ Н2↑+ О2↑- 572 кДж
Термохимиялық теңдеулер
Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады. Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңіріледі.
Жылу эффектісі температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді. Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды. 
Есептер шығару
1 есеп: Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша 5 кг көмір жанғанда қанша жылу бөлінеді.
С + О2 = СО2 + 402,24 кДж
Берілгені: Шешуі:
m=5кг = 5000г Реакция теңдеуін жазамыз:
5000г х кДж
т / к: Q-? С + О2 = СО2 + 402,24 кДж
12г
х= 5000 * 402,24 =167600 кДж
12
Есептер шығару
2 есеп: Массасы 4 г күкіртті жаққанда 37,1 кДж жылу бөлінді. Күкірт (ІV) оксиді түзілу реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар.
 
Берілгені: Шешуі:
m=4г 4г 37,1 кДж
Q = 37,1 кДж S + O2 = SO2 + Q
т / к: Q-? 32г х
х=32 * 37,1 = 297 кДж
4
S + O2 = SO2 + 297 кДж
Бекіту тапсырмасы
1 тапсырма
0,5 кг әктасты айыруға қанша жылу жұмсалады?
СаСО3 = СаО + СО2↑ - 180 кДж
Жауабы:
Берілгені: Шешуі:
m=0,5кг =500г 500г х кДж
СаСО3 = СаО + СО2 – 180 кДж
т / к: Q-? 100г
х= 500 * 180 = 900 кДж
100
Бекіту тапсырмалары
Бекіту тапсырмалары
2 тапсырма
Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша
2Н2+О2 = 2Н2О+570 кДж
80г оттек сутекпен әрекетттескенде бөлінетін жылу мөлшерін есепте.
Бекіту тапсырмалары
Жауабы:
Берілгені: Шешуі:
m=80 г 80г х кДж
2Н2 + О2 = 2Н2О + 570кДж
т / к: Q-? 32г
Х = 80 * 570 = 1425 кДж
32
Оқу тапсырмасы
  • Термохимиялық теңдеу деген не?
  • Жылу эффектісі деген не?

Қорытынды
Бүгінгі сабақта:
  • Термохимиялық реакция теңдеулеріне есептер шығара аламын;
  • Термохимиялық теңдеулерге мысал келтіре аламын;

Қосымша ресурстар
М.Б.Усманова, Қ.Н. Сақариянова, Б.Н.Сахариева
Химия оқулығы 8- сынып.
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет