8 сыныптар Дайындаған: химия пәні мұғалімі А. А. Калиева 2015 – 2016 оқу жылы



Дата31.01.2018
өлшемі139,24 Kb.
#37090
«Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретің мектеп» КММ

Тақырыбы: «Химия әлемі»

(8 - сыныптар)



Дайындаған: химия пәні мұғалімі

А.А. Калиева

2015 – 2016 оқу жылы

03.02.2016ж.

8 сыныптар «А,Б»

Сыныптан тыс жұмыс

«Химия әлемі» интеллектуалды-танымдық ойыны

Мақсаты: Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,сұрақ тапсырмаларын, сөзжұмбақ шешу, есептер шығару, тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту,білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.

Көрнекілігі: презентация, шарлар, химиялық формулалар

Жүргізуші:

Біліммен ашасың жол ғылымға,

От боп лаула, су боп кейде құйыл да.

Домалақ жер, аспан көгі, өзен де,

Айтылыпты ақындардың жырында.
Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,

Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.

Ішсек дәрі, тірі ағзада құбылыс,

Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға.


Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар!

8 сынып оқушылары арасында өткізіліп отырған «Химия әлемі» интеллектуалды-танымдық ойынына қош келдіңіздер!



Жоспармен таныстырып өтейін:

1-бөлім. «Бәйге»
2- бөлім.. «Ой қозғау »


3-бөлім. «Полиглот» Бұл тур екі сатыдан өтеді

4-бөлім.“Есептер сыры”

5-бөлім.“Химиялық портрет”

Сайысымызды әділ бағаларын қойып, бақылап отыратын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.



Жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар


Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте Бәйге- сайысы.

  1. бөлім. «Бәйге»

  1. ші топқа қойылатың сұрақтар
    1. Зат массасының сақталу заңын кім ашты? (Ломоносов)
    2. Авагадро саны тең? (6, 02. 1023)
    3. Газдың моль көлемі? (22, 4л/моль)
    4. Өндірісте сутекті қалай алады? (электр тогының әсеріне судың айырылуы)
    5. Қышқылдар қандай болады? (сұйық және қатты)
    6. Реттік номері 29 - шы элементтің неше электрон қабаты бар?(4)
    7. Периодтық жүйеде неше период бар? (7)
    8. Қай элементтің атомдық массасы 12? (Mg)
    9. Реакция типтерін ата?(қосылу, алмасу, айырылу, орынбасу)
    10. Емдік қасиеті бар улы газ? (H2S)
    11. NH3 молекуласындағы химиялық байланыс? (ковалентті полисті)
    12. Хлордың жоғарғы валенттілігі? (7)
    13Сілтілік метальдардың периодтық жүйеде орналасуы? (І топ, негізгі топша)
    14. Еріген заттың массалық үлесі өлшенеді? (пайызбен)
    15. Оттектің аллопоропиялық түр өзгерісі? (озон)


  2. топқа қойылатың сұрақтар

1.Заттар дегеніміз (денелерді құраушылар)

2.Химия пәні нені оқытады? (заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін оқытады)

3.Екі немесе одан да көп заттардан тұрады. Ол қалай аталады және қанша түрі бар? (қоспа деп аталады. Екі түрі бар: әртекті және біртекті қоспа)

4.Сүзу әдісімен бөлінген ерітіндіні қалай атайды? (сүзінді)

5.Химиялық реакцияның қандай белгілерін білесің? Атаңыз. (жылудың бөлінуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі, т.б)

6.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (молекула)

7.Берилий, мырыш, кальций, магний валенттіліктері (тұрақты екі валентті)

8.Химиядағы басты ұғым (химиялық элемент)

9.Формуланың алдына қойылатын сан (коэффициент)

10.Химиялық реакция типтерін атаңыз (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу)

11.Авогадро тұрақтысының мәні (6,02*1023)

12.Заттардың өзара әрекеттесетінін көрсететін таңба («+» қосу таңбасы)

13.Алмасу реакцияна қандай заттар қатысады? (екі күрделі)

14.Зат мөлшерінің белгіленуі, немен өлшенеді? (ню, мольмен өлшенеді)

15.Қосылу реакциясы дегеніміз (екі немесе бірнеше заттар өзара әрекеттесіп, бір күрделі заттың түзілуін айтады)


Жүргізуші:

Химия - ырыс бұлағы


Шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз - нұр сәулет
Аялдама, алға ұмтыл
Құдіретті біздің ой
Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой,- деп екінші тапсырмамызға кезек берейік.

ІІ. «Ой қозғау»

Оқушылардың валенттілік ұғымын қалай меңгергендігі, химиялық формулалар құрастыру біліктіліктерін тексеріледі



І топ

1.Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықта (тапсырма үлестірме ретінде берілген)



SiH4, CrO3, H2S, CO2 , K2O, CO

2.Қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар:

VI II II I III I VII II


СrO, BaCl, AlH, MnO ІІ І VІ ІІ

МgСІ, SО




ІІ топ


1.Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықта (тапсырма үлестірме ретінде берілген)

HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3 , SO3, Al2O3,

2.Қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар:

II I III I V II III II


CaCl PCl NO CrO III II VII II

PO, ClO,



Жауаптары:


І топ

IV I VI II I II IV II II II VI II

SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3

СrO3 BaCl2 AlH3 Mn2O7 P2O3


ІІ топ

I I V II VII II III I I II III II

HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3

CaCl2 PCl3 N2O5 Cr2O3 Cl2O7



VI II III II І ІI VІ ІІ

SO3, Al2O3, K2O, CO2


PO, ClO, МgСІ, SО


Деңгейлік тапсырмалар (10 мин)

Үлестірмелер бойынша оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды. Реакция теңдеуін аяқтап, коэффициенттерін қойыңыз. Реакция типтерін анықтаңыз. Реакция типтерін дұрыс анықтағанда химиялық элементтің аты шығады.



І топ

Zn + HCl → ZnCl2 + ….

Fe + ….. → FeCl2

AI(OH)3 → AI2O3 + …..

Cu + ….. → Cu S

ІІ топ

Na + ….. → Na2S

HgO → ….. + …..

Mg + HCl → ….. + H2

Ca + HCl → ….. + H2

Жүргізуші:

Химия мен медицина дамыған,

Өндірісте химияны таныған.

Химиясыз кірмес жердің құнары

Мұндай ғылым әр кез биік тұрады,-

деп үшінші тапсырмамызға келейік.



3-бөлім. «Полиглот» Бұл тур екі сатыдан өтеді

  1. Химиялық таңбалармен жұмыс
    Тапсырма: «Таңбаны оқып, қазақша ,орысша және латынша атаңыз». Әрбір оқушыға бір элементтің таңбасы көрсетіледі.
    Аи - алтын - аурум ----------------------------- Si - кремний - силициум
    С - көміртегі - корбанеум -------------------- Ғе - темір - феррум
    Нd - сынап - гидраргирум --------------------- Zh - мырыш - цинк
    Си - мырыш - купрум --------------------------- Рв - қорғасын – плюмбум

2. Анаграммадан сөз құрастыры→п, қазақша - орысша атап, формуласын айту.
Оди - иод - иод J2 ------------------------------- Мкүіс - күміс - серебро Аd
Түрірк - күкірт - сера S ------------------------- Омрб - бром - бром Вr
Латын - алтын - золото Аd -------------------- Тотке - оттек - кислород О2
Пансы - сынап - сурьма Нd ------------------- Кутсе – сутек - водрод Н2
Ротф - фтор - фтор Ғ2 --------------------------- Раног - аргон - аргон Аr

Жүргізуші:

Химияны оқу парыз әркімге,

Оқиды оны барлық елде, әркімде

Химияның оқыңдар әр бөлімін,

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,-деп ендігі ойынымызда «Есептер сыры»
4-бөлім.“Есептер сыры”

І топ

1. 5,6 г магнийдің зат мөлшері қанша?

2. Мыс оксидіндегі (СuО) мыстың массалық үлесін тап

3. Мына заттың KCl салыстырмалы молекулалық массасын табыңыз




ІІ топ

1. 54 г суда қанша моль зат бар

2. Судағы сутектің массалық үлесі қанша

3. Мына заттың Al(OH)3 салыстырмалы молекулалық массасын табыңыз



5-бөлім. «Химиялық потрет» тапсырмалары


І

Орыс химигі, Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Химиялық элементтерді ретке келтіріп 35 жасында өзінің атақты ғылыми жаңалығын паш еткен, математика мен физиканың әдістерін химияның күрделі мәселелерін шешуге қолданған орыстың ұлы ғалымы, педагог және қоғам қайраткері (Д.И. Менделеев)



ІІ

Шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды. 1748 жылы атом-молекулалық ілімінің негізін жариялаған және де химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңын ұсынған орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, суретші, тарихшы (М.В. Ломоносов)



ІІІ

1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамал жасап, осы жорамал негiзiнде ол негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. Ол өз есiмiмен универсалдық тұрақты сан (6,02*1023) – идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны деп атаған итальян физигi және химигі (Амедео Авогадро)


Жүргізуші:

Білім сайыс болғаннан соң шабысы


Қосылады әр сыныптың мықтысы
Қобалжисың топтан қалай озам деп
Көрінеді алған білім табысы – дей келе келесі кезекті әділқазы алқасына берсек.

Әділқазылардың шешімі



Жүргізуші:

Ойын – толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та,

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын- толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - деп бүгінгі « Химия әлемі» интеллектуалды-танымдық ойынымызды аяқтаймыз.

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!!


Бағалау парағы



топ

«Бәйге»

Ой қозғау

Полиглот


Есептер сыры

Химиялық портрет

Қорытынды

І – ші топ



















ІІ- ші топ

















Көрермендермен жұмыс

Жұмбақ аралы”

Ережесі: химиялық элементерге қатысты жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақша оқылуын айтасыздар. Әр сұраққа 10 балмен есептеледі. Толық болмаса 5 балмен есептеледі.
8 сынып

1.Күміс түсті металл өзі

Ақ бор, әктас, мәрмәр еді

Жер металы десек те

Сан құрылыстың өзегі (кальций, кальций)
2..Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып (сынап, гидраргирум)


. Тағады оны төсіне

Алтыннан басқа алдына

Салмақты та сабырлы

Теңеу айтып оған да (күміс, аргентум)

4. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ (оттек, о)



6. Өзім газбын, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі)
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет