8-тақырып: Дәрі-дәрімектерді қолдану әдістері



бет1/6
Дата14.06.2020
өлшемі23,06 Kb.
#73398
  1   2   3   4   5   6

8-тақырып: Дәрі-дәрімектерді қолдану әдістері


  • Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау

  • Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны қолдану

  • Тұрындыны, экстракты (шырсөлді) қолдану

  • Науқасқа ұнтақты қолдану

  • Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу

  • Көзге тамшы тамызу


Дәрі-дәрімектерді қолдану әдістері
Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

  2. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

  3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).

  4. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

  7. Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.

  8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

  9. Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.


Ескерту:

  • қабығы бар таблетканы науқастын жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

  • науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;

  • дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет