8. Зертханалық сабақтар мазмұны Тақырып Жасушаны зерттеудің оптикалық әдістері Мақсаты


Тақырып 4. Жасушаның тұрақсыз қосылыстары



бет4/13
Дата07.02.2022
өлшемі163 Kb.
#88302
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
3142 Биология клетки для ХБ (3)

Тақырып 4. Жасушаның тұрақсыз қосылыстары
Мақсаты: Клектаның тұракты қосындыларының тұрақсыз түрінен айырмашылығы неде екенін біліп, тұрақсыз косындылар қалаи жіктелстінін білу. Олардың әр түрінің ерекшелігін түсініп, анықтамасын айтып, препаратта тұрақсыз қосындыларлы бір-бірінен ажырату керек, әрі олар қандай ұлпаларда болатының түсіндіріп, оларды аныктау тәсілін білу
Тапсырмалар:
1) бауыр препаратынан әдейі май қосындыларын анықтауға өнделген бірнеше клтекаларды кіші ұлғайтқышта тауып, олар жасушаның бойында мөлшері әртүрлі қара домалақ түйіршіктер түріңде орналасқанын көріп, үлкен ұлғайтқыштағы 1-2 жасушаның бейнесің сурет дәптеріне салып: 1 - жасуша шетін; 2 — цитоплазманы: а- май қосыпдыларын; 3 - ядроны белгілеу керек.
2) бауыр препаратынан гепатоцит цитоплазмасында қызыл түске боялған, көлемі әрқилы түйіршіктерді көріп, ол гликоген екенің түсініп, үлкен ұлғайтқышта бірнеше жасушаның бейнесін дәптерге салып алып, ондағы ядроны және гликогенді (көмірсу қосындысы ретінде) белгілеу керек.
3) көздің торлы қабығынан арнайы әдіспен боялмаған препараттан коңыр түсті байқап, ондағы жасушалардың ортасында көпіршік тәрізді ядросын көріп, оның төңірегінде және өсінділерінде жаңагы коңыр түстер пигменттік қосындылар екенін түсініп, олардың бейнесін дәптерге салып, аталған қосындыны корсету қажет. Оған анық көз жеткізу үшін атластың суретіне назар аударған жөн.
4) Тұрақсыз қосындыларға мысал ретінде жалпы студенттер көруге арналған пренаратгардан, әрі атластағы суреттен, әр түрлі ұлпа жасушаларындағы қосындыларды, олардың бейнелерін көріп, тұжырым жасау керек.


Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Зертханалық жұмысты орындау әдістемесімен танысып, тапсырмаларды және зертханалық жұмысты орындау барысын дәптеріңізге жазу қажет. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер:Н:1-3, Қ:1-8; ИК: 1-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет