82. Сабақтың тақырыбы: Музыка жанырлары. Сабақтың Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі64,64 Kb.
#32386
82. Сабақтың тақырыбы: Музыка жанырлары.

Сабақтың Мақсаты: Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру .

«Сабақтың міндеттері:

- сөздік қорын молайтады, тілін дамытады

- баяндау арқылы өз ойын жеткізе білуге үйренеді

-жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады



Күтілетін нәтиже:

А- оқушы диалог құрастыра алады;

В- сұрақ құрастыра алады.

С- сұрақтарға жауап бере алады.



Ресурстар: фишкалар, доп, қағаз, маркерлар, интербелсенді тақта, стикерлер, смайликтер


Кезеңдер

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер

«Сұрақты ұстап ал» әдісі. (ДО)

2. Үй тапсырмасын тексеру



2мин

5 мин



Психологиялық тренинг:

Шаттық шеңбер құру.

Оқушыларды 1-3 санау арқылы топқа бөлу.
Допты лақтырып, сұрақ қояды.


Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне ізгі ниет білдіріп, жақсы тілектер айтады.

Оқушылар 1-3 санау бойынша топтасады.

Оқушылар үйде дайындаған сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап береді.


Әр жауап фишкамен бағаланады

Спикер бағалайды


2. Қызығушылық ояту

Ой қозғау: «Миға шабуыл» әдісі.

Ән тыңдату


8мин

- Бүл әнді танисыңдар ма?

  • Қазақша әндерді тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

  • Мектептегі қоғамдық шараларда кім ән айтады?

Бүгін сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыңдар? Сабағымыздық тақырыбы қандай? Мақсаты қандай?

Сабақтың тақырыбын жазу:

«Музыка жанрлары».


Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.




Әр жауап фишкамен бағаланады

Спикер бағалайды



Мағынаны ажырату

1.Интербелсенді тақта


2.Мәтінмен жұмыс.

Топ жұмысы
3.Тапсырмаларды қорғау

стикерлар

4.Грамматикалық тақырып.

5.Сергіту сәті



15 мин

6 мин


2мин

Жаңа сөздермен таныстырамын

Сөздік

Пікір – мнение

Қадірлеу – уважать

Кәсіп ету – заниматься

Үнтаспа – диск

Армандайды – мечтает


Мәтінді тыңдау
Формативті бағалау

Стикер арқы

Жеке жұмыс

Дене қимылын көрсету.



Оқушылар «Пирамида» әдісі бойынша сөздермен жұмыс жасайды. Сөз тіркесін, сөйлем құрастырады, жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады.

Мәтінмен жұмыс жасайды.

1.Берілген диалогті оқып, өзара сөйлеседі. Диалогқа ат қояды.

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сұрақ қою.

Әр топтан оқушы шығып, өз жұмыстарын қорғайды

Еріндік дауыст. қойып жазу

Дене қимылын жасайды


Шапалақтау

Шапалақтау



Білік-дағдыны тексеру

Рефлексия

Ұсыныс

Үйге


5 мин

«Қазақ әндері» тақырыбына еркін хат жазу тапсырмасы беріледі.

Оқушылар «Қазақ әндері» тақырыбына еркін хат жазып, әр топтан бір оқушы оқиды.




2 мин

Стикер тарату

Үйге тапсырма беру.




Стикерлерді толтыру, сабақты бағалау «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады:

Тапс. №5 әншілер туралы мәлімет дайындау.

Жаңа сөздермен сөйлем құрау



Суммативтік бағалау


Ән — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді. Әуендік-интонацация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ әндері Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы тағы басқа болып айқындалады. Халқымыздың ән шығармашылығы негізінен домбыра аспабының сүйемелдеуімен дамыған. Тақпақ-сазды екпіндегі нөсер терме, желдірме-толғаулар және кең тынысты созып айтатын көтеріңкі әндер көбіне халықтық әндерге тән. Қазақстанның кәсіпқой композиторларының әндеріне өмірдегі сан-алуан тақырып арқау болған. Отандық ән жанрының дамуына Абай, Ақан сері, Мұхит, Біржан, Балуан шолақ, Үкілі Ыбырай, К. Әзірбаев, Н. Бекежанов, Л. Хамиди, Б. Байқадамов, С. Мұхамеджанов, С. Кәрімбаев,Ә. Еспаев, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, М. Маңғытаев,Т. Базарбаев, Е. Хасанғалиев т.б. елеулі үлес қосқан. 
Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады. 
Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді. 
Марш (фр. marche, marsch, итал. marcіa) — әуен-ырғағы, өлшемі жігерлі муз. шығарма (жанр). М-тың өлшемі 2/4, 4/4 және 6/8. Әскери М., жорық М-ы, парад М-ы, жерлеу немесе қаралы М. болып бөлінеді. Сонымен қатар М. жанры опералық симф., фортепьянолық, аспаптық музыкада, балет пен театр музыкасында да кездеседі. Қазақстанда М. жанрының тууы Құрманғазының есімімен (“Перовский марш” күйі) байланысты. Қазақстан композиторлары А.В. Затаевич “Қазақ маршы” (1925), Р.Елебаев “Жолдастар” (1930), Л.Хамиди “Қызыл әскерлер жыры” (1939), М.Төлебаев“Шахтер әні” (1947), т.б. Марштық шығармалар жазды. Ш.Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әні — көпшіліктің сүйіп айтатын мемлекеттік әнұран 
Каталог: uploads -> doc -> 07bc
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07bc -> Сабақтың тақырыбы: Абылай ханның өмірі, қызметі Сабақтың мақсаты
07bc -> Сабақтың тақырыбы: § 39. Наурыз мейрамы Сабақтың мақсаты
07bc -> Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлуді қайталау Математика 3 "а" сынып №2Қашар орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет