84. Экспо – 2017 көрмесін өткізудің маңызы



бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі24,23 Kb.
#111138
  1   2   3
Байланысты:
84 85


84. ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізудің маңызы.

Еліміздің астанасында ЕХРО ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысы Назарбаевтың еңбегі.    

Республикамыз 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Осы уақыттан бастап республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін ресми түрде кірісті.

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналды.  

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өткен алғашқы көрме болды.

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436  Жарлыққа қол қойса

2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне  таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді.

Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтті.. Ұйымдастырушылары таңдаған тақырып - Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

ЕХРО-2017 көрмесінің символдары ретінде Қуат, Мөлдір және Сәуле таңдалды.

Қуат (күш, билік) - жердегі энергияны білдіреді.

Мөлдір(айқын, таза) - судан алынған энергия.

Сәуле(күн сәулесі) - күннен алынған энергия.



Көрмені өткізу Астана қаласының, сонымен бірге республикамыздың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет етеді. Мұндай мамандандырылған көрмелерде әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің ең үздік инновациялық, технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін әлем назарына ұсынады. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастыруға бет алып, жаһандық экономиканың өрлеуін де, мәдениеттің мәйегін де, өнердің гүлденуін де паш етеді.

ЭКСПО - республикамыздың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуының қосымша стимулы. Әлемнің әр түкпірінен келген жаңа, заманауи, инновациялық технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу қағидалары да көрсетілді. Соның нәтижесінде, біз басқа елдердегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә болды. Өз еліміз бен алдыңғы қатардағы елдердің арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын ажыратып, өзіміздің деңгейге баға бердік.

Біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол.

Екіншіден, бізге түсетін, ақшалай пайда көрсеткіштері. Оны қуаттау үшін, өзге елдердің көрмеден алған пайдасын санап көрелік. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд $ болса, Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн еуроға жеткен. Біздің мемлекетке-де айтарлықтай пайданың болары айдан анық.

Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығаяды. Оның көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындықты бастады. Германия бізге құрылыс саласында тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл инициативаны немістер бастаған еді. Соның төңірегінде елімізде жаңадан жұмыс орындары ашылуда. Астана қаласында қонақүйлер салынуда. Бұл көрме аяқталғаннан кейін-де қонақүйлеріміз Қазақстанның «әмиянын» толтыратыны қуантады.

Төртіншіден, көрме кезінде жастарымыздың көңілдері көтеріңкі болары анық. Неге десеңіз? Қазіргі таңда жастарымыз «Work and travel» бағдарламасы бойынша шетелге тіл үйренуге кетіп жатыр. Бұл бағдарламаға қыруар, ақша кететіні өкінішті. Ендеше, ЭКСПО уақытында тегін тәжірибеден өтуге мүмкіндік туады.

Бесіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етеді. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Қазақстанның жеңісі бізге деген қызығушылықтың барын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет