85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі



бет8/22
Дата27.05.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41017
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Сейітман С. Домбыра. Алматы: Хантәңірі, 2014. - 324 б.

Ақын Серік Сейітманның бұл жинағына азаматтық лирикалары мен өлең тақырыптарына сай «Шумақталмаған ойлары», «Лебіздің мәні» айдарымен зиялы қауымның пікірлері еніп отыр. Кітапта қазақтың ұлттық жэне мемлекеттік кұндылықтары өлең тілімен өрнектелген.






Ерман Ж. Алыстан және жақыннан. Өлеңдер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар, көркем очерктер, естелік-эсселер. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013. - 384 б.

Жыр мүшәйраларында бас бәйгені де, басқа бәйгені де канжығасына талай байлаған Жүрсін Ерманның бұл кітабына жүлделі өлеңдері топтасқан. Әріптестерінен оң бағасын алған көркем очерктері бүгінгі ел тынысын қызғылықты суреттейді. Қазақ руханиятының көрнекті қайраткерлері Өзбекәлі Жәнібеков, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Сағат Әшімбаев және айтыскер ақын Оразалы Досбосынов жайлы естелік-эсселері де оқырман ықыласына лайық. Мерейтойға орайлас жазылған арнау өлеңдер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар да өз оқырманын табары сөзсіз




Матайқызы Д. Айналайындарым менің. - Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2014. - 288 б.

Өмірден көргені мен түйгені көп мейірбан ана Ділдә Матайқызының «Айналайындарым менің» кітабы жас ұрпақтың тәрбиесіне арналған. Автор өзінің өмірбаяндық деректерін ұлттық салт-санамызбен, дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра отырып кейінгі толқын — жас ұрпақтың санасына ғибратты әңгімелерді құяды.



«Таң торғайы шырылдағанда ұлы төсегімнен көтеріліп, жарық дүниенің нұрына жүзімді шәйіп: «Иә, жаратқан ием, әр пендеңе ынсап, қанағат бере гөр. Бауырын бүтін, басын аман ете гөр. Ел мен ерімізді жақсылыққа жолықтыр. Ақ сөйлеген адалдың «бұ дүниеде жиғаны бұйырғай, о дүниеде иманы бұйырғай», — деп тілек ететінім бар» деген әдемі де әсерлі, оқырманын бірден баурап алатын жолдарымен басталатын кітап жеңіл оқылады. Оқырманын ойландырады, ойландыра отырып, Отан сүйгіштікке, туған халқы мен ана тілін шексіз сүюге, қайратты да қайсар, өжет те ержүрек әрі ақылды һәм парасатты болып өсуге тәрбиелейді.





Сәрсеке М. Шығармалары. Деректі хикаяттар мен әңгімелер. Т2. - Астана: Фолиант, 2014. - 330 бет.

Қазақ қауымына жақсы мәлім, орыс тіліне де аударылып, жұртшылық тезінен өткен деректі хикаяттары туралы: «Өмірлік мүраттарымыз жаңарған соң өткен тарихымызға деген бұрынғы көзқарас түбірімен өзгерді. Күні кеше құнды болған жайттарға сыпыра жаңару жүруде. Кезінде жұртшылыққа ұсынылған, мақтау-мадақ көрген кейбір шығармалар қате түйсікпен марапатталған деген желеумен қайбатталатын болды. Алайда сол туындыларды бүгінгі талапқа қабыспайды деп жадымыздан сызып тастауға бола ма? Өз басым соған шүбәлімін. Жоқ, ұмытуға болмайтын да жайттар бар, кешегі тарихымызға да тергеу жасағанда жадымызда сақтарлық құндылықтар аз емес...» - деген тұжырым айтады сексен жастың өріне таяған кексе жазушы Медеу Сөрсеке.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет