85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі



бет9/22
Дата27.05.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41017
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Абылай ханның арманы. Пьесалар, аудармалар, жолжазбалар. - Астана: Фолиант, 2014. - 320 б.

Белгілі жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына пьесалары мен аудармалары, әдеби сын мақалалары мен жолжазбалары топтастырылған.

Қарымды қаламгердің «Абылай ханның арманы», «Кенесары - Кү-німжан» «Бала Қазыбек» сынды пьесалары, Харуки Мураками, Уильям Сароян, Әзиз Несин, Марио Варгас Льоса, Леонид Владимирский секілді әлемге әйгілі көркемсөз шеберлерінен жасаған аудармалары, Ғалым Жайлыбай, Маралтай Райымбекұлы тәрізді айтулы ақындар жөніндегі әдеби мақалалары мен Моңғолия және Ресейдегі қандас ағайындар өмірінен сыр шертетін жолсапар жазбалары айтар ойының айшықтығымен, теңіздей телегей мән-мазмұнымен, ішіне бүккен құпия-сырымен һәм самалдай ескен жаңашылдығымен ерекшеленеді.

Аталмыш шығармалар оқырман қауымның таным-түсінігі мен ой-өрісін өсіріп, көңіл көкжиегін кеңейте түсері анық.







Сәрсеке М. Шығармалары. Деректі хикаяттар. Т.3. - Астана: Фолиант, 2014. - 336 б.
Осы кітапта шерлі тағдыры сөз болатын бес ағайынды Қадылбековтердің алғашқы екеуі - Кодаленко атанған Нұрғали мен Мерғали - өз заманында мемлекеттік қыруар еңбектерімен күллі Қазақстан атырабына танылған айтулы қайраткерлер. Амал қанша, қызыл репрессияның тасдөңбегі екеуін де орта жасқа жеткізбей қүртқан. Деректі жанрға әуей жазушы олар туралы ұзақ ізденіс жасап, мұрағат деректері мен замандастарының естеліктері арқылы сол тұлғаларды ел тарихына қайтарып отыр.

Эссе түрінде қағазға түскен екінші хикаят, «Мен білетін Ер Ғабең» деген атынан-ақ аңғарылып тұрғандай, 1960-70 жылдарда аралас-құралас болып, шәкірт ретінде жақын-жуық жүріп, ғұмыр жолын, жазушылық өнерін, азаматтық ділін жете таныған көркем сөздің хас шебері Ғабит Мүсіреповтің өміріндегі ұлағатты оқиғаларды саралап өрнектеуімен дараланады.





Сәрсеке М. Шығармалары. Ғылыми-фантастикалық хикаяттар және әңгімелер. Т.1. - Астана: Фолиант, 2014. - 328 б.

Қолыңыздағы кітапқа жазушының ғылыми-фантастикалық және техника туралы тартымды сюжетпен өрілген және 60 жылға таяу шығармашылық ғұмырының алғашқы кезеңінде қиялы өрген хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр. «Көрінбестің көлеңкесі» және қазақша да, орысша да сан мәрте жарияланған «Жетінші толқын» хикаяттары кезінде қазақ әдебиетінде ғылыми-фантастикалық жанрдың өрістеуіне мұрындық болып, «М. Сэрсекеев қазақ эдебиетіндегі гылыми-фантастика жанрының негізін қалаушы» атанған.



Алпыс жылға таяу шығармашылық ғүмырында инженер-жазушы тынымсыз еңбек етіп, Қазақстан ғана емес, кешегі КСРО көлемінде де өзіне етене таныс өндіріс тақырыбына қалам сілтеп, «Жарылыс», «Көмбе» романдарын жазды, оған қоса ұлтымыздың біртуар ғұлама перзенттері Сәтбаев, Бөкетов және Бекмаханов туралы деректі ғұмырналар толғап, деректі жанрдың хас шебері атанды. Біздің баспа 80 жастың өріне көтерілер қарсаңында М. Сәрсекенің таңдамалы туындыларын жариялауды жоспарлап отыр.




Әріп Ғ. Өмірді өлшеймін мен өз бағаммен... Өлеңдер. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. - 216 б.
Бұған дейін жарық көрген «Жүрегімнің толқындары», «Асау жүрек», «Дүрия-дүние», «Каспий трагедиясы», «Ақын арманы (азабы), тағы басқа да кітаптары арқылы қалың оқырманға жақсы таныс қаламгер, ҚР Мөдениет қайраткері Ғалым Әріптің ұсынылып отырған жаңа жыр жинағы адамгершілік, имандылық, асқақ адамзаттық-гуманистік үнімен ерекшеленеді. Әрбір жазған шығармасында елді, жерді, Отанды, ата-ана мен бауырларды шексіз сүю идеясын айқара алға тартатын автор өмірден түйін түйіп, тіршіліктің мән-маңызын өз бағасымен өлшей білуге, ақылмен ғұмыр кешуге үндейді. Бүгінгідей дүбірлі дүние, адами пейілге селкеу түскен қоғамда автор адамның барша ғаламға тек жақсылық ойлау, қайырымдылық жасау, ұлттар мен халықтардың өзара тату болуы, ана тілің мен ата дәстүрді

құрмет тұту арқылы ғана шынайы бақытқа жете алатынына даусыз иландырады.

Ақ жауындай ақтарылған алғаусыз сезім, жаратылысқа, махаббат, достық, мәрттік, ізгілік әлеміне деген құштарлықтан туындаған пәк те шынайы жырлар жан дүниеңізге жылы шуақ ұялатады. Тұнба бұлақтай мөлдір лирикалық туындылардағы ақжал толқындардай асау иірімдер мен сыршыл ырғақтар кіршіксіз

ақын жаны мен кісілік болмысының жарқын айнасы тәрізді әсер қалдырады. Кітаптың тілі көркем, бейнелі, жырсүйер қауымның жан әлемін баурап алары сөзсіз.



Шолақ Қ. Күзде гүлдеген тобылғы. Өлеңдер. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2015. - 288 бет.

Астанадан алыста ауылда тұратын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, аз жазса да саз жазатын сұңғыла суреткер ақын Қуандық Шолақтың «Күзде гүлдеген тобылғы» атты жинағы «Мезгіл мақамдары», «Өлеңім - ойдың өрнегі» деген екі бөлімнен тұрады. Ақынның шуақты шумақтарға толы өміршең өлеңдері көпшіліктің көңілінен шығатын дүние.




Күзембаев Қ. «Ой-хой, дүние». Өлендер. - Алматы: «Нұрақынов» ЖК, 2015. - 380 б.
Ұлтының киелі қасиеттерін, тәлім-тәрбиесін бойына терең сіңірген ақын Қабылхан Күзембайдың бұл жинағына алуан тақырыпты қамтитын өлеңдері мен толғаулары енгізілген. Оның қай-қайсысын оқысаңыз да халқым, жерім деп соққан ақынның от жүрегі алаулап тұр. Өмірге деген іңкәрлігіне, ұлтын жан-тәнімен сүйетіндігіне көз жеткізеді. Ақынның ыстық жүрегінен көңіл қайнарынан буырқанып шыққан шумақтар соның куәсі. Ақынның жастық, махаббат, өмір туралы әр кезде жазған өлеңдері енген бұл еңбек, өмірге деген құштарлықты, адамгершілік, ар-иманды ту ете отырып, өзіндік шеберлігін бейнелейді.
Омар һайам. Наурызнама Рисала. Аударған: Исраил Сапарбай. Алматы, «Білім» баспасы, 2015. - 256 бет.
Әлемге аты мәшһүр шығыс шайырларының бірі. Омар һайамның «Наурызнама» атты еңбегіне халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық кұндылықтар, Наурызға байланысты діни-танымдық қағидалар, түрлі қызықты материалдар еніп отыр.

Жинаққа сонымен қатар әйгілі Әмір Темір көрегеннің жорық жолдары, әскери амал-әдісі, ғибратты кеңестеріне құрылған деректі шығарма да қосылды. Кітап ел тарихын тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға, әсіресе жастарға арналады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет