85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі



бет10/22
Дата05.11.2016
өлшемі2,16 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Бәдіғұл Н. Сағым бейне. Өлеңдер, поэмалар. - Алматы: «Баспалар үйі» АҚ, 2015. - 384 б.

Қазақ поэзиясында өзіндік үні, өрнекті қолтаңбасы бар белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, марқұм Нүкеш Бәдіғұлдың артында қалған мол мұраның өзегі - Отан сүйгіштік, ел тарихы мен адамгершілік тақырыбы.



Қаламгердің оқырман назарына ұсынылып отырған «Сағым бейне» атты жинағына әр жылдары жазылған таңдаулы лирикалары мен поэмалары енді.





Тікебаева Б. Рауан. Өлеңдер. Лирикалық поэмалар. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2015. - 256 б.

Автор бұл жинағында ауылдың тыныс-тіршілігін, өмір өзгерістерін, сондай-ақ қилы тағдырларды жырға арқау етеді. Әсіресе тіршіліктің шырайын келтіретін табиғаты тұнық Жетісудың, асқаралы Алатаудың келбеті жырмен әсерлі өрнектелген.



Адамның кіндігі байланған қара жердің үстіндегі қым-қуыт қарбаластың махаббат атты тылсым күшпен де, сұлулықпен де үйлесім тапқанын автор биік талғаммен бере білген.

Шашубай Қошқарбайұлының шығармалары. Өлендер, толғаулар, дастан, айтыстар, зерттеулер, естеліктер. - Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2015. - 288 бет.

Шашубай Қошқарбайұлынын бұл жинағына өмірді әнмен өріп, сөзбен әрлеген ақынның шығармашылық мұрасы - ел ішіне кең тараған толғаулары мен өлеңдері, атақты айтыстары мен дастандары, сондай-ақ ақын шығармашылығы жайлы зерттеулер мен естеліктер беріліп отыр. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.


Жұбатова Ш. Шаңқай түс. Өлеңдер. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. - 288 б.
Ақын бұл кітабында адам жанының тазалығын, рухани құндылықты, мың құбылған қоғамдық өзгерісті өзіндік мәнермен айшықты жырлайды.

Адамзат пен қоғамның ара байланысын, олардың қалыптасу сатыларындағы ішкі болмысының қыр-сырын нәзік сезіммен суреттеп, өз оқырманына салмақты ой айтуға ұмтылады.



Суреткердің көзбен көріп, көкірекке түйгенін шебер түйіндеуінен қаламгердің тынымсыз ізденісте жүргендігі байқалады. Ақынның тілі шебер, теңеулері әсерлі, сөз саптауы жетік.



Қайратқызы Ә. Қыз өссе — елдің көркі. Проза. - Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2015. - 136 б.

Жас талапкер Әсел Қайратқызының «Қыз өссе - елдің көркі» атты тырнақалды еңбегі өз замандастары: он екіден жасы асқан бойжеткендерге арналған. Жас автор өз кұрбыларының балғын балалық шақтан бойжеткен аруға айналу кезеңіндегі ақпараттар қажеттілігіне зәрулігін ескере отырып олардың адамның өзін-өзі тануы, өзгелермен қарым-қатынас жасауы халқының салт-дәстүрін білуі, денсаулығын күтуі, келін болу әдебі, болашақ: ана болуы тәріздес тіршіліктің толып жатқан қыр-сырларын ұлы тұлғалар өнегесі арқылы танып-білуіне, түсінуіне көмектесуді мұрат тұтқан.







Назарбаев н. казахстан в контексте мировых тенденций
Кәрібаев б. қазақ хандары
Есенберлин і. ілияс есенберлиннің поэзиясы.
Сейітман с. домбыра
Абылай ханның арманы.
Баянбай қ. ақшам
Тілеужанұлы зейнолла.
Асанов с. арман ағысы
Тапиқұлы д. өмір философиясы.
Шәмшиева гүлнар. «аққудың үні»..
Дәулетхан ә. шығыс түркістан халықтарының ұлт-азаттық дәуірі әдебиеті (1679-1949).
Болатбек төлепберген. біз осы не бітіріп жүрміз?
Карибаев б. казахские ханы
Репетитор или 55 занятий по русскому языку.

Каталог: files -> userfiles -> novoe postuplenie
novoe postuplenie -> Қазақстан тарихы
novoe postuplenie -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
userfiles -> «Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім»
novoe postuplenie -> История. Исторические науки
novoe postuplenie -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
novoe postuplenie -> Қазақстан тарихы
novoe postuplenie -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу