85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі



бет2/22
Дата05.11.2016
өлшемі2,16 Mb.
#565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Әсеттің 500 әні. 2-кітап. Құраст.: Н. Нүсіпжан, Д. Беисеуов. - Алматы: «Өнер», 2015. - 256 б.

Қазақ даласының көпғасырлық тарихы, оның ішіндегі халқымыздың ежелгі ән шығарушылық-сазгерлік өнерінің тарихы заман көшін алға қарай алып жөнелген тұлпарлар тұяғының таңбасындай - бүгінде ел санасында сайрап жатыр.

Көне заманның мұң-шежірелерін кейінгі ұрпағына үнмен - қобыз сарынымен, ән-күймен жеткізіп берген Корқыт Ата, Асан Қайғы мұралары кеиінгі күйші-жыршылар дәстүріне ұласты. Оны соңғы ХІХ-ХХ ғасырларда Құрманғазы, Ақан, Біржан, Мәди, Балуан Шолақ, Кенен жалғастырып, жаңа тарихымыздың көшіне әкеп қосты. Өткен XX ғасырдың 50-60 жылдарында қазақтың композиторлық-сазгерлік өнері, әншілік және орындаушылық дәстүрі жаңаша серпін алды. Ән өнерін шарықтата дамытқан сазгерлердің талантты шоғыры биікке көтерілді. Солардың ішінде жарық жұлдыздардың біреуі - Әсет Бейсеуов. Композитордың 75 жылдығын Қазақстан жұртшылығы айрықша атап өтті.

Қолдарыңыздағы «Әсеттің 500 әні» атты қос томдыққа композитордың ел арасында кеңінен таралған танымал әндерін жинақтап, ұсынып отырмыз. Әсеттің өзге музыкалық мұраларын әлі де жинақтай түсу — алдағы күндердің мүддесіне жататындығы ақиқат. Әсеттің әндері адам жанын әлдилейді, мұңайғанды жұбатады, қуанғанды тасытады. Әсеттің әуендері сырға толып тұр.



Ендеше, аса талантты композитор Әсет Бейсеуовтің әндері осы және алдағы ғасырларда өз халқының жасампаз, жаңа ұрпақтарымен бірге келешекке тоқтаусыз самғай береді.
Капекова Г. Өрнек жолы. - Алматы: «Асыл Сөз» баспасы, 2014. - 240 б. - қазақша, орысша, ағылшынша.

Қазақтың ұлттық өнері - дәуірлер мен ғасырлардың қолтаңбасы іспетті шеті мен шегі белгісіз дара шығармашылық әлем. Жаратылыстың көп құпиясы, ұлттық құндылықтар, діни ұстанымдар, тіпті, қоғамдық қалыптық мәңгілік категориялары осы ою-өрнектерде бейнеленген. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің астарына үңілу, оның тұңғиығына бойлау үшін авторлар дәуірлер тереңін философиялық, тарихи, этнографиялық, мәдениеттанушылық, теологиялық тұрғыдан зерделеуді мақсат тұтты.



Кітап көпшілік оқырман қауымға сондай-ақ қазақтың қолданбалы-декоративтік өнерінің сыр-сипаты, тарихына қызығушылық танытушыларға арналған.

66(5Қаз) Саясат. Саяси ғылымдар



Саяси сана саңлақтары. Орыс тілінен аударған Ғ.Төлеғұлұлы. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. - 496 б.

Кітапқа ХІХ-ХХ ғасырларда дүние жүзіне белгілі болған философтар мен саясаттанушылардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің кең танымал еңбектері топтастырылған. Өткен замандардағы ғұлама оқымыстылардың тұңғиық рухани әлеміне үңілуге, бүгінгі таңдағы адамзат дамуының күрделі бағыт – бағдарын пайымдауға, «Мәңгілік ел» идеологиясын басшылыққа алған Қазақстан қоғамының рухани – мәдени өмірін кемелдендіруге



шама – шарқынша септігін тигізеді деген сеніммен аталмыш еңбектер оқырман қауымына ұсынылып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет