8.Құндылықтар философиясы Аксиология және адамгершілік. Аксиология


Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері



бет3/4
Дата16.11.2022
өлшемі21,03 Kb.
#158446
1   2   3   4
Байланысты:
8. ндылы тар философиясы Аксиология ж не адамгершілік. Аксиолог
185948, Зимина В.Н. Туберкулез у больных ВИЧ-инфекцией г. Москва
4.Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері.
Адамгершілік — әдептің негізгі мәселесі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу.
Моральдың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпаққа тәжірибе қылып жеткізу. Моральдың қоғамдағы атқаратын қызметі: реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызметтер.
Қоғам дамуы барысында адамгершлік ережелері мен құқықтық ережелер қалыптасқан. Адамгершілік ережелердің құқықтан мәнді айырмашылығы мынада: мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Ал құқықтық ережелер мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік органдарының араласуымен жүзеге асырылады.
5.Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
Адамзат дамуы барысында адамгершлік ұғымдары негізгі ұғымдарға, яғни этикалық категорияларғ жинақтала бастады. Негізгі этикалық категорияларға мыналар жатады: парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік.
Парыз - әлеуметтік стаус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін этикалық категория.
Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.
Мән- дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.
Ар-ұят – қоршаған ортаның адамның құқықтарын мойындауы, оның еркіндігін, әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі, құрметтеуі.
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет