Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.
Көтерілген мәселе бойыншаоқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрағын құрастырыңыз.
[10]
Қақтығыстарды реттеудің әдістері
Тар мағынада «Қақтығыстарды реттеу» термині қақтығыстарды басқару тәсілінің бірі деп қарастырылады. Оның қолданылуы қақтығыстардың жойылуын немесе аяқталуын білдірмейді, тек екі қарама-қарсы жақтың бір-біріне деген өшпенділіктерін шектей тұру, шығынға әкелмеуді білдіреді. Негізгі мағынасы қақтығыстарды қалыптастау емес, оны нәтижелі қылу.
Келіссөздер – тек қанақақтығыстың аяқталып, оның реттелуінен, шешілуі ғана емес, сондай-ақ қақтығыста қатысу әдісі, оның дамуының бір формасы болып табылады. Келіссөздер процесінің өзі оған дайындық, бұл процесс кезінде екі жақты татуластыру үшін қақтығыстың дамыған кезеңінде қолданылып, қатысушылардың өз көзқарастары мен құндылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл біріншіден, ортақ көзқарастарды көздеген шаралардың бірі. Келіссөздер кезінде көрінетін бәсекелестікте, бір жақ екінші жаққа өзінің көзқарастарын жүзеге асыратындай іс-қимыл кезінде сыйақы алуға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл екіжақтың да көзқарастары мен мүдделері көзделген картаға қойылған стратегия.Әрине, екі жақ бірден келісімге келе қоймайды. Келіссөздер кезіндегі күштердің ара қатынасына сай олардың мазмұны мен көзқарастары, келіссөз жүргізушілердің жеке стилі мен келіссөзер формасы, фазалары, келіссөз жүргізу тәсілі әртүрлі болып ауыса береді. Келіссөздерде, әрине, қақтығыстарға қатысушылар күші мен олардың бір-бірімен күреске дайындығының арасындағы арақатынас маңызды болып табылады.
Келіссөздерді қақтығысқа қатысып отырған бөлек мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, жеке азаматтар, делдалдар мен қызығушы топтар жүргізе алады, бірақ тәжірибе көрсеткендей, біліктілігі бар, осы салада сәтт ікеліссөздер жүргізіп танылған, арнайы дайындықтан өткен адамдар ғана келіссөздің сәтті өтуіне себепші болады. Оның классикалық мысалы келіссөзжүргізуші – басқалармен диалог жүргізуде өз елінің көзқарасын білдіретін дипломат-елш іболы птабылады.
Б.И. Нұрбосынов, Р.Ғ. Ережепова
Талдау:
Көтерілген мәселе: Қақтығыстарды реттеу әдістері және олардың нәтижесі туралы.
Кімге арналып жазылған: 9 сыныптан бастап, барлық жастағы адамадарға
Стиль: Публицистикалық стиль Сұрақ:
1. Келіссөздер дегеніміз не?
2. Оны қай жағдайларда қолданады?
3. Келіссөздер арқылы қақтығыстардан айырылу мүмкін бе? Жазылым Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеп, құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданып жазыңыз.
[10]
Қарулы қақтығыстардың құрбаны болып жатқан жеткіншектердің тағдыры әрбір саналы азаматты бейжай қалдырмасы анық. Балалық шағын ұрлаған олардан қарулы қақтығысты тоқтатуды талап етіп, бейбітшілікке шақыра отырып, мақала жазыңыз.
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану- еліміздің тұрақты дамуының негізгі аспектісі болып табылады». Осы пікірмен келісу не келіспеу себептерін айқындап, ойыңызды дәлелдеп эссе жазыңыз.
1-тақырып
Мақала
«Соғыс өтіндегі балалық шақ»
Бала және соғыс, бір қарағанда үйлейспейтін ұғымдар секілді. Алайда, қазір далада 21 ғасыр барлық жерде технология, ғылым және тыныш өмір таралып жатқанымен, жердің кейбір аумақтарында дәл қазір соғыс өтіп жатыр.
Қазіргі жағдайлардың тоғысуы бойынша Израиль және Палестина арасында қақтығыс жүруде. Бұл қақтығыстың нелітен басталғанын айта кете келу керек.
Израиль мұсылмандардың Иерусалимдегі Дамаск қақпасы алдында кешкі намаз оқуына тыйым салған. Сол кезде екі ел арасында қақтығыс туа бастады. Тағы бір жайт отқа май құйғандай болды - Израильде 10 мамырда палестиналық 28 отбасыны Шейх-Джаррах ауданынан шығару бойынша сот отырысы өтуі керек еді. Бұл палестиналықтардың ашуына тиді.70 жылдан бері Шейх-Джаррахта көбіне палестиналықтар тұрады. Бірақ кейінгі жылдары бұл аумаққа еврейлер жиі қоныс аудара бастаған.
Міне, осы жайттың бәрі екі ел арасындағы қақтығысқа алып келді.
Алайда бұл қақтығыстан ең көп азап шегетіндер, ол бейбіт халық. Бірақ өкінішке орай, көбінен бұл оқиғадан балалар зардап шегеді. Олар бұған дайын емес, неліктен қақтығыс болып жатқанын да білмейді. Әр жарылысты естігенде жылап қорқады. "Менің отбасыммен, Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Бірақ балалар күйзелісте, өте ауыр шокта. Таңертең алты жарымда біз қорқынышты гүрсілді естідік, басынан біз үйімізде не болғанын түсінбедікте, тек дәрізге шыққаннан соң қара түтінді көрдік", - дейді Ашкелон тұрғыны Наталья Геллер. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, өлім саны 230 - дан асады, оның ішінде Газа секторында 213 адам, оның ішінде 60-тан астам бала және 36 әйел. Жараланғандардың саны 6 мың адамнан асады. Бұл қақтығыстың ең дұрыс шешімі, ол – келіссөз. Бейбітшілікке барлық проблемаларды шешуге бағытталған келіссөздер арқылы ғана қол жеткізуге болады.