9-билет. Эстетикалық тәрбиенің маңызы, міндеттері, мазмұны. Эстетикалық тәрбие дегеніміз



бет4/6
Дата10.05.2020
өлшемі25,56 Kb.
#66896
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9

Мұғалімнің сөйлеу техникасы.

Мұғалім педагогикалық сөйлеу функцияларын дұрыс жүзеге асыру керек.

Сөйлеу функциясы мыналарды жүзеге асырады:



а) мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты орнатады;

ә) балалардың санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп оны қалыптастырады;



б) оқу материалының оқушылардың санасында қабылданып, нығайтылуына әсер етеді;

в) оқушылардың білім және тәжірибе жұмыстарын дұрыс ұштастырып үйлестіреді.


Ырғақ

Сөйлеудің жылдам, жай болуы - дауыс ырғағына байланысты. Эксперименттік тәжірибелерге қарағанда үлкен адамдар бір минутта 120-150 сөз айтуға болады. 5-6 сыныптар үшін "60" сөзден, 9-11 сыныптар үшін 75-100 сөзден аспағаны дұрыс. Материалдың қиындау жерін жай айту, одан жеңілдеу материалды тез айту, белгілі дауыс ырғағын дұрыс қолдануға байланысты. Дауыстың мәнерлі болуы үшін логи-калық, психологиялық паузаны пайдалану керек. Өзіңнің дауысыңды бағалағаннан кейін: тыныс алу, дикцияны жөндеу, дауыс байланысын жөндеу, оймен байланыстыру қажет.

Пауза, темп және әдістеме интонация жасайды. Мұғалімнің сөзі - өзінің табиғилығымен мәнерлі болуы керек. Интонациялық байлығымен арнайы жаттыққан дұрыс.

Мұғалім өз даусын дұрыс аңғарып, бағалап тұрақты түрде жаттықтыру керек. Демалуын, дикциясын дұрыстау, дауыс байланысын жасау керек. Мұғалім дауысы, сөзі анық оқушының зейінін аударарлық және ойландырарлық іс-әрекетке жаттығушылық сипатта болу керек. Сонда ғана мұғалімнің сөйлеу техникасы бір қалыпқа келіп, оның негізгі функциясын жүзеге асырады. Педагогтың барлық ішкі тәртібінің дұрыстығын байқатып тұрады.

Мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысына жаттығу, метафора, эпитет, теңеу - сияқты көркемдегіш сөздерді қолдана білу, сөйлеу интонациясын дұрыс жүргізу, өзінің көпшілік алдына сөйлеген сөзіпе бақылау жасау, аудиторияға қалай ұнайма соған бақылау бағдар жасау керек.

Коммуникативті білгірлікті, бейімділікті, әлеуметтік қарым-қатынас құралдарын пайдалануды бақылау, дамыту, әлеуметтік қиял өзін-өзі реттеу, өз еркіне әсер ету сенімін арттыру сияқты сапаларды дамыту.

Сөйлеу психофизикалық ерекшеліктер,  әдет-дағдысын жүзеге асыру.

Жоғарыда көрсетілгендей мұғалім сөзіне байланысты қолданылатын құрал-әдістерді жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті дамыту процесіне жатады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет