9 декабря 2016 года астана 2016


Дружба народов: Казахстан отмечает юбилей независимости



бет25/34
Дата31.12.2019
өлшемі8,51 Mb.
#54337
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34

Дружба народов: Казахстан отмечает юбилей независимости

http://kz.mir24.tv/news/61359

В Астане прошел фестиваль, посвященный 25-летию независимости и межэтнической дружбе.
Известные люди Казахстана поздравили сегодня страну с годовщиной независимости. Фестиваль, посвященный межэтнической дружбе, организовала Ассамблея народов. С поздравлениями выступил и президент Нурсултан Назарбаев. С подробностями корреспондент телеканала «МИР 24» Назар Ахмаров.
Стадион «Сарыарка» вмещает десять тысяч зрителей. Сегодня он переполнен. Поздравить Родину приехали и те, кто уже здесь не живет. Семью экс-главы Ингушетии Руслана Аушева когда-то депортировали в Казахстан. Сегодня он - гость фестиваля. Вспоминает тех, кто помогал ему в трудные годы и говорит о президенте, благодаря которому Казахстан знают в мире.
«Я хочу сказать еще об одном качестве, которое Нурсултан Абишевич делает на просторах бывшего СССР. Это интеграция. Правильно говорят, что он 29-й панфиловский боец, который держит и СНГ, и Евразийский союз», - сказал Руслан Аушев.
Казахстан - самая многонациональная страна в СНГ после России. Поэтому межэтнической дружбе здесь уделяется особое внимание. Создан даже конституционный орган, отвечающий за мир и согласие - Ассамблея народов Казахстана. Впрочем, казахи всегда отличались дружелюбием.
«Надежды на спасение было мало, но выжить и состояться нам помогли добрые люди - казахи, поддержавшие нас в трудную минуту. Здесь, на этой земле, я сделал первые шаги, встал на ноги и пошел. Здесь же я встретил моего брата Александра Плисецкого и мою сестру Майю Плисецкую впервые», - рассказал хореограф Азарий Плисецкий.
Для многих Казахстан стал отправной точкой в творчестве. Композитор Александр Зацепин раскрыл свой секрет успеха. Его песни такие добрые и светлые, потому что в них есть солнце Алматы.
«Казахстан я считаю своей Родиной. В каждой моей песне есть частичка Казахстана, и я ее вожу по всему миру. Мной написаны более 300 песен и музыка к 120 фильмам. А вы, дорогой Нурсултан Абишевич, создали потрясающую, сложную партитуру отличной симфонии, которая называется независимость Казахстана, и исполнили ее блестяще. Мало того, вы дирижируете этим оркестром уже 25 лет. С ним бы не справился какой-нибудь другой дирижер», - рассказал композитор.
Нурсултан Назарбаев назвал казахстанцев единой семьей. В стране успешно работают почти полторы тысячи этнокультурных центров, выходят журналы и газеты на 15-ти языках. Трем национальным театрам - корейскому, уйгурскому и немецкому - глава государства присвоил статусы академических.
В Ассамблею народов Казахстана входят представители всех национальностей, населяющих страну. У Ассамблеи есть квота в парламенте. Согласно Конституции, за ней закреплены девять мест в мажилисе и шесть в сенате.

ПЕЧАТНЫЕ СМИ
Бейбітшілік пен келісім – қастерлі қазына

Кеше Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалі өтті.


Айтулы шараға ҚХА мүшелері мен ардагерлері, барлық өңірден келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, дипломатиялық корпустың өкілдері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, студенттер қатысты. Жиынға келген азаматтардың жалпы саны 10 мың адамды құрады.
«Құрметті отандастар! Бар­шаңыз­ды Қазақстан халқы Ассам­блея­сының ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бүгінгі фестивалінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін осы аренаға Қазақстанның түк­пір-түкпірінен этномәдени бірлес­тік­тердің өкілдері, жүрегінде патриот­тық сезімі, бойында жастық қуаты тасыған жастар жиналып отыр. Тәуелсіздіктің ең басты тірегі – бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылық. Осының арқасында біз 25 жылда мемлекет құрдық, деңгейін көтердік, xалықтың әл-ауқатын жоғарылаттық. Ал Ассамблея – осы қасиетті тірегіміздің мызғымас тұғыры. Біздің тілегіміз бір, жүрегіміз бір, білегіміз бір, біздің тағдырымыз ортақ, Отанымыз ортақ, «Мәңгілік Еліміздің» гүлдене беруі үшін бәріміз еңбек етеміз. Осы жолда зор табыс тілеймін!» – деді салтанатты шараның ашылуында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы республика бойынша 1332 этномәдени бірлестік жұмыс жасайтынын, бұл Қазақстанның осындағы барлық азаматтардың Отаны екендігін білдіретінін жеткізді. «Олар бір үйдің балаларындай, Отанымыздың көркеюіне жанын салып, тағдырын арнап жатыр. Бұл тұрғыда, мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы айрықша рөл атқарып отыр. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлты мен діні әртүрлі адамдарды өзара жақындастыра түсті, сан алуан мәдениет пен салт-дәстүрдегі жақсы нәрселерді паш етіп, көрсете білді. Біз бір-бірімізге бауырмал болдық, өзіміздің ортақ елімізде өмір сүріп жатқан біртұтас xалыққа айналдық. Түрлі этностардың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, бір қарағанда, бір-біріне ұқсамайтын секілді. Бірақ олардың барлығы бір мағына береді, біз оларды түрліше атасақ та, этностық мейрамдардың уақыттары мен себептері бір-бірімен түйісіп жатады. Қазақстанның бірлігі жарасқан xалқы ретінде біз барлық этностардың мерекелерін қуана атап өтеміз, оларға қатысамыз. Себебі, біз тұрақтылық пен бірліктің ерекше руxын қалыптастыра білдік. Біз баршамызды біріктіретін айрықша руx жасай алдық. Қазақстанда өмір сүру, оқу, жұмыс істеу, балаларға тәрбие беру барлық азаматтарымыз үшін жайлы әрі қолайлы. Бейбітшілік пен келісім – ең қастерлі қазынамыз. Бұл – Тәуелсіздігіміздің 25 жылында қол жеткізген басты байлығымыз», – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы сонымен қатар, қазіргі әлемде мемлекеттің этномәдени бірлестіктерге қолдау білдіруі ерекше тәжірибе болып отырғанын айтты. «Бұл – Қазақстандағы нақты шындық. Мемлекет барлық этномәдени бірлес­тіктерге тұрақты түрде және кең ау­қымды қолдау көрсетіп, балаларды ана тіліне оқытатын мектептерді қар­жыландырып келеді. Газет-журналдар 15 тілде шығады, театрларымыз 7 тілде сөйлейді. Дәл мұндай жағдай өзге елдің ешқайсысында жоқ», – деді Елбасы.
Фестиваль барысында Нұрсұлтан Назарбаев корей, неміс және ұйғыр ұлттық театрларына академиялық мәртебе берді. «Бүгін осы фестивальде 3 ұлттық театрға академиялық мәртебе беру жөніндегі шешімімді жариялаймын. Бұл шешім біздің елдің барша театр өнеріне үлкен серпін береді деп сенемін. Театр ұжымдарын осынау керемет оқиғамен құттықтаймын. Жоғары шығармашылық табыс тілеймін!» – деді Н.Ә.Назарбаев.
«Бүгінгі фестивальге осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан xалқы Ассамблеясын құруға атсалысқан менің қанаттастарымның балалары да қатысуда. Бұл – ұрпақ жалғастығының белгісі. Мен осы шараға қатысып отырған жастарға сәлем жолдаймын. Сіздер біздерден де жақсы өмір сүру үшін, сіздердің балаларыңыз, сіздерден де жақсы өмір сүру үшін 25 жылда жасаған барлық істер сіздерге арналды. Біздің қызметіміздің мәні мен өзегі, міне, осында. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясының жас белсенділеріне айрықша сөз арнағым келеді. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңында топтасқан ортақ болашақ ұлт – сіздерсіздер. Біздің Қазақстанымыздың көркеюі жолында адал еңбек етіңіздер. Отанды сүйіңдер. Бір-біріңе қолдау көрсетіңдер, бір-біріңді бағалаңдар. Біз әрдайым, еліміздің ортақ, тағдырымыздың да ортақ екенін айтып келеміз. Бұл шын мәнісінде де, солай. Біздің ұстанған бағытымыз барлық этнос өкілдерінің бірлігімен тығыз байланысты», – деді Елбасы фестиваль аясында этномәдени форумға қатысып отырған жас буынға қарата айтқан сөзінде.
Сөзінің қорытындысында Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушыларды Қа­зақстан Тәуел­сіздігінің 25 жылды­ғымен құттық­тап, баршаға игілік пен бақ-береке тіледі.
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» фестивалі барысында Қазақ­стан халқы Ассамблеясының ұйымдас­ты­руы­мен өткізілген қайырымдылық шаралары жөнінде ерекше айтылды. Сондай-ақ, Қазақстан xалқы Ассамблеясы төңірегіне топтасқан қазақстандық меценаттар таныстырылды.
Осы орайда «Қайырымдылық ке­руе­ні» акциясы аясында 595 000 адамға 6 миллиард 542 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілгені, «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» шарасы ұйым­дас­тырылғаны, «Қамқор» акциясы кезінде ардагерлер мен әлеуметтік көмек­ке мұқтаж жандарға 648 миллион теңг­е аударылғаны, ал «Қазақстан» теле­арнасының бастамасымен қолға алынған «Шын жүректен» телемарафонында 65 миллион теңге жиналғаны, «Қоржын» акциясы аясында 243 миллион теңге жиналып, 91 балаға аса күрделі әрі қымбат дәрігерлік жәрдем берілгені, «Ақ орамал» акциясының қорытындысы бойынша көпбалалы жанұяларға 3 млн 371 мың теңге бөлінгені, сондай-ақ, қан онкологиясымен ауыратын 300 балаға 40 миллион теңге көлемінде көмек ұсынылғаны атап өтілді.
Ауқымды шара барысында сөз алған көпбалалы ана Айнаш Сағындықова елі­мізде қайырымды жандар көп екенін, ізгілік жолына түсіп, өз отандастары­на көмек қолын созудың жарқын үлгісін көр­­сетіп жүрген қазақстандық жомарт жан­дардың арқасында талай сәбидің өмірі баянды түрде жалғасқанын жеткізді.
– Мен – төрт баланың анасымын. Бәріміз де Қазақстанды қайырымдылық пен ізгіліктің мекені деп танимыз. Ме­нің ұлым – Әлиасқар өз анасының дауысын, айналадағы дыбыстарды ести ал­майтын еді. Оған аса қымбат тұратын есту аппараты керек болған. Оны сатып алуға қаржымыз болмады. Сол кезде, яғни, қысылған сәтте Қазақстан xалқы Ассамблеясы келіп, бізге көмек қолын созды. Осылайша, менің ұлым анасының дауысын ести бастады. Менің балам ертең өскеннен кейін еліміздің өзіне жасаған осынау қайырымды ісін ұмытпайтын болады. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған мұндай ізгі істер өте көп. Соның арқасында талай отбасының, талай қазақстандықтың келешекке деген үміті оянып, бойларында өз Отанына деген сенімі нығайды, – деді Айнаш Сағындықова.
Ассамблея төңірегіне топтасқан қазақстандық меценаттар атынан сөз алған Бекзат Алтынбеков өз кезегінде бүгінгі Қазақстанда қайырымдылық істеріне, өзара көмек пен бауырластықты, бірлікті нығайтуға бағытталған ауқымды шаралар жиі ұйымдастырылатынын, мұның барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүр­гі­зіп отырған салиқалы саясатының аясында қолға алынып келе жатқанын сөз етті.
– Тәуелсіздіктің туы 25 жылдан бері желбіреп келеді. Осы аралықта Қазақ елі қайырымды ел атанды. Қайырымдылық – біздің ата дәстүріміз, қайырымдылық – біздің қанымыздағы асыл қасиет. Қайырымдылық бірлігі жарасқан, ынтымақты елде қанат жаяды. Біздің халқымыздың бойындағы осындай киелі қасиет Тәуелсіздік жылдарында жарқырай көрінді.
Ассамблея төңірегіне топтасып, мұқтаж жандарға қол ұшын созудың үлгісін көрсетіп жүрген азаматтар өздерінің жасаған қайырымдылықтарын ешқашан міндетсінген емес. Олар бұл істерін азаматтық борышымыз деп біледі. Осындай игілікті істердің арқасында елімізде қаншама жанның үміті жанып, келешекке деген сенімі артты, өздерінің арқа сүйейтін іргелі елі бар екенін терең ұғына түсті. Ұлы Даланың мұраттарына, заңдарына адал, қайырымдылықты мұрат еткен барша азаматтардың атынан бүгін мен барша қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын, – деді.
Фестиваль барысында балалар үйінің тәрбиеленушісі, павлодарлық Алексей Лодочников қолына домбыра алып, «Алау» тобы және әнші Димаш Құдайбергенмен бірге «Балқадиша» әнін орындап берді. Осы арада біз оның осы фестивальда ән шырқауына мүмкіндік алуының сырын айта кетейік. Халықтар достығына арналған бір жиында Алексей Лодочников Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, «Аса құрметті Елбасы, менің есімім – Алексей Лодочников. Мен тағдырдың жазуымен аудандық балалар үйінде тәрбиелендім. Қазір музыкалық колледжде оқимын. Әйгілі атамыз Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесінде «Балқадиша» әнін орындаған. Келер жылы Астана ЭКСПО-да мен де сол әнді орындағым келеді», – дейді Лодочников. Сол кезде Президент: «Жақсы, орындасаң, Тәуел­сіздіктің 25 жылдығына арналған концерт­ке шақырамыз», – дейді. Міне, соның нә­тижесінде ол аталған шарада ән салды.
Фестивальда Кеңес Одағының Баты­ры, Ингушетия Республикасының тұң­ғыш Президенті, Ресейдің мемлекет және қоғам қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылының тумасы, Руслан Аушев, гимнастикадан Олимпиаданың бес дүркін чемпионы, КСРО-ның бірнеше мәрте жеңімпазы Нелли Ким, Ресейдің халық әртісі, композитор Александр Зацепин сахна төріне шығып, өздерінің Қазақстанға деген жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Руслан Аушев еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегімен тікелей байланысты екенін айта келіп, өзінің өмірінде Қазақстанның алар орны ерекше екенін жеткізді.
«1944 жылы менің ата-анам көптеген ингуш пен шешендер сияқты Қазақстанға қоныс аударды. Қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ халқы қол ұшын беріп, көмектерін аяған жоқ. Біз оны ұмытқан жоқпыз. Қазақстан – біздің бір Отанымыз. Қазіргі таңда барлығы өзгеріп, Қазақстан дамыған елге айналды. 1989 және 1990 жылдардағы Қазақстан мен қазіргі Қазақ­станның жағдайын салыстыруға кел­мейді. Мен Астана мен Алматы қала­ларында жиі боламын. Сол сәттерде Қазақ­станда атқарылып жатқан жасампаз істерге куә болып, көңілім марқаяды», – деді Р.Аушев.
Фестиваль барысында журналис­тер қауымымен тілдескен бірқатар аза­маттар өздерінің ел бірлігіне қатыс­ты пікірлерін білдіріп, ойларымен бө­ліс­кенін де айта кетейік. Мәселен, Астана­дағы Беларусь мәдени орталығы­ның төрайымы Александра Романова Қазақ­станда ұлтаралық достық пен тату­лықтықтың нығая беруін барша отандас­тарымыздың қалайтынын, сондықтан Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргі­зіп отырған саясатын барша қазақстан­дық­­тардың қолдап отырғанын жеткізді. Сол сияқ­ты, өзге де азаматтар этнос­ара­лық бір­лік пен татулық Қазақстанның баға жет­пес байлығы, мақтанышы екенін сөз етті.
Мерекелік шарада Қазақстанның бар­лық өңірлерінен этномәдени бір­лестіктер ұжымдарының театрланған, вокалдық-хореографиялық қойылымдары мен композициялары ұсынылды. Оларда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жетістіктері, Қазақстан хал­қы Ас­самблеясы жалпыхалықтық инсти­туты­ның бірегейлігі, қоғамның үйлесімді дамуы­ның халықаралық эталоны ретін­де та­нылған Президент Нұрсұлтан Назар­баев­­тың қоғамдық келісім және жалпы­ұлттық бірлік моделі айқын көрініс тапқан.
Айта кетейік, бүгінгі форум барысында Қазақстан xалқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған бірқатар байқау­лардың қорытындысы шығары­лады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты фестиваль жоғары дең­гейде ұйымдастырылды. Әсіресе, оның тәр­биелік мән-маңызының жоғары болға­ны, жастарды отансүйгіштікке баулу ба­ғытында өткізілгені көпшілікті разы етті.

Мир и согласие – главные сокровища Независимости

Нурсултан Назарбаев принял участие в Фестивале этнокультурных объединений Ассамблеи народа Казахстана, посвященном 25-летию Независимости страны.
Фестиваль этнокультурных объединений АНК «25 лет мира и согласия» стал ярким праздником, воспевающим одно из важнейших достижений страны – единство народа. Ярким и масштабным. На стадионе велотрека «Сарыарка» в Астане собрались более 10 тыс. человек. Участники съехались из всех регионов страны – это представители многочисленных этнокультурных центров, меценаты, деятели культуры, выдающиеся спортсмены. Присоединились к торжествам и зарубежные гости – те, для кого Казахстан был и остается второй родиной.
Нурсултан Назарбаев, приветствуя участников фестиваля, подчеркнул особую роль, которую сыграла Ассамблея народа Казахстана в развитии и процветании страны.
Уникальная палитра
Давно известная всем цифра – в нашей стране проживают представители свыше 100 нацио­нальностей, и Казахстан стал Родиной, подлинным домом для всех. Еще одна цифра – в стране насчитывается свыше 1 330 этнокультурных объединений, созданы все условия для сохранения и развития традиций и языков всех этносов, к которым принадлежат граждане страны.
Множество культур и религий, традиций и обычаев сформировало уникальную палитру казахстанского общества. А принятие, понимание и уважение всех сходств и различий определили философию единства в много­образии, которую разделяют все казахстанцы. Как подчеркнул Президент, в республике удалось создать особый дух единства и стабильности. У нас комфортно жить, учиться, работать, воспитывать детей всем гражданам.
– За эти годы ассамблея по-настоящему сблизила людей разных этносов и религий, показала все лучшее, что есть в каждой из культур и традиций. Мы стали ближе друг к другу, стали единым народом. Мир и согласие – главные сокровища всех 25 лет Независимости, – сказал Нурсултан Назарбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет