9 декабря 2016 года астана 2016



бет18/34
Дата31.12.2019
өлшемі8,51 Mb.
#54337
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Бір ел. Бір тағдыр. Бір Отан. Елордада Елбасының қатысуымен «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының фестивалі өтіп жатыр. Елдің барлық өңіріндегі этномәдени бірлестіктерден 10 мыңнан астам өкілі Астанаға ат арылтып жетті. Салтанатты шараны Нұрсұлтан Назарбаев ашып, жиналғандарға жүрек жарды тілегін жеткізді.
Бүгінде бейбітшілік бесігіне айналып, татулық қазығын қаққан Қазақстанда көп ұлттардың достастықта күн кешуі өзгеге үлгі, өзімізге бақ. Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде республикада 1332 этномәдени бірлестік ашылды. Мемлекет басшысы қай ұлттың мейрамы болсын бірге тойлайтынымызды айтып, бес саусақтың саласындай, бір үйдің баласындай күн кешіп, бір шаңырақ астына топтасуымыздың маңыздылығына тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тәуелсіздіктің ең басты тірегі - бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылық. Осының арқасында біз 25 жылда мемлекет құрдық, деңгейін көтердік, xалықтың әл-ауқатын жоғарылаттық. Ал Ассамблея осы қасиетті тірегіміздің - мызғымас тұғыры. Біздің тілегіміз бір, жүрегіміз бір, білегіміз бір, біздің тағдырымыз ортақ, Отанымыз ортақ, «Мәңгілік еліміздің» гүлдене беруіне бәріміз еңбек етейік!


Бүгінде 15 газет түрлі ұлттың тілінде шығады. Әр халықтың өз салтын сақтап, дәстүрін дәріптеуіне толық жағдай жасалған. Сонымен қатар елде 7 ұлттың театры бар. Бүгінгі жиында Президент жиылғандарға жақсы жаңалығымен бөлісіп, тарту жасады. Корей, неміс және ұйғыр өнер ордаларына академиялық театр дәрежесін берді.
Іс-шараның өту барысын онлайн трансляция арқылы мына жерден көре аласыздар.
Фестиваль этнокультурных объединений АНК «25 лет мира и согласия» с участием Главы государства проходит в Астане

(ПРЯМОЙ ЭФИР)

http://24.kz/ru/news/top-news/item/152824-festival-etnokulturnykh-ob-edinenij-ank-25-let-mira-i-soglasiya-s-uchastiem-glavy-gosudarstva-prokhodit-v-astane





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет