10. Білім берудегі голографиялық тұрғы Педагогикадағы голографиялық тәсіл баланың жан-жақты қалыптасуы үшін осы адам дамитын барлық құбылыстарды, факторлар мен жағдайларды дұрыс, көп өлшемді және көлемді үйлестіру қажет екендігіне, сондай-ақ хабарланған білім баланың өмірлік тәжірибесіне сәйкес қоршаған ортаның көп өлшемділігі мен көлемін көрсете отырып, көлем мен көпөлшемділік сипатында болуы керек екендігіне негізделген. Біз мұнда озық өмірлік тәжірибе болуы керек екеніне назар аударамыз, яғни голографиялық жолмен алынған білім осы тәжірибені туғызуы (орнатуы) керек, оған белсенді түрде қосылып, оны кеңейтуі керек. Голографиялық әдіс идеалды суреттерді салмайды (және балалар мұны бастапқыда білуі керек), осы тәсілдің көмегімен педагогика өмірлік шындыққа икемді бейімделе алатын, қиындықтарға дайын оқушыны қалыптастырады.
Педагогикадағы голографиялық тәсіл-бұл көптеген ұрпақтардың өмірлік тәжірибесіне негізделген және әлем бейнесін көлемді жаратылыстану-ғылыми және рухани-адамгершілік қабылдауға бағытталған тәрбие мен оқытудың педагогикалық әдістерінің жүйесі. Бұл тәсіл қоршаған кеңістіктің көп өлшемді дамуына ықпал етеді (түстерде, дыбыстарда, пішінде, сандарда, сөздерде және т.б.), әлемді сенсорлық қабылдауды, оның нәзік түсінігін және ондағы үйлесімді өмірді қалыптастырады.
Біз голографиялық тәсілді мұғалімнің оқушыны және жалпы білім беру процесін жан-жақты, көп өлшемді, көлемді түсінуі ретінде қарастырамыз. Голография, мұғалімге тәрбие мен оқытудың кемшіліктері мен жағымды қасиеттерін анықтауға мүмкіндік бере отырып, жалпы біртұтас көріністі (оқушы, іс-әрекет, факт және т. б.) құруға, тақырыпқа енуге, оның көлемін, кеңдігін, сұлулығын көруге көмектеседі, өйткені бұл бір ғылымның жетістіктерін екіншісінің дамуында қолданудың жарқын мысалы, бір пәннің білімін басқа пәнге енгізудің мысалы. басқа.
11. Интернет жүйесі Интернет жүйесі жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi. Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бµлетін желіаралық хаттама.
TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.