9 осөж тақырыбы: Химиялық мутагенез. Мақсат: Химиялық мутагенез туралы түсінік беру Радиациялық және химиялық мутагенез



бет1/5
Дата29.03.2023
өлшемі3,58 Mb.
#173231
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Генетика СРСП7,8,9,10


9 ОСӨЖ
Тақырыбы: Химиялық мутагенез.
Мақсат: Химиялық мутагенез туралы түсінік беру


Радиациялық және химиялық мутагенез. Тұқым қуалайтын қасиетті радиацияның көмегімен өзгертуге болатындығын тұңғыш рет 1925 жылы орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филиппов дәлелдеді. Олар радий сәулелерімен әсер ету арқылы саңырауқұлақтардың жаңа мутантты формаларын алды. Одан кейін америкалық ғалымдар С.Миллер 1927 жылы дрозофила шыбынынан, ал Дж.Стадлер 1928 жылы жүгері өсімдігінен рентген сәулелерінің мутагендік әсерін байқады. Радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болатын мутацияларорганизм үшін көбінесе зиянды. Мысалы, адамда тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктерді тудырады. Сонымен қатар олар организмдерде, әсіресе өсімдіктер мен микроорганизмдерде пайдалы өзгерістер тудыра алады.Осыған байланысты радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болатын мутациялар селекцияда кеңінен қолданылады.
Өзгергіштік – бұл, тірі ағзаның тіршілік процесінде жаңа белгілерге ие болу қабылеті.
Өзгергіштік тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын болып бөлінеді.
Тұқымқуаламайтын немесе модификациялық өзгергіштік сыртқы орта факторларына тәуелді (тіршілік ортасының халі мен қоректеріне байланысты), Егер қоршаған орта факторлары жойылса, модификациялық өзгергіштік қайтымды.
Мысалы: альбиностардан басқа, барлық адамдар күнге күйеді



Тұқымқуалайтын өзгергіштік мутациялық және комбинативтік болып бөлінеді.
Комбинативтік өзгергіштіктің үш механизмі белгілі. Екеуі мейозбен байланысты: бірінші мейоздық бөлінудің профаза кезінде кроссинговер өтеді; бірінші мейоздық бөлінудің анафаза кезінде аталық және аналық хромосомалар кездейсоқ жасуша полюстеріне ажырап, әртүрлі қосылыстар түзеді.
Үшінші механизм ұрықтанумен байланысты. Гаметаның кездейсоқ кездесуі нәтижесінде хромосомалардың әртүрлі қосылыстары түзіледі.
Мутация – ДНҚ құрылымының өзгеруі. Мутация өлшемі жекеленген азоттық негіздердің әртүрлі хромосомалық аберрациясына дейінгі өзгерістерге жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет