9-сынып қазақ әдебиеті «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары


Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасында суреттелген тарихи тұлғалардың тарихтағы орны туралы кестені толтырыңдар. /4/



бет3/5
Дата19.05.2022
өлшемі0,83 Mb.
#144018
1   2   3   4   5
Байланысты:
9-сынып ТЖБ 4-тоқсан әдебиет ЖЖЖ

7. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасында суреттелген тарихи тұлғалардың тарихтағы орны туралы кестені толтырыңдар. /4/

Тарихи тұлғалар

Ол туралы не білеміз? Тарихта қандай істерімен қалды?

Томирис

Тұмар ханша б.з.д. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген аты аңызға айналған сақ-массагет халқының ханшайымы.

Күлтегiн

(684-731) - Шығыс Түрік Қағанатының мемлекеттік қайраткері, Білге қағанның кеңесшісі.

Асанқайғы

(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған.

Әз Жәнiбек

Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Ұрыс ханның шөбересі. 15 ғасырда өмір сүрген.

Абылай

(шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі.

Назарбаев Нұрсұлтан

(6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.



8. Айығып ой тұманнан, сана бұлттан,
Жазылды ескi жара жан ауыртқан.
Азаттық аясында қандай бақыт
Тәуелсiз тыныс алып, ауа жұтқан.
Берілген үзіндіде айтылған ойды 3-4 сөйлеммен талдап жаз. /3/
Ақынның «Бәйтерек» поэмасы Тәуелсіздіктің қымбат екенін, осы жолда қаншама саңылақтарымыздың топшысы қиылғандығын сипаттап, ұлтқа рух береді. Азаттықты берік ұстау бір адамның мойнына артылып қоятын жүк емес, ел болып жұмылып, балақтан тартпай қолтықтан демеуге шақырады.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет