9-сынып қазақ тілі пәні бойынша № 2 БЖБ 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты 9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда
мәтіндер құрастыру;
9.4.5.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану;
Бағалау критерийі
мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін жинақы мәтін құрастырады;
құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ережеге сай қолдану.
1-тапсырма. Берілген мәліметтерді негізге алып, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін жинақы мәтін құрастырыңдар.
Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті: 1.Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы
табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістен әкелуі мүмкін.
2.Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Олзат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы: адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент яғни бактерия жоқ.
Осыдан барып жер бетінде қоқыстар көбеюде.
3.Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынас ұзақ жылғы
тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оныбұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық
апаттарға алып келуі мүмкін. Осыған орай, табиғат
қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:
өндірісті,өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек;