9-сынып «Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар



бет1/4
Дата13.05.2022
өлшемі43,84 Kb.
#143086
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
КТЖ 9- с




9-сынып
«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.


Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын оқулыққа сай таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады.


Түсінік хат

«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:



  1. тыңдалым жәнеайтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларынсақтау.

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:

  1. қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;

  2. тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

  3. тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу және ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;

  4. тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.

ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет