9 сыныпқа арналған қазақ Әдебиеті пәнінен ожсб тестілері 1 нұска



Дата19.11.2016
өлшемі204,44 Kb.
#2021

testent.ru

9 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ОЖСБ ТЕСТІЛЕРІ

1 нұска


1. Махамбет ақынның өлеңін табыңыз.

A) «Керей қайда барасың».

B) «Қызғыш құс».

C) «Ғылым таппай, мақтанба».

D) «Жал – құйрығы қаба деп».

E) «Жанбота».



2. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы жарық көрді.

A) 1878 ж Орынборда.

B) 1875 ж Орынборда.

C) 1876 ж Орынборда.

D) 1879 ж Орынборда.

E) 1877 ж Орынборда.



3. Абай Құнанбаевтың шын есімін көрсетіңіз.

A) Ибраһим.

B) Абылай.

C) Сабалақ.

D) Мұхаммед-Қанапия.

E) Телғара.



4. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасының жазылған жылын көрсетіңіз.

A) 1897.


B) 1927.

C) 1917.


D) 1947.

E) 1937.



5. «Абай жолы» роман- эпопеясы неше кітаптан тұратынын көрсетіңіз.

A) Екі кітап.

B) Жеті кітап.

C) Төрт кітап.

D) Бес кітап.

E) Үш кітап.



6. «Ақ иық, мұз балақпын жерге түспес,

Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес» , - деген жолдардағы бейнелеуіш құралды көрсетіңіз.

A) Метонимия.

B) Эпитетті метафора.

C) Теңеу.

D) Әсірелеу.

E) Литота.



7. Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астана қаласына қай жылы әкелінгендігін көрсетіңіз.

A) 2002ж.

B) 2004 ж.

C) 2003 ж.

D) 2001 ж.

E) 2000 ж.



8. «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде... бейне бір өлең екен деп таңғаласың», - деп, шешендікке баға берген ғалымды көрсетіңіз.

A) А.В. Васильев.

B) З. Қабдолов.

C) М.О. Әуезов.

D) М.Қосымбаев.

E) В.В. Радлов.



9. Берілген жұмбақтың жауабын табыңыз.

Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем.

A) Аспан мен жер.

B) Бұлақ.

C) Жұлдыз.

D) Көлеңке.

E) Қауын.



10. Алпамыс батырдың әкесін атаңыз.

A) Құлтай.

B) Тайшық.

C) Сарыбай.

D) Ұлтан.

E) Байбөрі.



11. Ж.Аймауытовтың романдарын белгілеңіз.

A) «Абай жолы» , «Көксерек» .

B) «Қартқожа» , «Ақбілек».

C) «Қалқаман- Мамыр» , «Еңлік- Кебек» .

D) «Ақбөпе» , «Тулаған толқын» .

E) «Қарағанды» , «Боранды түнде» .



12. М.Әуезов «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянын қай жылы жазғанын белгілеңіз.

A) 1923 жылы.

B) 1932 жылы.

C) 1928 жылы.

D) 1941 жылы.

E) 1929 жылы.



13. Қ.Аманжоловтың поэмасын белгілеңіз.

A) «Сарыарқа» поэмасы.

B) «Асауға тұсау» поэмасы.

C) «Аласапыран» поэмасы.

D) «Бақыт жолында» позмасы.

E) «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы.



14. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасындағы аққуды атқан ананың қандай жағдайға ұшырағанын белгілеңіз.

A) Аққуды ата алмайды.

B) Қуанышқа бөленеді.

C) Баласы жазылады.

D) Ана қайғыдан жынданып кетеді.

E) Баласы өледі.



15. Ахмет ысырыла жол берген жұртты киіп-жарып балалардың алдына барды да, қалт бөгелді… Содан соң орнынан көтеріліп балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.

Үзіндінің авторын, атауын көрсетіңіз.

A) М.Мағауин, «Бір атаның балалары».

B) М. Мағауин, «Тазының өлімі».

C) С. Мұратбеков, «Бір атаның балалары».

D) Ә. Кекілбай, «Бір атаның балалары».

E) Ә. Кекілбай, «Шыңырау».


16. С.Мұратбековтың повесін көрсетіңіз.

A) Жусан исі.

B) Аласапран.

C) Қоңыр күз еді.

D) Сусамыр.

E) Бауыр.



17. Бұқар жыраудың өлеңін көрсетіңіз.

A) «Бөгенбай өліміне».

B) «Ер Доспамбет».

C) «Қырында киік жайлаған».

D) «Бірінші тілек тілеңіз».

E) «Бұл дүниенің мысалы».



18. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі сипатталатын жануарды көрсетіңіз.

A) Тазы ит.

B) Қасқыр.

C) Жылқы.

D) Түйе.

E) Бүркіт.



19. Ғ. Мүсіреповтің қай шығармасында, қай бөлімінде Айко деген есім кездесетінін табыңыз.

A) «Жапан балладасы», Көздің әңгімесінде.

B) «Жапан балладасы», Тастың әңгімесінде.

C) «Ананың анасы», Әйтілестің әңгімесінде.

D) «Жапан балладасы», Арқаның әңгімесінде.

E) «Ананың анасы», Әйелдің әңгімесінде.



20. Ал Ривера өзінің не үшін, кімдер үшін төбелесетінін терең түсінеді. Оның көз алдына бір сәт туған елінің аянышты тұрмысы, жанары ыза-кекке толы бейнесі ап-айқын елестеп кетті.

Шығарманың авторын, атауын және кейіпкердің қарсыласын көрсетіңіз.

A) Д. Лондон, «Мартин Иден», Денни.

B) Д. Лондон, «Мексика ұлы», Денни.

C) О. Генри, «Соңғы жапырақ», Джонси.

D) Д. Дефо, «Мексика ұлы», Денни.

E) Д. Дефо, «Мартин Иден», Даниель.



2 нұска


1. Ел аузында байлар мен сараңдарды күлкі етуші кейіпкерді көрсетіңіз.

A) Алдар Көсе.

B) Ер Төстік.

C) Шықбермес Шығайбай.

D) Ер Тарғын.

E) Қожанасыр.



2. Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Үзіндінің авторын табыңыз.

A) A.Құнанбаев.

B) Aқан сері.

C) A.Байтұрсынов.

D) Ы.Aлтынсарин.

E) М.Дулатов


3. «Жұмбақ жалау», «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз» шығармаларының авторын табыңыз.

A) Сәкен Сейфуллин.

B) Әбділда Тәжібаев.

C) Мұхтар Әуезов.

D) Сәбит Мұқанов.

E) Бейімбет Майлин.



4. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының неше кітаптан тұратынын көрсетіңіз.

A) Төрт.


B) Үш.

C) Екі.


D) Алты.

E) Бес.


5. Жамбылға батасын берген ақынды белгілеңіз.

A) Шалкиіз.

B) Сүйінбай.

C) Доспамбет.

D) Шөже.

E) Ақтамберді.



6. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

A) Метафора.

B) Кейіптеу.

C) Әсірелеу.

D) Теңеу.

E) Эпитет.



7. Ислам дәуіріндегі әдебиетке тән өлең үзіндісінің авторын көрсетіңіз.

Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

A) Қожа Ахмет Яссауи.

B) Жүсіп Баласағұни.

C) Махмұт Қашқари.

D) Әбу Насыр Әл-Фараби.

E) Рабғузи.



8. Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында дүниеге келетін батырды табыңыз.

A) Кендебай.

B) Аяз би.

C) Тазша бала.

D) Мергенбай.

E) Ер Төстік.



9. «Қобыланды батыр» жырындағы Қараман батырдың әкесінің атын көрсетіңіз.

A) Сейіл.

B) Сапар.

C) Сақып.

D) Сейіт.

E) Санжар.



10. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.

A) Тәуке хан

B) Абылай хан

C) Жолбарыс хан

D) Әбілқайыр хан

E) Жәңгір хан



11. Мағжанның махаббат лирикасында жазылған өлеңін көрсетіңіз.

A) «Бұлбұл».

B) «Тірілдім».

C) «Сағындым».

D) «Сен сұлу».

E) «Зар».



12. М.Әуезовтің пьесасын көрсетіңіз.

A) «Жетім».

B) «Қарақыпшақ Қобыланды».

C) «Қараш-Қараш оқиғасы».

D) «Абай жолы».

E) «Көксерек».



13. С. Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.

A) «Майға сәлем!».

B) «Кедей баласы».

C) «Балқаш».

D) «Сүт заводы».

E) «Шоқпыттың шаруасы».



14. Д.Исабековтің «Әпке»шығармасындағы Қамажайдың қызметін анықтаңыз.

A) Инженер.

B) Мұғалім.

C) Кондуктор.

D) Дәрігер.

E) Сауыншы.



15. Тұрар қай әңгіменің кейіпкері екенін белгілеңіз.

A) «Ғажайып планета».

B) «Қылау».

C) «Бір атаның балалары».

D) «Тұтқын бала».

E) «Жауынгердің тұлғасы».



16. Ш.Айтматовтың «Найман ана» әңгімесіндегі мәңгүрт болып кеткен жігіттің есімін көрсетіңіз.

A) Дөненбай.

B) Қатыран.

C) Жоламан.

D) Дөнентай.

E) Қалқаман.



17. Әмірің қатты Есім хан,

Бүлік салып бұйырдың, - деп ханға өктем сөйлейтін жырауды белгілеңіз.

A) Ақтамберді жырау.

B) Жиембет жырау.

C) Махамбет.

D) Шалкиіз жырау.

E) Үмбетей жырау.


18. Сұлтанмахмұттың 1917 жылы «Сарыарқа» газетінде қандай мақаласы жарияланғанын көрсетіңіз.

A) Әлиханның Семейге келуі.

B) Шәкірттерге.

C) Алаш ұраны.

D) Анау-мынау.

E) Кім кінәлі?



19. Ар-ұят, адамгершілік мәселелері сөз болатын Абайдың қарасөздерін табыңыз.

A) «Бесінші», «Он сегізінші», «Он бірінші».

B) «Алтыншы», «Он тоғызыншы», «Он бесінші».

C) «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші».

D) «Отыз бірінші», «Сегізінші», «Бірінші».

E) «Он алтыншы», «Сегізінші», «Жиырма бірінші».



20. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасында Ақсақ Темірдің бәрінен артық санайтын қаласының атын табыңыз.

A) Шираз.

B) Самарқан.

C) Мысыр.

D) Рим.

E) Бағдат.






3 нұска


1. Махамбеттің өлеңін көрсетіңіз.

A) «Қол – аяғың бұғауда».

B) «Жауынды күні көп жүрме».

C) «Дүтбайға».

D) «Ұлы арман».

E) «Мадақ».



2. Балғожа бидің немересін табыңыз.

A) Шоқан.

B) Ыбырай.

C) Сәкен.

D) Мағжан.

E) Абай.



3. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.

A) «Жасымда ғылым бар деп...»

B) «Интернатта оқып жүр».

C) «Қалың елім, қазағым...»

D) «Ғылым таппай мақтанба».

E) «Әсемпаз болма әрнеге».



4. «Абай жолы» эпопеясындағы басты кейіпкерді белгілеңіз.

A) Құлыншақ.

B) Абай.

C) Құнанбай.

D) Сүйіндік.

E) Ербол.



5. Ж.Жабаевтың сатиралық өлеңге жататын шығармасын көрсетіңіз.

A) «Жылқышы».

B) «Өстепкеде».

C) «Мөңке туралы».

D) «Менің пірім - Сүйінбай».

E) «Әділдік керек халыққа».



6. «Ақ иық, мұз балақпын жерге түспес,

Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес» , - деген жолдардағы бейнелеуіш құралды көрсетіңіз.

A) Теңеу.

B) Әсірелеу.

C) Метонимия.

D) Литота.

E) Эпитетті метафора.



7. «Түркі сөздерінің жинағы» кітабының авторын табыңыз.

A) Қашқари.

B) Фирдоуси.

C) Баласағұни.

D) Рабғузи.

E) Йасауи.



8. «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің мінген жүйрік атын анықтаңыз.

A) Қара қасқа.

B) Байшұбар.

C) Бозінген.

D) Шалқұйрық.

E) Тайбурыл.



9. Берілген жұмбақтың жауабын табыңыз.

Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем.

A) Көлеңке.

B) Жұлдыз.

C) Аспан мен жер.

D) Бұлақ.

E) Қауын.



10. «Қобыланды батыр» жырындағы Қараман батырдың әкесінің атын көрсетіңіз.

A) Сақып.

B) Сейіт.

C) Сапар.

D) Санжар.

E) Сейіл.



11. Шәкәрім қай шығарманы аударғанын анықтаңыз.

A) «Обломов».

B) «Дубровский».

C) «Ревизор».

D) «Асауға тұсау».

E) «Евгений Онегин».



12. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан...», - деген пікірдің авторын көрсетіңіз.

A) С.Торайғыров.

B) Б.Майлин.

C) М.Әуезов.

D) М.Жұмабаев.

E) А.Байтұрсынов.



13. М.Әуезовтің жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын шығармасын табыңыз.

A) «Қараш-қараш оқиғасы».

B) «Түнгі сарын».

C) «Өскен өркен».

D) «Қилы заман».

E) «Абай жолы».



14. Д.Исабековтің бауырларының болашағы үшін өз басының бақытын ойламаған, қазақ қызының биік адамгершілік сезімін ту еткен туындысын табыңыз.

A) «Әпке».

B) «Гаухар тас».

C) «Мұрагерлер».

D) «Ескерткіш».

E) «Дермене».



15. С.Мұратбековтің шығармасын неге «Жусан иісі» деп атағанын көрсетіңіз.

A) Жусан- даланың қасиетті шөбі.

B) Балалық шақты еске алу үшін.

C) Жусан иісі туған жерін еске түсіргендіктен.

D) Ауыл туралы әңгімелегендіктен.

E) Жусан иісі соғысқа кеткен әкесінің иісін есіне түсіргендіктен.



16. Р.Гамзатовтың «Ана тілі» өлеңінде қабір басына барған адамдардың сөйлескен тілін көрсетіңіз.

A) Дағыстан тілі.

B) Авар тілі.

C) Орыс тілі.

D) Якут тілі.

E) Қырғыз тілі.



17. Бұқар жыраудың өлеңін көрсетіңіз.

A) «Ер Доспамбет».

B) «Бөгенбай өліміне».

C) «Бұл дүниенің мысалы».

D) «Қырында киік жайлаған».

E) «Бірінші тілек тілеңіз».



18. Абайдың қай өлеңінде теңеу мен эпитеттің көп кездесетінін анықтаңыз.

A) «Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ».

B) «Қыс».

C) «Қар-аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл».

D) «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ».

E) «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы».



19. Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай...

Үзіндінің авторын табыңыз.

A) М.Қаратаев.

B) Х.Сүйіншәлиев.

C) М.Әуезов.

D) З.Қабдолов.

E) Е. Ысмаилов.


20. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасында Ақсақ Темірдің бәрінен артық санайтын қаласының атын табыңыз.

A) Рим.


B) Мысыр.

C) Самарқан.

D) Шираз.

E) Бағдат.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет