9-сыныпқа арналған «Қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
|
Қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу
Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін түсіндіреді
Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жоғарғы деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
Суретте көрсетілгендей оқушы динамометрдің көмегімен қол бұлшықеттерінің күшке төзімділігін зерттейді. Оның қанша уақыт қысып және босата алатындығын білу үшін уақытпен өлшейді. Оқушының бұлшықеттерінде қажуды тудыратын белгілі бір зат түзіледі. Бұлшықеттердің күшке төзімділігін тежейтін затты анықтаңыз.
Г люкоза
Сүт қышқылы
Оттегі
Су
Төменде атлеттің жаттығу жасап жатқан кезі көрсетілген.
А тлет осы жаттығуды орындау кезінде қол бұлшықеттерінің қалай жұмыс жасайтынын сипаттаңыз.
Оқушылар бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеді. Зерттеу барысында оқушылар салмағы 2 кг жүкті 0,5 метр биіктікке көтерді. Жүкті көтеру арасындағы (тынығу) үзілістер 4 сек, 2 сек және үздіксіз болды. Деректер кестеде берілген.
F = 1 кг = 9,8 H болған жағдайдағы күш – килограмды есептеңіз.
|
A=F*S*n формуласы бойынша S=0.5 метр болғандағы әр жиіліктегі жұмысты есептеңіз.
Жиілік
|
F – килограмм-күш, Н
|
n – жүкті көтеру саны
|
A – жұмыс, Дж
|
Баяу
|
|
22
|
|
Орташа
|
|
15
|
|
Жылдам
|
|
12
|
|
Бұлшықеттің жүкті көтеру саны жиілік баяу болғанда екі еседей жоғары болу себебін түсіндіріңіз.
Бұлшықеттің динамикалық жұмысқа төзімділігі ішкі мүшелердің жұмысына, жұмыс сипатына және қарқынына байланысты. Графикте қол бұлшықетінің жас өскен сайын төзімділік өзгерісі берілген.
Графиктегі көрсеткіштердің өзгерісін түсіндіріп, қорытынды жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |