Түсінік хат. 9 – сыныпқа арналған тақырыптық- күнтізбелік жоспарды жасау үшін:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж.№ 500 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 бұйрығы;
"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы ( Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 96 бұйрығы);
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194) бұйрықтары басшылыққа алынды.
Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынған «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты, 2023-2024 оқу жылын ұйымдастыру туралы 1\09-2023 жылғы №2-7/4739 хаты негізінде шыққан Сырым аудандық білім беру бөлімінің №250 бұйрығы, 2023 жылғы 29 тамыздағы «Абай «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ №1 педагогикалық кеңесінің шешімдері де қатерге алынды.
«Физика» пәнін оқыту мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүниетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
9 - сыныптарға арналған «Физика» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы 4 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс және 7 бөлім бойынша жиынтық бақылаудан тұрады.
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны