Қайталама нарық – бұрын шығарылған құнды қағаздарды қайта сату-сатып алу қатынастары орын алатын нарық. Мұндай нарықта көбінесе облигациялардың нарықтық (курстық) бағасы анықталады. Облигацияның курстық бағасы мына формуламен анықталады:
В = a / i
мұнда, В – облигация курсы; а – облигациялар бойынша табыстың тіркелген сомасы; i – пайыздың ағымдық қойылымы.
Алайда, макроэкономикада ақша нарығында тепе-теңдікті де ұмытпағанымыз жөн. Кейбір отандық әдебиет көздерінде ақша нарығы мен облигациялар нарығы өзара бір-бірімен байланысқан «сыбайлас тамыр жүйесі» секілді деп сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |