Ақша ұсынысы (Мs) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын M1 ақша агрегаты деп қарастыруға болады:
Мs = C + D.
Екінші деңгейлі банктер депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған бөлігін несиелер түрінде қарыз беру үшін және активті операциялар жүргізу үшін пайдаланады. Басқа қаржылық институттарға қарағанда, банктер ақша ұсынысын өсіре алады. Ақша ұсынысын өсіру банктік немесе несиелік (депозиттік) мультипликаторын іске қосу арқылы жүзеге асырылады. Банктік мультипликатор – екінші деңгейлі банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі.
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозиттің пайда болуы нәтижесінде туындайды:
Достарыңызбен бөлісу: |