Ақшаға алыпсатарлық сұраныс пайыздық қойылымға тәуелді және оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады (6.1 ә-сурет).
Кейнс теориясы бойынша ақшаға жиынтық сұраныс екі өзгермелі функцияны көрсетеді:
а) табыс;
ә) пайыздық қойылым.
Мd = М (Y, r)
Классикалық теория ақшаға сұранысты нақты табыспен байланыстырса, кейнстік теория ақшаға сұраныстың негізгі факторы ретінде пайыздық қойылымды алға тартады.